
сот.pptx
- Количество слайдов: 10
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы • Тарихтың тереңіне бой тартсақ, қазіргі Қазақ мемлекетінің ел болып еңсе көтерген дәуірден бергі табиғи болмыс-бітімімен бірге қайнасып, бойына сіңген әдет ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісі – билер бітімі сот ісін биік беделге жеткізгенін дәлелдейді. Алтай тауынан Қап (кавказ) тауының баурайындағы Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлан-байтақ далада бірде күшейіп, бірде әлсіреп, сан ғасырды артқа тастаған Сақ, Ғұн, Үйсін, Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Қарахан, Оғыз, Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті Қыпшақ тәрізді Еуразияда үстемдік құрған ұлыстар мен мемлекеттердің түпнұсқалық жүйелі заңы ел басқаруда, келелі кеңес айтуда өзінен кейінгілерге арқау болды. Бұл жөнінде Еуразия тарихын терең зерттеген ғұлама ғалым Л. Гумилев өте парасатты ойлар айтқан.
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағалары
Нұрмақов Нығмет Нұрмақұлы (1895 -1937) Мукашев Тлеужан Мукашевич (1881 -1937) Атаниязов Мырзағұл (1899 -1945) • Сырғабеков Нығметолла Сырғабекұлы (1890 -1938) Арықова Нағима Ыдырысқызы (1902 -1956) Жүнісов Ғұмар Сейдалыұлы (1900 -1938)
Күлетов Қазмұхамед Кәрібайұлы (1897 -1938) Громов Петр Иванович (1895 - ? ) Бектұрғанов Шаймерден Бейсенбайұлы (1896 -1938) Қожабергенов Темірғали (1905 - ? ) Құскелдиев Әбдірахман Есалыұлы (1901 -1951) Нұрбаев Мырзақадыр (1909 - ? )
Адамбаев Омадияр Байжанұлы (1912 -? ) Сүлейменов Күнтуар Әлімбайұлы (1905 -1993) Досанов Әбдірахман (1904 - ? ) Нұрышев Әмір (1909 -? ) Жүсіпов Бекайдар (1920 жылы туылған) Мыңбаев Қайыр Ерденбайүлы (1930 жылы туылған)
Елемісов Ғалым Бәжімұлы (1929 -1995) Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы (1940 жылы туылған) Айтмұхамбетов Тамас Қалмұхамбетұлы (1939 жылы туылған) Мәми Қайрат Әбдіразақұлы (1954 жылы туылған) Малахов Михаил Федорович (1946 жылы туылған) Әлімбеков Мұсабек Тұрғынбекұлы (1954 жылы туылған)
Бектас Әбдіханұлы Бекназаров (1956 жылы туған) Мәми Қайрат Әбдіразақұлы (1954 жылы туылған)
Қазақстан Республикасы құқық тарихының мұражайы • Құқық тарихының мұражайы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанынан 2001 жылғы 14 наурызда ашылды. • Құқық тарихының мұражайы үшін жәдігерлер, құжаттар, фотосуреттер Қазақстан, Омбы, Москва және Санкт-Петербургтегі Ресей Федерациясы мемлекеттік тарихи архивтері мен мұражайлары, кітапханаларынан жинастырылды. Олардың арасында билер сотына қатысты тарихи құнды құжаттар, фотосуреттер бар. 2004 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Соттың жаңа ғимаратын және Құқық тарихы мұражайын салтанатты түрде ашты. Құқық тарихының мұражайындағы жәдігерлері 4 бөлімге бөлінген, олардың әрқайсысының өзіндік тарихи ерекшеліктері бар.
сот.pptx