шагын жинакты мектеп слайд.pptx
- Количество слайдов: 16
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Тақырыбы: “Шағын – жинақты мектептегі оқыту процесін ұйымдастыру” Орындаған: Пи. П 13 -3 тобының студенті Әшімова Т. Т. Тексерген: Аға оқытушы Искакова Д. М. Қарағанды 2014
Жоспары Кіріспе 1 Шағын-жинақты мектептің ғылыми-теориялық негізі 1. 1 Шағын-жинақты мектеп мәселесін қарастырған ғалымдардың көзқарасы. 2 Шағын- жинақты мектептегі оқыту процесін ұйымдастыру 2. 1 Шағын-жинақты мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру 2. 2 Шағын - жинақты мектептердегі оқыту процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе Зерттеу көкейтестілігі: XXI ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойылды. Осыған орай, болашақ маманның бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай білім алуы мен іскерлікті, жеке тұлғалық және кәсіби сапалық қасиеттерді меңгеруі қоғамның негізгі талабы ретінде қарастырылуда. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» - деген болатын. Сондықтан оқушыларға қазіргі заманға сәйкес білім беру мақсатында шағын - жинақты мектептегі оқыту процесін жүйелі жүргізу керек деген тұжырдама жасаймыз. Зерттеу мақсаты: шағын - жинақты мектепте оқыту процесін бірізді, жүйелі түрде ұйымдастыруын анықтау.
Зерттеу міндеті: - шағын-жинақты мектеп мәселесін қарастырған ғалымдардың көзқарасына талдау жасау. - шағын-жинақты мектептегі оқыту процесін ұйымдастыруды анықтау. - шағын - жинақты мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру түсінігін ашу. Зерттеу объектісі: шағын – жинақты мектепте оқушыларды оқыту процесі. Зерттеу пәні: шағын-жинақты мектептегі оқыту процесін ұйымдастыру мазмұны. Зерттеу әдісі: педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар жинақтау, авторефераттар іздестіру. Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Шағын-жинақты мектеп мәселесін қарастырған ғалымдардың көзқарасы. Шағын жинақталған мектептердің тарихы XIX ғасырдың орта тұсынан бастау алады. Бірқатар ғалымдардың ( А. И. Сембаев, Г. Ф. Суворова, Т. Тәжібаев, П. А. Жильцов, Г. М. Храпченко) зерттеулеріне қарағанда, сол кезеңдегі қазақ топырағындағы өмірге келе бастаған орыс-қазақ мектептерінің басым көпшілігі бірнеше бөлімді (сыныпты) бір мезгілде бір мұғалім оқытатын шағын жинақталған бастауыш мектептер болған. Осы үлгідегі мектептердің пайда болуы, негізінен, К. Д. Ушинский, Н. А. Корф, Н. Ф. Бунаков, Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметтерімен тығыз байланысты. Бірнеше сыныпты бір мезгілде қосып оқыту жүйесіндегі оқу-тәрбие мәселесі туралы қазаөқ тілінде жазылған ең алғаш құралдырдың бірі – Ж. Аймауытовтың «Комплекспен оқыту жолдары» атты кітабы. Мұнда ол мектеп балаларына дене, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру керектігін анықтап алған соң, кешенді бағдарламаның мәні, кешенді оқытудың қажеттілігі, жұмыс жоспарлары, бір мұғалімнің бірнеше сыныпты қосып оқытудың жолдары, күнделікті сабақ жоспарын жасаудың әдістері, сабақ кестелері сияқты мәселелерді таратып айтып, тиянақтап көрсетіп береді. Тұтастай алғанда «Комплекспен оқыту жолдар» кітабы өз кезеңі үшін пайдалы қажетті әдістемелік құрал болған. Онда айтылған мәнді, салмақты ойлар әлі де өз маңызын жойған жоқ.
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз - балалардың саны аз, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. 1999 - жылғы маусымның 7 - сінде (№ 389 - І ҚР 3) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ - ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып - жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп» .
Шағын-жинақты мектептің 3 түрі болады. Олар: 1. Бастауыш шағын-жинақты мектеп 2. Негізгі шағын-жинақты мектеп 3. Орта шағын-жинақты мектеп Білім беру мекемесінің бұлай ерекшеленуінің басты критерийі – ондағы оқушы санының аздығы, ал қалған ерекшеліктер осы критерий негізінде туындайды. Шағын – жинақты мектептің жоғарыды келтірілген түрлерге жіктелуі нормативтік құжаттарға сай жүзеге асады. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Ауыл - бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті, дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы біздің ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауды талап етеді» деп атап көрсетті.
2. 1 Шағын-жинақты мектептердегі оқыту процесін ұйымдастыру ерекшеліктері Шағын жинақталған мектептердің ерекшелігіне тоқталар болсақ: Екі сыныптың оқу бағдарламаларын сәйкестендіру. Екі сыныптың оқусағаттары, жүктемелерін сәйкестендіру. Пән бойынша оқу мазмұнының, бөлімдер мен тақырыптардың сәйкес келуі. Жылдық күнтізбелік оқу жоспарының сәйкестігі. Күнделікті оқу жоспарының сәйкес келуі сияқты жұмыстарды пән мұғалімі алдын ала нақты жоспарлап жасау керек. Шағын жинақталған мектептердегi оқу үрдiсiнiң тиiмдiлiгi төмендегi жағдайларға байланысты. Олар: сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы; сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы; тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды технологиялық үрдiсте дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану; сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуын анықтау; оқу-тәрбие жұмысының сабақтық және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру; оқушылардың өзiндiк жұмысы мен оқытушы басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы; балалардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен бiлiм жинай бiлу дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың бiлiм және тәрбие деңгейлерiнiң дамуының ғылыми диагностикасы; оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау; әр түрлi жастағы балалардан құралған бiрлестiктердi ұтымды басқару; оқытудың техникалық құралдарын қолдану; оқу-тәрбие үрдiсiн тұлғалық-бағдарлық ұстаным негiзiнде құру; бала өмiрiнiң тұрмыстық жағдайлары және олардың ата-аналары туралы жалпы мәлiметтер жинау; ата-аналарды шағын жинақталған мектеп жұмысына тарту.
Шағын комплектілі мектептегі тәрбие процесінің ерекшелігі: -үлкен қалалардан алыстығы; -адамдар арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастар; -басқа мәдени ошақтардың болмауы; -байланыстың (теледидар, почта) тұрақсыздығы.
Кіріктірілген сабақтың негізгі заңдылықтары: - бүкіл сабақ автордың ой-мақсатымен санаса жүргізіледі; - сабақтың негізгі мақсаты бойынша бірлескен; - сабақ біртұтас сипатта, сабақтың кезеңдері- бұл біртұтас нәрсенің үзінділері; - сабақтың кезеңдері мен бөліктері логикалық – құрылымдық тәуелділікте болады; - сабаққа таңдалып алынған дидиактикалық мәліметтер ойлаған мақсатқа сәйкес келуі тиіс; - құрылымдық байланыстылыққа біртіндеп қол жеткізіледі, бірақ бұл параллелдік байланысты жоққа шығармайды. Осы айтылған заңдылықтарды сақтау сабақты мазмұндық тұрғыдан алғанда ғылыми іскер құрылым ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Шағын жинақты мектептегі тәрбиелік процесстің ерекшеліктері келесі шарттармен аңықталады: а) үлкен қалалардан шалғайлықпен; б) адамдар арасындағы қалыптасқан қарым-қатынаспен; в) елді – мекендегі басқа да мәдени орталықтардың болмауымен; г) коммуникациялық тұрақсыздықпен (телевидение, почта). Шағын жинақты мектептерде тәрбие жұмысы 3 топтан құралған. 1 ) Сабақтағы тәрбие жұмысы; 2 ) Сыныптан тыс және сабақтан тыс тәрбие жұмысы; 3 ) Елді-мекендегі қоғамдық орта.
«Қазақстан білім беру саласын дамытудың 2011 -2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» құрылған, онда шағын жинақты мектептерді сапалық тұрғыда дамытуға мән беріліп отыр. Осы бағдарлама негізінде шағын жинақталған мектептердің проблемасын шешуде ресурс орталығы моделі қолға алынған. Қазір еліміз бойынша 20 ресурстық орталық (тірек) мектебі құрылған. Ресурстық мектеп ─ шағын жинақталған мектеп оқушыларының бейімделген, әр деңгейлі, көп салалы, саралай және терең білім алуына жағдай жасайтын, оқу-тәрбие үрдісінің әрекеттерін бағыттап отыратын ауыл мектебі. Ал магниттік мектеп бала саны аз, біріктірілген сыныптары бар және ресурстық орталықтың біртұтас жүйесіне енетін жалпы білім беретін мектеп. педогогтік жүктемелерін толықтырып алуларына мүмкіндіктері бар, міне осындай кадрлар шағын жинақталған мектептер үшін өте тиімді кадрлардың бірі болуына толық мүмкіндіктері болады
Адамгершілік тәрбиесін беру үшін бала өзінің адалдығын, қайырымдылығын, зейінділігін, көрсететін жағдаяттар жасалады. Еібек тәрбиесінің басты мақсаты – еңбексүйгіштікті, еңбек адамдарын құрметтеуді тәрбиелеу, мамандық туралы түсінікті көбейту. Ол үшін түрлі әңгімелер өткізіледі. Экололгиялық тәрбие беру үшін алдымен балаларды экскурсияға апарып, қорғау керек, объектілерді табу. Оқушылар оларды қорғауға ат салысады. Эстетикалық тәрбие беруге табиғатқа экскурсияға бару, қоршаған орта заттары әсер етеді. Эстетикалық тәрбие өнермен тығыз байланысты. Сонымен, шағын – жинақты мектептегі тәрбие жұмысының өз ерекшеліктері, атап айтсақ, ата – аналармен тығыз байланыс, әр оқушының тәрбиесіне әсер ету, халықтық дәстүрлерге сүйену, табиғатқа жақындық. Ақыл – ой, дене, еңбек, моральдік, сезімдік тәрбие жүзеге асырылады. Жоспарда мұғалім, т. б, . тәрбиешілердің оқушылармен бірлесіп жұмыс істейтін жұмыстары әр жас кезеңдеріне сай көрсетіледі. Тәрбие жұмысы ізгілік принципіне негізделген және баланың жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға бағытталған.
Назарларыңызға рахмет!!!
шагын жинакты мектеп слайд.pptx