MENEDJMENT.pptx
- Количество слайдов: 14
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ CРС { Тақырыбы: Экономиканың өсуіне әсер ететін факторлар; жаңалық, инновация, жаңашылдық. Орындаған: Мамырбек. Н Тажибаев. А Тексерген: Болтаева. А. А. Қаржы: 241 топ
Қай елдің болмасын экономикалық өсуі алты негізгі факторлармен анықталады. Олардың төртеуі экономиканың өсуге деген физикалық қабілеттілігіне байланысты. Бұл, әдетте, ұсыныс факторлары деп аталатын табиғи ресурстардың саны мен сапасы, негізгі капиталдың көлемі және технологиясы.
Ал бесінші — сұраныс факторы. Ол шығыс деңгейін жоғарылата отырып, ресурстарды пайдалану көлемін кеңейту арқылы елдің экономикасының өндірістік потенциалын жүзеге асырады. Алтыншысы - ресурстарды өнім өндірушілер арасында өзара бөлу факторы, оларды пайдалы өнімнің барынша толық пайдаға асыруы.
Экономикалық өсу - бұл үлттық өнімнің сандық көбеюі, сапалық жағынан жетілуі. Өсудің үш типі бар: 1. Экстенсивті өсу дегеніміз - қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. 2. Интенсивті өсу дегеніміз - техника мен технологияны толық жетілдіру арқылы үлттық өнімнің кобеюі. 3. Аралас өсу дегеніміз - өндіріс қуатының осуі нәтижесінде өнідіс факторларын пайдалану санының өсуі және техника мен технологияның жетілуі.
Ұсыныс факторына мыналар жатады: табиғи ресурстардың саны мен сапасы; халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы; негізгі капиталдың болуы; өндіріске қолданылатын технология деңгейі.
Экономикалық өсудің сұраныс факторына мыналар жатады: еңбек ақы мөлшері; мемлекеттің фискалдық саясаты; халықтың қор жинау бейімділігі.
Қазіргі таңда ел экономикасы дамудың шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күнненкүнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы «Силикон аңғарының» пайда болуына негіз болды.
Еліміздегі инновациялық саланы мемлекеттік қолдауды ҚР-ның «Инновациялық қызмет» туралы Заңынан көруімізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей: 1. Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламаларды жасау. 2. Мемлекттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау. 3. Инновациялық инфрақұрылымды құру. 4. Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру. 5. Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы. 6. Мемлекттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қамтамасыз ету. 7. Отандық инновацияларды шетелге шығару.
Қазақстан – 2030 стратегиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді» , деп көрсеткен болатын. Ол 10 қағидадан тұрады:
1. Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы; 2. Макроэкономиканы тұрақтандыру; 3. Инфляцияны төмендете отырып, стратегиялық экономикалық ілгерлеуге бағыттау; 4. Экономиканың нақты секторын сауықтыру, фискалды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясаты;
5. Жеке меншік институттары; 6. Кәсіпорындарды жекешелендіру; 7. Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеруді жалғастыру; 8. Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау; 9. Қазақастан үшін индустриялы технологияны қалыптастыру; 10. Өндірісті диверсификациялау.
Қазақстанда экономикалық өсудің алғы шарттары бар: шикізат пен энергетиканың ішкі қажеттіліктерінің үлкен бөлігін қамтамасыз ете алатын бай табиғи ресурстары; әртүрлі тіршілік іс-әркеттерін кең қамтамасыз ете алатын айтарлықтай жер көлемі; өнім өндіруге мүмкіндік тудыратын бос өндірістік қуаттылықтың ірі көлемі; жеткілікті жоғарғы жалпы білім деңгейіне сай келетін арзан жұмыс күші; жеткілікті дамыған ғылыми-техникалық потенциал, осы заманның және ең жаңа технологиялық құрылымдардың бағыттары бойынша технологиялық жиынтығының бар болуы.
Республика Президенті Н. Назарбаевтің 1997 жылы Қазақстан халқына жолдауында жарияланған «Қазақстан - 2030» жоспары стратегиялық жоспарға жатады. Стратегиялық жоспарлар ұзақ мерзімгі жасалады. Ол ұлттық экономика дамуының ұзақ мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін, бағыттарын анықтайды және оларды жүзеге асыру кезеңдері мен мемлекеттік әлеуметтікэкономикалық саясаттың жалпы бағыттарын белгілейді.
MENEDJMENT.pptx