1240_leumettanu_1171_a_kirispe.pptx
- Количество слайдов: 16
Қазақстан Республикасының білім және Ғылым министрлігі. С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті. Кафедра: Әлеуметтану, Саясаттану, Философия және Қазақстан тарихы. Тақырыбы; Әлеуметтану пәніне кіріспе. Орындаған: Абдикеримова А. Қабылдаған : Батырқызы Толғанай Факультет: Қоғамдық денсаулық сақтау. Курс: II Группа: 001 Алматы 2009
Жоспар: 1. Кіріспе. 2. Негізгі бөлім: қызметтері Әлеуметтану пәні Әлеуметтанудың Зерттеу әдістері Өзге ғылымдармен қатынасы 3. Қорытынды. 4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Әлеуметтануға кіріспе Әлеуметтану – қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын әлеуметтік құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу обьектісі – социум деп аталатын әлеуметтік шындық. Социология деген атауы латын, грек сөздерінен құралған: «societos» - латын тілінде қоғам , «logos» - грекше ілім , ұғым деген сөз. Социология қоғамды тұтас қарастырмайды, тек сол қоғамның әлеуметтік өмірін ғана зерттейді.
Әлеуметтану пәні Әлеуметтану – қоғам, қоғамның дамуы және оның заңдылықтары туралы ғылым. Негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт. XIX ғасырдың II жартысында жеке ғылым ретінде қалыптасты. Әлеуметтану пәні дегеніміз – қоғам мен адам арасындағы байланыстардың құпия қыр – сырлары, қажеттіліктері, көрініс беруі мен өзгеріске ұшырауының себеп – салдары.
Социология пәнін анықтаудағы түрлі пікірлер. А. А. Радугин ; Социология – әлеуметтік біртұтас жүйе деп қаралатын қоғам туралы, осы жүйенің өзінің құрамдас бөлшектері: жеке адам, әлеуметтік бірлестіктер, институттар арқылы атқаратын қызметі мен дамуы туралы ғылым. Нейл Смезлер; “Социология қоғамды және әлеуметтік қатынастарды зерттеу ғылымы” деген. Оның пікірінше , социология адамдарды танып білу, зерттеудің бір тәсілі, ол адамдардың міңез – құлқын, олардың жүріс – тұрысын анықтауға тырысады.
Социологиялық ойдың даму кезеңдері Ежелгі тарихи кезең. (Ежелгі дүниенің орта ғасыр, жаңа заманның әлеуметтік ойлары. ) Ерте және кейіңгі классикалық кезең. Қазіргі социологиялық кезең. ( II – дүнме жүзілік соғыстан қазіргі уақытқа дейін. )
Танымдық қызмет: ол әлеуметтік құрылымды талдау негізінде жасалады. Ол болжам ұзақ мерзімдік және ағымдық сипатта болады. Тәжірибелік қызмет: қоғамдағы құбылыстар мен процестерді теориялық негізде талдайды. Қоғамдағы проблеманы шешуге ұсыныстар әзірлейді. Әлеуметтанудың қызметтері Идеологиялық қызмет: белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси партияның қоғамдық қозғалыстардың мүдделерін білдіреді. Әлеуметтік сыншыл қызмет: тұлғаның дүниеге баға беру көзқарасымен байланысты
Социология ғылымының құрамдас бөлімдері; Жалпы теориялық социология. Біртұтас социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға бағытталған макросоциологиялы қ зерттеу болып табылады. Жалпылығы орташа социология. Әлеуметтік жүйенің жекелеген құрамдас бөлімдерінің әрекет етуі мен өзара байланысының заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Микросоциология. Ол жекелеген адамдардың қимылы мен өзара қарым – қатынасын, міңез – құлқын бақылау арқылы әлеумттік құбылыстар мен процесстерді зерттейді.
Әлеуметтік заңдарды түрліше белгілері бойынша классификациялауға болады. Жалпылығы жағынан Жалпы заттар Қоғам дамуын , біртұтас әлеуметтік жүйе дамуын анықтайды. Ерекше заттар. Әлеуметтік жүйенің жекелеген элементтерін , сипаттайды
Көрініс беру ерекшеліктеріне қарай ; Динамикалық заңдар. Нақты жағдайда өз ретімен болатын оқиғалар арасындағы бір мәнді, қатаң байланысты көрсетеді, олардың бағыты мен факторларын анықтап береді. Статистикалық заңдар. Әлеуметтік құбылыстарды қатаң қажеттілік түрде айқындамай, белгілі бір ықтималдылықта жол береді, сөйтіп әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағытын көрсетеді.
Социологиялық зерттеудің мақсаты қоғамның пікір қалыптастыру. Қоғамдық проблеманы шешуде белгілі бір теорияны ұсыныстарды дайындау. Социологиялық зерттеулер үш деңгейге бөлінеді: * Жалпы социологиялық теория * Арнайы социологиялық теория * Нақты социологиялық теория
Социологиялық зерттеу Социолог иялық сауалнам а Телефон дық сауална ма Зерттеу әдістері: Экспери м-ент Анкета Интервь ю Бақыла у
Социологияның өзге ғылымдармен қатынасы. Социология мен әлеуметтік философия өзара тығыз байланысты - екеуі де қоғамды жуйелі де тұтас әлеуметтік организм түрінде қарастырады. Бірақ әлеуметтік философия қоғамды бүкіл дуние ғаламның ерекше, құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны категориялар мен заңдардың көмегімен түсіндіреді. Экономикалық және басқа қоғамдық ғылымдар да қоғамның жеке салаларын зерттейді. Ал социология қоғамды біртұтас әлеуметтік система деп қарайды. Экономикалық ғылым материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қатынастарын зерттейді. Ал бұлардың өзтерісі әлеуметтік процестерге әсер етеді.
Социология мен тарих өзара бір – біріне әсерін тигізеді. Социологиялық қорытындылар тарихи тәжірибеге сүйенеді. Социологиялық зерттеулер тарихшыларға тарихи процестерді терең талдауға көмектеседі. Социология мен политология тығыз байланысты, себебі әлеуметтік қауымдастықтар, ұйымдар социологияның субьектісі және обьектісі болып табылады.
Қорытынды Социология – Қоғамның құрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы және сол заңдылықтардың адамдар мен олардың бірлестіктерінің және тұтас қоғамның өмірі мен өзара қарым – қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары мен әдістері жайлы ғылым
Пайдаланылған әдебиеттер «Социология» профессор Ә. Х. Тұрғынбаев Алматы 2005. 2. «Социология» Р. Әбсаттаров М. Дәкенов Алматы 2007 1.
1240_leumettanu_1171_a_kirispe.pptx