
1178_aza_1179_stan_Respublikasy__1240_kimshilik__1179__1201__1179_y_1179_negizderi.pptx
- Количество слайдов: 20
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық негіздері
Әкімшілік құқықтың пәні бес бөліктен тұрады. 1. Сыртқы көрінісі. Атқару билігінің мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде іске асыру барысында болатын қоғамдық қатынастар. 2. Ұйымдастырушылық қатынастар. Ақпараттық талдау, іс –жүргізу, материялды-техникалық жабдықтау.
3. Жалпы мемлекеттік бақылау қызметі. Бақылау барлық мемлекеттік органдардың қабылдаған нормативтік актілерді орындауы мен іс – әрекеттерінің заңдылығына ғана бағытталып қоймайды, олардың мақсаттылығын, қажеттілігін қамтиды.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық кезінде судьялар мен соттардың іс – әрекеттерін де қамтиды. 5. Мемлекет өзінің жекелеген мемлекеттік - биліктік құзіретін беру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар да жатады.
1. Әкімшілік құқықтың әдістері. 2. Әкімшілік құқықтың дерек көздері.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері – адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және олардың алдын алу.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың қағидалары 1. 2. 3. 4. 5. 6. Заңдылық. Сот құзіретінің ерекшелігі. Адамдардың заң алдында теңдігі. Кінәсіздік презумпциясы. Кінә қағидасы. Қайтадан әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол бермеушілік. 7. Ізгілік қағидасы
8. Жеке басқа қол сұқпаушылық. 9. Жеке бастың ар – ожданы мен қадір – қасиетін құрметтеу. 10. Жеке өмірге қол сұқпаушылық. 11. Меншікке қол сұқпаушылық. 12. Судьялардың тәуелсіздігі. 13. Іс жүргізу тілі. 14. Куә айғақтарын беру міндетінен босату. 15. Білікті заң көмегін алуға құқықтарды қамтамасыз ету
16. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің жариялылығы. 17. Іс жүргізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 18. Іс жүргізу іс – әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы. 19. Адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сот арқылы қорғау.
Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқықққа қарсы, кінәлі іс – әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.
Субъекті Объекті Әкімшілі к құқық бұзушыл ықтың құрамы Объективті жағы Субъекти вті жағы
Кінә Себеп Мақсат
Қасақана Тікелей Жанама Абайсызда Менмендік Немқұрайдылық
Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы. 1. Құқыққа қайшылығы. 2. Қоғамға қауіптілігі. 3. Кінәлілігі. 4. Іс – қимылдың жауаптылығы.
Әкімшілік жауаптылыққа ақыл – есі дұрыс, 16 жасқа толған жеке адам және заңды тұлғалар тартылады.
Әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау мен құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай –ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
Әкімшілік жаза әкмшілік құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершілік қадір-қасиетін қорлауды, сондай – ақ заңды тұлғаның іскерлік беделіне зиян тигізуді мақсат тұтпайды.
Әкімшілік жазалардың түрлері 1. Ескерту. 2. Әкімшілік айыппұл салу. 3. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысаны болған затты өтемін төлеп алып қою. 4. Мүлікті тәркілеу. 5. Арнаулы құқықтан айыру. 6. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі іс – әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру.
7. Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тиым салу. 8. Заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау. 9. Әкімшілік қамауға алу. 10. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
Жүкті әйелдерге және он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, 1 және 2 топтардағы мүгедектерге, сондай –ақ елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкімшілік қамауға алуды қолдануға болмайды.
1178_aza_1179_stan_Respublikasy__1240_kimshilik__1179__1201__1179_y_1179_negizderi.pptx