
хирургия.pptx
- Количество слайдов: 11
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ. «Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ: Десмургия. Орындаған: Оспан. Т. И. Қабылдаған: Ильясов. Б. К.
• Десмургия – байлам жөніндегі оқу жүйесі. Негізі гректің (desmos – байланыс, байлам, esgon – іс) термині, байлам материалдарының түрлерін әртүрлі әдістермен байлап (таңып) және олардың қасиеттеріне қарай хирургиялық патологияда пайдалануды үйретеді. • Жануарлар денесіне байлам қан тамырлары бүлінгенде, қан аққанда оны тоқтату үшін, инфекциядан қорғауға және екінші рет жараланудан сақтау үшін салынады. • Байламдар көбінесе хирургиялық ауруларда емдік шараларды жүзеге асыру үшін қолданылады. Атап айтсақ, жарадағы экссудатты шығару үшін сорғыш байлам, қабынуда қыздырғыш компрестерді қолданса, ал жабық жарақаттарда иммобилизациялау (бекемдеу) үшін қатайтылған байлам қолданылады.
БАЙЛАМДАРДЫҢ КЛАССИФИКАТЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ САЛЫНУ ӘДІСТЕРІ. • Пайдалануына байланысты байламдар төмендегідей жіктелінеді: жедел көмектік байлам-екіншілік жарақаттанудан және инфекцияға қарсы марліден, тағы даке тәрізді материялдан салфетка түріне салынып, сыртынан дәкемен орап таңады.
• Қыздырғыш компресс – байламдар –ұлпалардың жарақаттанған жеріне жылу беру үшін қоглданылады. Мысалы ассептикалық қабынуды емдеу үшін. Бірінші (ішкі) қабаты 3 -4 қабат жұмсақ материалдан (жұмсақ мата т. б) дайндалып, 40 -50% спиртіне малып сұйықтан сорғытылды да бүлінген жерге жабылып шеттері 2 -3 см. Подпроцесс аумағынан шығып тұруы керек. Оның үстінен жабылатындай мөлшерде ылғал, ауа жібермейтін қабат (целлофан, пергамент қағазы т. б)оралады. Үшінші қаба жылу өткізбейтін материалдан (мақта т. б. )жасалады. Төртінші қабат қалған үш қабатты жануардың денесіне бекемдеу үшін жасалады (дәке, марлі т. б. ) • Қыздырғыш компресс байламдары 4 -6 сағат арасында 2 сағат үзіліспен қолданылады. Дәкелік байламдар циркулярлық, спираль тәріздес, сегіздік тәріздес болады. Олар аяққа, мүйізге, құйрыққа салынады. Байлам салыеған соң, сол жердің қан, лимфа айналысы байламмен қысылып, бұзылмауын еске алған жөн.
• Құрғақ сорғыш байлам-жараның бірінші кезеңінде, оның ішіндегі жиналған эксудатты, микрафлора мен оның уыттарн сорып құрғату үшін қолданылады. Байламның бірінші (ішкі)қабаты дәкелі тампон жараның ішіне толтырылып тығылады, екінші қабаты гигроскопты мақта (қалындығы 1 см аспауы керек), үшінші қабаты бекіту қабаты (бөз, дәке). Капиллярлық заң бойынша ішкі қабаттан сорылғн жара экссудаты мен уыттары екінші қабаттағы мақтаға сорылады, аталған қабаттар ыластанғанды құрғақ сорғыш материалдармен ауыстырылып тұрады. Дымқыл сорғыш байлам-жара қуысындағы экссудан және уыттары тезірек, көбірек сорып алу үшін қолданылады. Ішкі қабаты дәкелі кәріз, жараның қуысына енгізілместен бұрын Na. Cl-дың гипертоникалық ерітіндісіне батырылады да, екінші ұшы жараның сыртына шығарылады, қалған қабаттары құрғақ сорғыш байламмен бірдей. • Қысатын байлам –денедегі ұлпалардың бүлінгн бөлігін қысу үшін, мысалы аққан қанды тоқтату үшін қолданылады. • Иммобилизациялықбайлам- ұлпалардың бүлінген жерін қозғалтпай бекемдеу үшін. Мысал, сынған сүйектін екі басн бір-біріне салып бекемдеу үшін қолданылады. Бұл емдік шараға жатады.
• Циркулярлық байлам –байламдардың ішіндегі орындалуы жөнінен ең қарапайым. Сол қолмен дәкенің бір ұшын оралатын денеден қиғаштап шығарып дәкенің келесі қабаттары бір-бірін жабатындай орап таңып байлаймыз. • Спираль тәріздес байлам- байлайтын дененің астынан үстіне қарай спиральді жүріспен, әр қайталанатын орам алдыңғысының 1/3/1/2 бөлігін жабуы керек. Ең үстінен 2 -3 церкулярлық байламмен бекітіледі. • Спиральды бүгілмелі байлам –спиральдың байламнан айырмашылығы байлам салынатын дененің әртүрлі жуандығына байланысты, кей жерлері бүгілмелі болып танылады (мысалы сираққа байлам салынады). • Жылжымалы байлам -әр орлған дәке оралымның ара қашықтығы дәкенің еніндей пішіні винт тәріздес. Байламның басталуы мен аяқталуы спиральды байламдағыдай. • Сегіздік тәріздес байлам- оралған дәкі әр ормында сегіздік сызып отырады (мысалы тұсамыс буынға жасалады). Жануарға жоғарыда аталған байламдардан басқа тасбақа тәрізді, жаулықша тәріздес, төрт бұрышты, сузпензорлық байламдар да салынады. Аталған байламдар марліден, бөзден, дәкіден жасалады, сыртқы пішіндері өздерінің аттарына сәйкес келеді. Байламдардың қолданылуы жануар денесіндегі мүшелері мен олардағы пайда болған паталогиялық процеске байланысты.
• Мүйізге байлам салу – дәкенің бір ұшын сау мүйізге 2 -3 рет орайды да, оны алып келіп ауырған мүйізге әкеледі, әуелі ауырған мүйіздің негізінен жоғары қарай заласызданған салфетканы қолданатын дәріге малып салған соң, сау мүйізден келген дәкемен 3 -4 спираль тәріздес орам салып содан соң, мүйіздің ұшына дейін спиральді бүгілмелі орам салып, қалған ұшын тсау мүйізге әкеліп бекітіледі.
• Тұяққа байлам салу –көмекші жануардың (жылқы, қара мал т. б. ) аяғын көтеріп тұсамыс буынынан вентральді жағына бүгеді. Мал дәрігері жұмысқа бірнеше циркулярлық байлам жасап, дәкенің бір ұшын өкше жағынан 20 -25 см ұзындықта қабаттарды бекемдеу үшін қалдырады. Дәкенің екінші ұшымен тұйяқтың мүйіз қабырғасын (глазурьды) орап таңады. Тұяқ ұлтанының ойық жерін мақталы дәкемен керекті дәріні жағып толтырылады, глазурьдан келген ұшымен, бүкіл ұлтан орамды да өкше жағына да, дәкенің қалған ұшымен бүкіл орам бекітіліп байланады.
• Құйрыққа байлам салу –құйрықтың өзі жарақатқа ұшыраса, айналасындағы ұлпаларға (бөксе, тік ішек, сан пішкенде) оперативтік ем жасалғанда, байлам салынады. Құйрықтың негізінен бастап бірнеше орам дәкелік бүгілмелі байлам төмен сырғып түспес үшін, дәкені құйрықтың қылымен қоса ұшына келгенде, жылдам ілмешек жасалып бүкіл құйрықтың сол ілмешек арқылы жануардың мойнына байланады. Осындай жағдайда құйрық жануар денесінің басқа ұлпаларына емдік жұмыс жүргізгенде кеселін тигізбейді. • Каркасты шиналық байлам – көбінесе тілерсек буынның паталогиясына қолданылады. Дәкелі байламды қанша орап қалың салынғанда ол жылжып кетеді. Жылқыға жоғарыдағы аталған буынғабіз каркастың байланымды төмендегідей құрастырдық: диаметірі 5 -6 мм жұмсақ металды сымнан тілерсек буынның үстінен және астынан екі дөңгелектенген сым байламын өлшеп дайындадық, оларды қалындап жұмсақ матамен орадық (ұлпаларға жақсы жату үшін және жарақатталмас үшін). Келесі кезең – екі дөңгелектен байламды, вертикалды бағытта айналдыра осындай сымдармен тартып қысып қаптадық. Осы жасалған сым каркасты байламдардың үстінен, тілерсек буынды айналдыра қалың қатты матамен үстінен бірнеше орам салып таңып бекемдедік. Аталған каркасты байламды тілерсегі тайған. Алматы ипподромында қолданылып жақсы нәтиже алдық. Каркас ретінде металл сымнан басқа материалдарды (фанерь, картон т. б. ) да қолдануға болады. •
Қатайтқыш байламдар – жануарлар мүшесіне тыныштық керек болғанда, ұлпаларды қозғалмайтындай етіп түпкілікті бекіту үшін салынады. Сүйек сынғанда, шытынағанда, жарылғанда, сүйекке буындар аумағында оперативтік емнен кейін қолданылады. Қатайтқыш байламдардың ішінде гипстік байлам өндіріс жағдайында кеңінен қолданылады. Гипс Ca. So 4+2 H 2 O химиялық ақ түсті құрғақ ұнтақ алақанға салып басып қарағанда жұмсақтау, ішінде бөгде заттар болмайды. Гипс қолданылмастан бұрын тексеріледі, ең сапалысы 1500 С күйдірілген гипс. Ұнтақ гипс Бобров машинасы арқылы ұзындығы 2, 5 – 3 м дәкіге сіңіріледі де гормошка тәрізді бүктетіледі. Соңғы жылдары фармацептік өндіріс орында арнайы дайындалған гипстік дәкелер шығарылып, өндірісте қолданылып жақсы нәтиже алынады. Мысалы, жіліншік сүйек сынды делік, оған гипсті салу әдісі төқмендегідей. Сынған сүйектің екі басын бір – біріне жақындатқан соң (реопозициялау) көмекші қозғалтпай ұстап тұрады, мал дәрігері гипстік материалды (дәке) орайды, үстіне суланған гипс ұнтағын айналдыра (үй майлағандай) жағады кептіреді, сосын келесі қабатты жағады, тағыда осылай керекті қалыңдығына жеткенше жаға береді, осылай жағылған гипс кепкен соң, үстіне қарындашпен сол күнгі жұлдызды және айы жазылады. Гипсті байлам жануардың жас ерекшелігіне байланысты 4 – 6 жұмадан соң, өткір пышақпен кесіліп (қиылып) алынады. Егерде гипс ұнтақ болмай престелген дәкелі гипс болса, жәй дәкені циркулярлық немесе спиральды болжамдағы сияқты орайды да, 1 – 2 орамынан соң кептіріліп, керекті қалыңдыққа жеткенше орай береді. Гипстің қалыңдығы, сол бекітетін жерді ұстағандай және жануар қозғалған мезгілде гипс шытынап жарылып кетпеуі керек. Гипс бұлшық еттері аз, сырғып кетпейтін мүшелердің ұлпаларына салынады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Ильясов Б. К. Ветеринариялық хирургия. Алматы, 2008 2. doctorvet/com
хирургия.pptx