4dd52f3ac0a9c67a9920e00bac2e5592.ppt
- Количество слайдов: 15
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Үкімет сағаты Қазақстан Республикасында ғарыш саласын құру барысы туралы Астана қ. 2014 жылғы 23 маусым
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Ғарыш қызметі Биылғы жылы еліміздің тарихында алғашқы рет екі ғарыш аппараты ұшырылды – бір байланыс аппараты және жоғары шешімдегі Жерді қашықтықтан зондтау аппараты. Орта шешімдегі Жерді қашықтықтан зондтау екінші аппаратын ұшыру ағымдағы жылғы 20 маусымға жоспарланып отыр. 2
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Қазғарыш іске асыратын жобалар «Kaz. Sat» байланыс және хабар тарату жүйесін құру; Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру; ғарыш құру; ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру; дәлдігі жоғары спутниктік навигациялық жүйесін құру; «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру; «Днепр» зымыран тасығышын коммерциялық пайдалануына қатысу. аппараттарын құрастыру-сынау кешенін 3
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) «Kaz. Sat» байланыс және хабар тарату жүйесін құру «Kaz. Sat-2» 2011 жылы «Kaz. Sat-2» спутнигі пайдалануға берiлді; Қазақстанның 12 телекоммуникациялық компаниясына қызмет көрсетіледі. «Kaz. Sat-3» Осы жылдың 28 сәуірінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылды; 28 мамырда белгіленген орбитасына шығарылды. ЖБК+РЖБК Ақкөл қаласында және Алматы облысының Іле ауданыңда пайдалануға берiлді және штаттық режимде қызмет атқарады. 4
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйесін құру 2014 жылғы 30 сәуірде Француз Гвианасындағы «Куру» ғарыш айлағынан Қазақстанның бірінші ЖҚЗ спутнигі «Kaz. EOSat-1» орбитаға шығарылды; ағымдағы жылғы 20 маусымда Орынбор облысындағы «Ясный» Ресей ғарыш айлағынан «Kaz. EOSat-2» екінші ЖҚЗ спутнигін ұшыру жоспарланып отыр; Астана қаласындағы ЖҚЗ ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешенін пайдалануға берiлуі осы жылдың шілде айына жоспарланып отыр. 5
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін (ҒА ҚСК) құру ҒА ҚСК Қазақстандағы ғарыш инфрақұрылымының ірі объектілерінің бірі болады; ҒА ҚСК пайдалануға беру мерзімі 2015 жылға жоспарланып отыр; ғимараттың металл қаңқасын жөндеу жұмыстары жүргізілуде; бүгінгі күнге ғимараттың қаңқасы, қабырғалардың сыртқы қалауы жасалған. Сыртқы витраждарды жөндеу жұмыстары аяқталуда. 6
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Ғылыми технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін (ҒТМ ҒЖ) құру Осы жылдан бастап ҒТМ ҒЖ құру жобасын іске асыру басталды. Жоба шеңберінде озық британдық SSTL компаниясымен келісім-шартқа қол қойылды. • толық технологиялар трансфертін жүзеге асыру үшін жағдай жасалды; • ҒТМ ҒЖ құру жобасын іске асыру біздің ғалымдарға ғарыш аппараттары бөлшектерін ұшыру тарихын алуға мүмкіндік береді. 7
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Дәлдігі жоғары спутниктік навигациялық жүйесін құру (ДЖСНЖ) Дәлдігі жоғары спутниктік навигациялық жүйесі түпкі пайдаланушыларға геодезия, картография, жер пайдалану, ауыл шаруашылығы, ірі ғимараттарды салу, еліміздің қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі міндеттерін шешу үшін дәлдігі жоғары координаттар мен уақытты айқындау қызметтерін алуға мүмкіндік береді; бүгінгі күнге Астана қаласындағы дифференциалды түзету және мониторинг орталығы, ұтқыр дифференциалды стансасы және жергілікті теңіз дифференциалды стансасы пайдалануға берілді. 8
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру Жобаның негізгі мақсаты улы отын бөлшектерін пайдаланатын «Протон» зымыран-тасығышын біртіндеп ауыстыру болып табылады; бүгінгі күнге «Байқоңыр» ғарыш айлағын келешекте сақтап қалу және оны Қазақстанға біртіндеп көшіру нақты жалғыз мүмкіндік болып табылады; ағымдағы жылғы желтоқсанда «Зенит» кешені жүйелері мен агрегаттарының құрамы және оларды іске қосу ерекшеліктері бойынша қазақстандық ұйымдар қызметкерлерін практикалық оқыту жоспарланып отыр. 9
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) «Днепр» зымыран тасығышын коммерциялық пайдалануына қатысу «Днепр» зымыран тасығышын коммерциялық пайдалануына Қазақстанның қатысуы туралы мәселе шешілді. 2010 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы «Днепр» зымыран тасығышын коммерциялық ұшыру операторы болып табылатын «Космотрас» Халықаралық ғарыш компаниясының» 10% акциясына ие болып, акционерлер тізіміне кірді. 10
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер 2010 -2014 жылдар аралығында «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ 37 ғылыми-зерттеу жобаларын іске асырды, өнертабысқа 5 патент алынды; дәлдігі жоғары спутниктік навигациялық жүйесі үшін дифференциалды стансаларды құру бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орындалды және 50 дана көлемінде дифференциалды стансалардың бірінші тәжірибелік топтамасы шығарылды; төрт нысаналы технологиялық бағдарлама әзірленді. 11
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Ғарыш саласын кадрлық қамтамасыз ету ғарыш саласына кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі қалыптастырылды; студенттерді Қазақстанның ЖОО-да және «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік ЖОО-да оқыту; ғарыш жобаларын іске асыру шеңберінде қазақстандық мамандарды практикалық тәжірибеден өткізу; 1300 біліктілігі жоғары маманның 1000 -наң астамы оқудан және тәжірибеден өтті. халықаралық 12
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Халықаралық ынтымақтастық Қазғарыш техникасы мен технологияларды құру саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылатын мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамытуда: • • • Ресей Украина Франция Израиль Қытай • • • Германия Оңтүстік Корея Таиланд Сауд Аравиясы БАӘ • • • Ұлыбритания Швеция Нидерланды Жапония Үндістан 13 13
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Қорытынды Алға аса күрделі міндеттерді қоя әрі оларды іске асыра отырып, біз ғарыш өнімдері мен қызметтерін ұсынатын әлемдік көшбасшылар қатарына кіруге ниеттеміз. Орындалғаны аз емес, бірақ Мемлекет басшысы қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін келешекте әлі де көп жұмыс атқару қажет. 14
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (Қазғарыш) Назарларыңызға рахмет! Астана қ. 2014 жылы 23 маусым 15
4dd52f3ac0a9c67a9920e00bac2e5592.ppt