
туб коздыргышы.ppt
- Количество слайдов: 12
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Фтизиопульмонология кафедрасы Дайындаған: Нуспекова Айгерим Даулетовна
Туберкулез қандай ауру ? адам ағзасына туберкулез таяқшаларының енуінен пайда болатын жұқпалы, созылмалы, әлеуметтік ауру.
Туберкулез таяқшасы Туберкулез қоздырғышын ең алған рет 1882 жылы Р. Кох ашқан. Кох бацилласы деп атаған. Таяқшалар өсіп-өнгіш, ыстық суыққа төзімді, қараңғы және дымқыл жерде тез өсіп-өнеді, ұзаққа сақталады. Қышқылға төзімді; T=10 -37˚С өсіп өнеді; Қардың астында қыстап шығады; Күн сәулесінің тікелей әсерінен 5 -7 минутта өледі; Ал тікелей емес әсерінен 5 -7 сағатта өледі; Қақырықта өзінің белсенділігін 5 -6 ай сақтайды.
Туберкулез микобактериясының түрлері. M. Tuberculosis- адамдарда ауру тудыратын түрі және қазіргі кезде дәріге тұрақтылықтың жоғарлауымен сипатталады. M. Africanum, M. Avium - Африка тұрғындарында микобактериоз ауруын тудыратын түрі. M. Bovis – Ірі қара малдарда ауру тудыратын түрі, алиментарлы жолмен жұғады;
Туберкулезбен күресу әркімнің және баршаның ісі Туберкулез- әлемде ең көп тараған жұқпалы аурулардың бірі; Өлім көрсеткіші барлық инфекциялық аурулардың ішінде 2 -ші орында тұр; Туберкулезбен ауырып қалу қаупі әлі де алаңдатып отыр; Сау адам туберкулезді тек ауырғандардың ғана мәселесі деп санамауы керек;
Туберкулез қаншалықты қауіпті? Әлемде жыл сайын туберкулезден 2 миллиондай адам өлімге ұшырап отырады; Олардың миллионға жуығы әйелдер. Туберкулезден өлген әйелдер өлімінің саны, барлық аналар өлімінен әлдеқайда артық; ДДСҰ алдымыздағы 20 жыл ішінде туберкулезбен тағы 200 миллион адам ауырып, 70 миллион адам өлуі мүмкін деп ескертеді; Егер адам туберкулез туралы жетік білсе және бұл тұрғыда өзінің білімін күнделікті өмірде қолданса, аталмыш дерттің өршуіне және таралуына тосқауыл қоюға болады;
Туберкулез қалай жұғады? Негізгі жұғу жолдары: Аэрогенді - ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде қоршаған ортаға шашырап, ауаны жұтқан кезде тыныс алу жолдары арқылы енеді. Алиментарлы – ауру ірі қара мал өнімдерін тағам ретінде қолданғанда асқазан ішек жолдары арқылы енеді. Қатынас арқылы –таяқша бүлінген тері және шырышты қабаттар арқылы енеді. Трансплацентарлы - Ауру анадан жүктілік кезінде іште жатқан нәрестеге жұғуы. Ағымы ауыр, болжамы қолайсыз.
Туберкулез микобактериясының ерекшелігі Біріншілік жұқтырғаннан кейін ешқандай белгілер болмауы мүмкін. Дегенмен туберкулез таяқшалары өз уақытын күтіп тынығып жатады. Қалай адам әлсіреп, түрлі себептермен ағзаның қорғаныш күші азая бастаса, туберкулез таяқшалары белсенділік танытып, аталмыш аурудың қозуына себепші болады.
Туберкулез ауруы қалай басталады ? Ұзаққа созылған жөтел (3 аптадан көп); Дене қызуының жоғарылауы; Тәбетінің төмендеуі; Дене салмағының төмендеуі; Ұйқы бұзылысы; Әлсіздік; Тершеңдік; Қан түкіру; Кеудедегі ауру сезім;
Туберкулезбен ауыру қаупі жоғары адамдар Әлеуметтік жағдайы төмен адамдар; Отбасында туберкулезбен ауыратын адамдар анықталса; БЦЖ вакцинациясын алмағандар; Жазасын өтеушілер; Зиянды әдеттері бар адамдар: ішімдік пайдаланатындар және нашақорлар; Жиі ауыратындар, яғни иммунитеті төмен адамдар.
24 Наурыз Бүкіл әлемдік туберкулезбен күрес күні!
Назарларыңызға Рахмет!
туб коздыргышы.ppt