
динара слайд.pptx
- Количество слайдов: 16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ Тақырыбы: Физикалық оқу эксперименті Пәні: Физика оқыту әдістемесі Орындаған: Инаят Динара Тобы: Ф-13 -1 Тараз 2015 ж.
Сабақтың мақсаты: • Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемелік талаптарын қалыптастыру. Физика бойынша зертханалық сабақтар мен тәжірибелерді үйрету.
Дидактикалық міндеттері Білімділік міндеті : білімгерлердің өткен тақырыптары бойынша алған білімдерінің қаншалықты деңгейде меңгергендігін тексеру педагогикалық технология мағынасын ашып білімдерін шыңдау Дамыту міндеті: білімгерлердің физика пәніне деген қызығушылығын, ынтасын арттыру. Сын тұрғысынан ойлауға, қиыншылықты жеңе білуге дағдыландыру және логикалық ойлау қабілетін дамыту Тәрбиелік міндеті: білімгерлерді ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, татулыққа баули отырып, оларды өз білімі ғана емес басқа білімгерлердің білімі үшін жауапкершілікке дағдыландыру, өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту Сабақтың түрі: Лекция сабағы Оқыту технологиясы: ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап, эксперимент, слайд Сабақтың әдісі : 1. Иллюстрациялық түсіндіру. Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, лекция, семинар, коллоквиум, демонстрациялық жеткізу. 2. Репродуктивті әдіс. . Білім – білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту.
Демонстрациялық эксперимент Қолдан физикалық приборлар мен көрнекі құралдар жасау Лабораториялық эксперимент Физикалық оқу эксперименті Физикалық практикум Эксперименттік есептер шығару Сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент
Демонстрациялық эксперимент – физиканы оқытудағы бірінші әдістің бірі. Демонстрациялық эксперимент – оқушыларға жаңа материалды түсіндіру үшін сынып ішінде тек қана мұғалімнің қатысуымен жүргізіледі.
Демонстрациялық эксперимент мынадай негіздерге сүйеніп жүргізіледі: Ø экпериментті қою кезінде оқушыларға қажетті мөлшерде құрылғылар жетіспесе Ø тәжірибе өте күрделі, оқушылар оны өздігінен жасай алмайтын жағдайда Ø берілген тәжірибені орындау үшін оқушылар қажетті техниканы меңгере алмаса Ø тәжірибені жасау реактивтің аз мөлшерімен жүргізіледі немесе кішігірім масштабта қажетті нәтижені алу мүмкін болмаса Ø тәжірибе қауіпті болса Ø сабақта жұмыс жасау деңгейін көтеру үшін
Физикалық демонстрациялық әдістемелік құндылығы мұғаліммен мынадай шартты орындауды талап етеді: ü тәжірибе өтіліп жатқан материалмен тікелей органикалық байланыста көрсетілуі керек üдемонстрациялық эксперименттің айқын мақсаты болуы керек üсабақта өткізілетін физикалық тәжірибе көп уақыт алмау қажет және приборлардың барлығын емес негізгілерін көрсету керек üсандық нәтиже алатын физикалық эксперимент көп болғаны жөн üдемонстрациялық эксперимент «эврикалық» түрде болғаны жөн üтәжірибенің бірнеше варианттарынан, ең көрнекісін көрсету қажет üтәжірибе көрсеткенде столда тек қажетті прибор ғана болуы керек üкөрсетілген тәжірибеге қатысты сурет немесе таблица тақтада дер кезінде көрсетілуі керек üфизикалық эксперимент көрсетуде мұғалім тиісті түсінік және қорытынды беруі керек
Лабораториялық эксперименттің маңызы және түрлері. Лабораториялық жұмыс мектеп физикасына ғылыми-зерттеу сипат береді. Лабораториялық жұмысты орындағанда оқушылар: - физикалық құбылысты өздері бақылайды - тексеріп көреді - сандық және сапалық қасиеттерін байқап өлшейді - өз бетінше қорытынды жасауға үйренеді - физикалық процестерді танып біледі - өмірде қолдануға мүмкіндік болатындығына сенімі артады.
Лабораториялық жұмыстардың әдістемелік ерекшеліктері демонстациялық эксперимент көрсеткенде оқушылар пассивті түрде бақылаушы роль атқарады лабораториялық жұмыс орындағанда оқушылар әртүрлі прибор, ақпараттармен жұмыс істеуді үйренеді лабораториялық жұмыс жасағанда оқушылар бізді қоршаған орта, табиғат құбылыстары туралы өзінше қорытынды жасауға үйренеді Лабораториялық сабақтарда оқушылар ғылымизерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыланады, оқу ынта-жігері артады
Лабораториялық жұмысты орындау әдістемесі мынадай жүйеде өткізілуі тиіс: Мұғалімнің кіріспе түсінігі 3 -5 мин Оқушылардың жұмыс істеуі 25 -30 мин Алынған нәтижелерді өңдеу 7 -10 мин Оқытушының жұмысты қорытындылауы 3 -5 мин
Фронтальді лабораториялық жұмыстар қысқа уақытты немесе бір сағаттық болады. Ол сабақта барлық оқушылар бір мезгілде бәрі бірдей жұмысты орындайды. Физикалық практикум оқу жылының аяғында 9 -10 -11 -сыныптарда, 1 -2 сағат бойы өткізіледі. Мұндай лабораториялық практикумдар күрделі аппаратуралармен жасалады, физикалық құбылыстар терең зерттеледі, оқушылардың өз бетінше ізденушілікпен істеуін талап етеді, оларды ғылыми-зерттеу және өлшеу әдістерімен таныстырады.
Сыныптан тыс тәжірибелер және бақылаулар Сыныптан тыс экперименттің білімдік және тәрбиелік маңызы күшті: • оқушылардың физика мен техникаға қызығушылығын арттырады; • оларды өз бетінше тәжірибелер, бақылаулар, өлшеулер жүргізуге баулиды; • физикалық теория мен практиканың байланысын терең түсінеді; • айналамыздағы физикалық құбылыстардың мән-мағынасын ұғады. Сыныптан тыс экспеимент үйде, өндіріс объектілерінде, экскурсия кезінде, физикалық кештерде, физика-техникалық үйірмелерде, қолдан приборлар жасау кезінде өткізіледі.
Физика бойынша экскурсиялар, олардың міндеттері мен түрлері экскурсиялар Экскурсия – оқушылардың нақтылы заттармен және құбылыстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы. Экскурсия – көрсетілу, талдау жасаумен, түсінік, ғылыми анықтама берумен қатар жүргізіледі. Алдын-ала өткізілетін ілеспелі қорытынды
• Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар – оқушылардың жаңа материалды түсіндірер алдында қажет болатын білімді жинақтауын көздейді. Бұл оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын жеңілдетеді. • Ілеспелі экскурсиялар – өтілген үлкен тақырып бойынша ұзақ процеске енгізіледі, әңгіме үшін тіректік матреиал беретіндей болып, жеке мәселелерге ілестіріліп жүргізіледі, оны сипаттайды. • Қорытынды экскурсиялар – физикатақырыбы, немесе тарауынан өткізілетін жұмысты аяқтап, сыныпта өтілетін материал бойынша білімді бекітуді және тереңдетуді көздейтін шара.
Қорытынды сұрақтар: I. Физикалық оқу эксперименті, оның міндеттері және жүйесі. II. Сыныптан тыс тәжірибелер мен бақылаулар қалай жүргізіледі? III. Фронтальды лабораториялық жұмыстар. Оның артықшылықтары мен қиыншылықтары. IV. Физикалық практикум. V. Физикалық экскурсия, оның түрлері.
динара слайд.pptx