Айгул слайд диплом.pptx
- Количество слайдов: 8
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті Электро магниттік құбылыстардың оқытудың инновациялық әдістемесі 5 В 011000 -Физика мамандығы бойынша ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ Білімгер: Жайғожа А. А Ғылыми жетекші: профессор Құдайқұлов М. Ә Кафедра меңгерушісі: Тасболад Е. Б Алматы 2016
Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өзінің мазмұнында деректерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, модельдерді, іргелі тәжірибелерді, физика әдістерін және т. б. қамти отырып, адам қызметінің түрлі саласында кеңінен қолданыс табатын түсініктер, ойлау жүйесі мен практикалық қызметі үшін тиімді тәсілдер қоры жинақталады. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми дүниетанымды және көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басым мақсаттарына жатады.
Жаратылыстану-математикалық бағытта оқитын оқушылар болашақта нақты ғылымды игеруге бағдарланған мамандық алуды жоспарлайды және олар ҰБТ түріндегі мемлекеттік (қорытынды) аттестациялаудан өтеді. Электро магнитік құбылыстарыдң ішінен мектеп физикасының магнит өрісін қостым. Қозғалмайтын электр зарядтары электр өрiсiн туғызады, қозғалатын зарядтар басқа өрiс – магнит өрiсiн туғызады. Бұған иiлмелi өткiзгiшмен жасалған тәжiрибеден көз жеткiзуге болады. Егер екi параллель өткiзгiштер бойымен бiр бағытта ток өтсе, өткiзгiштер бiрiне тартылады, ал егер ток бағыттары қарама-қарсы болса, онда өткiзгiштер бiр-бiрiнен тебiле бастайды. Ток өтетiн өткiзгiштер арасындағы пайда болатын әсер магниттiк әсер деп аталады. Бұл жағдайда өткiзгiштердiң бiр-бiрiне әсер ететiн күштерiн магниттiк күштер деп атайды. Электромагниттiк өрiстiң байқалуының бiр түрiн магнит өрiсi деп атайды. Оның ерекшелiгi болып, ол өрiс тек қана электр заряды бар қозғалыстағы бөлшектер мен денелерге, сонымен қатар қозғалатын не қозғалмайтындығына байланыссыз магниттелген денелерге әсер ететiндiгi табылады
Магнит индукциясы векторының бағыты ретiнде ток әсерiнен туған кейбiр магнит өрiсiнде еркiн қозғала алатын магнит тiлшесiнiң оңтүстiк S полюсiнен солтүстiк N полюсiне бағыты алынған. Бұл бағыт тогы бар тұйық контурға түсiрiлген оң нормаль бағытымен сәйкес келедi. Оң нормаль бағыты тұйық контурдағы токтың бағыты бойынша айналғандағы оң кесiлген бұранда ұшының iлгерiлемелi қозғалысымен сәйкес келедi. Тогы бар түзу сызықты өткiзгiштiң магнит тiлшесi жазықтығы өткiзгiшке перпендикуляр, ал центрi өткiзгiш өсiнде жатқан шеңбердiң жанамасы бойынша орналасады. Магнит индукциясы векторының бағытын Максвелл ережесi (бұранда ережесi) бойынша анықтайды. СИ жүйесiнде Магнит индукциясының бiрлiгi ретiнде бiр тесла (1 Тл) – ұзындығы 1 м өткiзгiш бөлiгiне 1 А ток күшi болғанда өрiс тарапынан Fmax = 1 H максималды күш әсер ететiн бiртектi өрiстiң магнит индукциясы қабылданған.
Тұрақты магнит орналасқан қағаз бетiне темiр ұнтақтарын сеуiп, магнит индукциясы сызықтарының толық сутеттер көрiнiсiн көзбе-көз көруге болады. Магнит индукциясының сызықтары әрқашан да тұйық және өрiс туғызатын тогы бар өткiзгiштердi қамтиды. Магнит индукциясы сызықтарының тұйықтығы табиғаттағы еркiн магнит зарядтарының бар болуының дәлелденбегендiгiмен түсiндiрiледi. Тұйық күштiк сызықтары бар өрiстердi құйынды өрiстер деп атайды. Магнит өрiсi құйынды өрiс болып табылады.
Лоренц күшiнiң бағыты сол қол ережесi бойынша анықталады егер сол қолды заряд жылдамдығына перпендикуляр магнит индукциясының құраушысы алақанға кiретiндей етiп, ал төрт шығыңқы саусақ оң заряд қозғалысының бағытына нұсқайтындай етiп орналастырса, онда 90 o-қа иiлген үлкен саусақ зарядқа әсер ететiн F Лоренц күшiнiң бағытын көрсетедi. мұндағы q – бөлшек заряды, ν – олардың қалыптасқан қозғалысының жылдамдығы, – магнит индукциясы векторының модулi, α - жылдамдық векторы мен магнит индукциясы векторының арасындағы бұрыш.
Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит ағыны тарапынан әсер ететiн күштi Лоренц күшi деп атайды. Магнит өрiсiнде қозғалатын электрондардың бастапқы бағытынан ауытқуына әкелiп соғатын Лоренц күшi, табиғаттың көптеген құбылыстарында кездеседi. Мысалы, «полярлық шұғыла» құбылысы.
Қорытынды Дипломдық жұмыс «Электро магниттік құбылыстардың оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбына дайындалған. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. «Электрмагнетизм» тақырыбын жалпы физика курсында оқытудың кейбір ғылыми - әдістемелік мәселелері келтірілген. Мұнда тұрақты токтың магнит өрісі, токтардың өзара әсері, магниттік индукция векторының ағыны, магнит өрісіндегі токқа әсер етуші күш, Ампер заңы және т. б. тақырыптар жанжақты баяндалып қарастырылған. Осы тарауда «Магнит өрісі: магнит өрісінің қозғалыстағы зарядтарға және тоқтарға әсері» тақырыптары қарастырылған. Сонымен қатар, «Электрмагнетизм» тақырыбын оқыпүйренуге арналған зертханалық жұмыстар келтірілген. Осы тарулардың материялдарын физика сабақтарында түсіндіргенде әртүрлі демонстрациялық тәсілдер көрсетілді , техникалық құралдар пайдаланып , техникалық мазмұнды лабараториялық жұмыстар орындалып , есептер шығарылып , техникалық қондырғылармен таныстырылды . Бұл біздің жұмысымыздың инновациялық жүйесін білдіреді.
Айгул слайд диплом.pptx