
САЯ.pptx
- Количество слайдов: 10
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ Тақырып: Қазақстандағы саяси партиялар Орындаған: Бидайбек А. Тобы: АЖ-01 -15 Қабылдаған: Жүзбаев Е.
Алаш партиясы. «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды» .
Үш жүз партиясы. Қазақ «Үш жүз» социалистік партиясы ұсақ буржуазиялық сарындағы ұлттық саяси ұйым еді. Партия большевиктерге ниеттес бағыт ұстап, «Алаш» партиясына Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша негізгі қарсылас болды. Партияның негізін 1917 жылы 17 қарашада Мұқан Айтпенов қалады.
Нұр Отан партиясы • Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСПның 10 -съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.
Ақжол партиясы. • Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды. Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан. Негізгі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік. Қазақстан Республикасының 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Заңына сәйкес 2002 жылы 12 желтоқсанда Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті.
Қазақстанның Коммунистік партиясы • Қазақстан коммунистік халық партия (ҚКХП) — Қазақстандағы саяси партия. Орталық Комитетінің Хатшылары: Косарев Владислав Борисович, Кенжин Тулеш Аукебаевич және Ахметбеков Жамбыл Аужанович. 2004 жылдың 21 маусымында партия мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеу күнінде партияда 90 000 мүше болды. 2004 жылғы Мәжіліске сайлау қорытындысы бойынша Партия 1, 98 % дауыс жинады. 2007 жылы мәжіліске сайлауда партия 1, 29 % дауыс жинап, Парламентке өте алмады.
Руханият партиясы • Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 000 адамды құрайды. Партияның әлеуметтік негізі - білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларының қызметкерлері, кәсіпкерлер, студенттер және т. б. Өзінің басты міндеттері экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, адамгершілігі жоғары және рухани бай қоғамды дамыту деп есептейді. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0. 37% дауыс алып, Парламентке өтпеді.
Ауыл партиясы • Партия Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын жеделдетуге, қоғамды демократияландыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру, әлеуметтік әділеттілікті орнату, нарықтық экономиканы қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы өндірісінің басым бағыттарын дамытуға ықпал ету міндеттерін алға қойған. ҚРның 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған “Саяси партиялар туралы” Заңына сәйкес 2003 жылы 2 сәуірде ҚР-ның Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті. Партия қатарында 80 мыңнан астам мүшесі бар (2003).
Әділет партиясы • • • «Әділет» демократиялық партиясы Партия төрағасы: Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы. Партия 2004 жылы 14 маусымда тіркелген. Партия құрамы 125 000 адамнан тұрады2005 жылы Қазақстан Демократиялық партиясы Партия “Сотқа алқа билерді енгізу туралы”, “Мұғалімнің мәртебесі туралы”, “Студенттің мәртебесі туралы” заңдардың балама жобаларын әзірледі. Ұсынылған әрбір құжат сол не басқа әлеуметтік топтарға қолдау көрсетуге бағытталған, дегенмен де Қазақстан Демократиялық партиясының ең басты заң жобасы кәсіби құқықты қадағалауға және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық кеңістігін сапалы жақсартуға толық көлемде кепілдік беруге мүмкіндік берді.
Азат партиясы • • • АЗАТ» - орташа таптың партиясы. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет пен ашық қоғам құру. Тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық, еркін Қазақстан құру үшін азаматтардың күш-жігерін шоғырландыру. 2007 жылғы 23 маусымда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның III съезінде Жалпыұлттық социалдемократиялық партияға қосылу туралы шешім қабылданды. 2007 жылғы 20 қазанда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП -ның IV съезінде «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның III съезінде бұрын қабылданған ЖСДП-ға қосылу туралы қаулысының күшін жою туралы шешім қабылданды. 2008 жылғы 29 ақпанда IV съездің екінші отырысында «Нағыз АҚ ЖОЛ» партиясын «АЗАТ» ҚДП деп қайта атау туралы шешім қабылданды, осы атаумен ол 2008 жылғы 11 сәуірде қайта тіркелді.
САЯ.pptx