Membranaly_nasos.pptx
- Количество слайдов: 13
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті Факультет: техникалық Кафедра: химиялық технология ТИПТІК ЖҰМЫС Тақырыбы : Мембраналы насос Орындаған: Абилькаир Л. Е. Тексерген : Бекетова Г. Қ. 2015 ж
Мазмұны: Кіріспе Негізгі аппараттың сипаттамасы Негізгі аппараттың өнеркәсіпте қолдану аймағы Насостың жұмыс істеу принципі Құрылыстың артықшылығы мен кемшіліктері Негізгі аппараттың технологиялық схемасы Негізгі аппараттың есебі Қауіпсіздік ережелері Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Қазіргі замандағы ғылым мен технологиядағы жаңа ашылулар, материалдың жаңа түрі немесе технологиясы болған жағдайда да, қолданыстағы жабдықтарды жетілдіруге немесе жаңа білімге негізделген технологияларды қолданыстағы өнеркәсіпке енгізуді жүзеге асырады. Мұндай жағдай насос жабдықтар саласында да болады. Насостық қондырғылардың қарапайым құрылысы негізінен баяғы заманнан бері адамдардың жер суаруы үшін қолданылды. Қазіргі уақытта насостар адамзат әрекеттерінің барлық аумақтарында кеңінен қолданылады. Насостар жылыту электростанцияларында пайдаланылады. насостар қызметіне байланысты екі негізгі топқа бөлінеді: динамикалық және көлемдік. Динамикалыққа сорғылық агрегаттар жатады, мұнда сұйықтық гидродинамикалық күштің ықпалымен камераға орын ауыстырады. Көлемдікте – жұмыс ортасының орын ауыстыруы насостық камераны көлемінің периодты түрде өзгерген кезде сыртқы қысым әсерінен жүзеге асады.
Негізгі аппараттың сипаттамасы Мембраналы насоспоршені көп жағдайда иілгіш резеңкелі тілімшемен диафрагмамен немесе мембранамен алмастырылған, цилиндр фланеці кернеуінен қысылған, ал ортасы ось бойында иінтірек механизм арқылы ілгерілі қайтымды қозғалысты насос.
Механикалық Гидравликалық Жетек типі бойын ша: Пневматикалық Электрлік
Орналастыру әдісіне байланысты келесі мембраналық насостарды классификациялайды: Өзін астарлайтын Шығанақ астында жұмыс жасайтын Батырылған Алюминийлі Болатты Корпус материалына байланысты: Пластмассалы
Мембраналық насос құрылысы Айдау процесін қастамасыз ететін кез келген көлемдік насос секілді, мембраналық насоста да жұмыс камерасы бар. Оның көлемі жылжымалы мембрана мен қозғалмайтын корпус арасында жүреді. Сұйықтардың ағып кетпеуі үшін, жұмыс камерасының кіріс және шығыс клапандары кері клапандармен жабылған. Дифрагма корпуспен тығыз біріктірілген, жапсырма беттердің болмауын және сұйықтың ағып кетіуін болдырмайды. Бұл насостың жоғары герметикалығын қамтамасыз етеді. Жұмыс камерасынан ағып кету тек корпус немесе жапсар арасында, және бүтін мембрананың бұзылуы кезінде болуы мүмкін
Шыны және шыны талшықты. Оптикалық линзалар үшін жылтыратын пастаны айдау Лак және бояу жасау өнеркәсібі: бояу, шыныцемент, еріткіш, бояғыш зат, қоспалар, шайыр, абсорбенттер т. б. Целлюлоза- қағаз өнеркәсібі: төсеме бояу, шпатлевкалар, ағынды сулар, ағаш үшін антисептикалар мен лактар, желім, ламинаттың желімдік компоненттері. Кеме жасауда: трюмді (кеменің қозғалтқыш тұратын және жүк қоятын астыңғы бөлімі), түпті (кеменің түбі), су асты жұмыстары үшін кессонды (су астында жұмыс істеуге арналған су өтпейтін камера) кептіруде Негізгі аппараттың өнеркәсіпте қолдану аймағы Авиация өнеркәсібі: боялған камералардан ағындарды айдау, өндірістік қалдықтар. Металлургиялық өнеркәсіпте: құмды-сазды қалыпқа құю үшін қоспалар, механикалық өңдеудің станоктары үшін қажет майларды алуда Гальванотөселу. Сыртқы өндіру: қышқылдар мен сілтілік қоспаларды айдау мен сүзгілеу, қатты ластанған ағынды суларды айдау
Негізгі аппараттың технологиялық схемасы плунжерлі тетікті мембраналық насос
Насостың жұмыс істеу принципі Сору сатысы Газ шығарылуы Сұйық сорылуы Айдау сатысы Газ айдау Сұйықты айдау
Кемшіліктері: Артықшылықтары: Әртүрлі сұйықтықтарды Қысымның беріске айдау мүмкіншілігі мардымсыз тәуелділігі Құрғақ соруға қабілеттілігі, су Едәуір жоғары құбырын 8 мге дейін өздік қысымға жету соруы мүмкіншілігі ПӘК(Пайдалы әсер Өте сенімді, қарапайым және Келте құбырдың(патрубки) коэффициенті) Жұқа ағынды реттеушілі 180 ұзақ жасағыш құрылымды; С-қа айналуы жоғарылылығы берістің тұрақсыздығы құрылыстың күрделілігі тозуға ұшырауы мембрананың тұрақты желінуі – арнайы қондырғыларда берісті реттеу үшін қажеттілігі клапандар мен барлық шығыс жетіспеушіліктерді ң қажеттілігі
Қорытынды Осы типтік курстық жобада диафрагмалы насос туралы қамтылды. Диафрагмалы насостың артықшылығын айтатын болсақ: Әртүрлі сұйықтықтарды айдау мүмкіншілігі; Құрғақ соруға қабілеттілігі, су құбырын 8 м-ге дейін өздік соруы; ПӘК (Пайдалы әсер коэффициенті) жоғарылылығы; және т. б. Диафрагмалы насос қолдану мен қондыруында қарапайымдылығының арқасында және эксплуатация құнының жоғары еместігімен өнеркәсіптің көптеген әрқилы салаларында қолдау тапты. Мембрандық насос аз габаритті және тұтыну қуатының жоғары еместігіне қарамастан, өнімділік көрсеткіштері жоғары болып табылады. Мембрандық насостар әртүрлі өндіріс үшін әмбебап қондырғы болып табылады. Таңдап алынған марка аты Boxer ADB 220 AISI 316.
Қолданылған әдебиеттер тізімі Касаткин А. Г “Основные процессы и аппараты химической технологий” Пособие по курсовому проектированию поршневого насоса, под ред. Соколов А. П. К. Ф. Павлов П. Г. Романков А. А. Носков “Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологи” Горшков “Насосы”государственного энергетическое издательство, Москва 1947 г. , Ленинград Черкасский С. А. «Насосы, вентиляторы, компрессоры» . Л. С. Скворцов, В. А. Рачицкий, В. Б. Ровенск «Компрессорные и насосные установки» . М: «Химия» , 1983 г.
Membranaly_nasos.pptx