1170_ylymi_pedagogikaly_1179_zertteu_apparatyny_1187_mazm_1201_ny10_apta.pptx
- Количество слайдов: 8
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ АППАРАТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ Орындаған: Халилова У Тобы: ЕП-13 -10 к 2 Қабылдаған: Сауытов Е. Б. Шымкент 2015
Жастарды кәсіби оқытудың жан-жақты аспектілері үздіксіз білім беру бағытына лайық қарастырылды. Осыған байланысты бағдарламалар жасалынып, жалпы білім беретін мектептерге ендірілді. Бұл жағдай мектепте оқыту мазмұнында бірінші рет болғандықтан оқушыларды мамандыққа дайындау Біріншіден: бітірушілердің мамандық таңдауда жан-жақты ойлануы; Екіншіден: алғашқы мамандық разрядына сәйкес келетін арнайы білім, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру мәселелері; Үшіншіден: ұлдар мен қыз балаларының жеке басының идеялық, өнегелік және азаматтық сапаларын қалыптастыруды қамтамасыз етуді талап етеді. Сонымен қатар, мұндағы аса маңызды мәселелердің бірі оқушыларда мамандыққа сүйіспеншілікті дамыту болып табылады.
Зерттеу нысаны – жастардың мамандыққа дайындығы. Зерттеу пәні – жалпы білім беретін мектеп оқушыларын мамандыққа даярлаудың мазмұны, формасы әдістері және дидактикалық құралдары. Зерттеу мақсаты – оқушыларды мамандыққа оқытудың ғылыми әдістемелік негіздерін дайындау.
Кәсіби оқыту бағдарламасы мазмұнын түзу және оны эксперименттік тексеру Кәсіби оқытудың тиімді дидактикалық құралдарын, формасын, әдістерін анықтау Кәсіби оқытудың дидактикалық негіздерін дайындау Зерттеу міндеттері Өндіріс салаларында ғылым мен жаңа технологиялардың қарқынды енуін , олардың кәсіби дайындық мазмұнына қоятын талаптарын анықтау Оқушыларды кәсіпке баулу мазмұнындағы бірыңғай кәсіби деңгейді анықтаушы талаптарды саралау
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасы “Білім заңы”; Оқыту мазмұны бойынша тұжырымдамалар; оқулықтар теориясы; білім философиясы; психологиялық, педагогикалық еңбектер мен ғылыми зерттеулер. Зерттеу әдістері. Теориялық әдістер-педагогикалық үдерістер жөніндегі ғылыми білімдер жүйесіне, диссертациялық зерттеулерге талдаулар; оқыту үдерісіндегі оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны, олардың оқыту үдерісінің тиімділігін арттырудағы мәні, міндеттері, оқыту үдерісін ұйымдастырудағы оқу-әдістемелік кешендерін түзудің дидактикалық шарттары, осының негізінде оқыту үдерісін басқару логикасы. Эмпирикалық әдістер – жалпы білім беретін және жоғары білім беретін мектептердің нормативтік құжаттарымен танысу, зерделеу, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары, оқытушылардың, мұғалімдердің сабақ жоспарларын және білімгерлердің педагогикалық іс-тәжірибелік құжаттарын зерделеу, мұғалімдермен білімгерлердің жүргізген оқыту үдерісін бақылау және талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы кәсіби оқытудың ғылыми негіздерін және мазмұнын түзу; жұмысшы кәсібін меңгерудің тиімді формаларын, әдістерін және оқытудың дидактикалық құралдарын түзу. Зерттеудің практикалық маңызы оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнын дайындау; “Кәсіби оқытудың мазмұны, формалары мен әдістемесі” – әдістемелік оқу құралы”; “Оқушылардың кәсіби дайындығының дидактикалық негіздері” монографиясын дайындау.
Зерттеу кезеңдері 1 кезең – кәсіби оқытудың методологиялық, педагогикалық кезеңі. Психололгиялық, әлеуметтік кезеңдерін теориялық тұрғыдан дайындау; -кәсіпке оқытудың болашағы жөнінде жарияланған еңбектер бойынша эмпирикалық мәліметтерді жинақтау; -кәсіпке оқыту бойынша, мектепте кәсіби білім беру мектептерінің тәжірибелеріне талдау жасау; -кәсіби оқыту бағдарламасын түзу және оны тәжірибеден өткізу ( VIII-IX сынып) 2 кезең – өндірісте, КТУ, жағдайындағы кәсіпке баулудың әлеуметтікпедагогикалық және техникалық әдебиеттерімен танысу; -X-XII сыныпқа арналған кәсіби баулу бағдарламасын тәжірибеден өткізу. -бағдарлама мазмұнындағы кәсіби сапалық маңызды саналатын элементтерін анықтау. 3 кезең – зерттеу нәтижелерін қорытындылау, оларға талдау жасау, кәсіби дайындық мазмұнын арттыру мәселелерін анықтау; -кәсіби оқытудың дидактикалық негіздерін дайындау.
ӘДЕБИЕТТЕР: Пошаев Д. Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері. Бектаев К. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Кыверялег А. А. Методы исследования в профессиональной педагогике.
1170_ylymi_pedagogikaly_1179_zertteu_apparatyny_1187_mazm_1201_ny10_apta.pptx