
ос бт.pptx
- Количество слайдов: 12
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті Қоректік орта Қарағанды 2015 жыл
Қоректік орта • Қоректік орта дегеніміз-микроорганизмдерді лабараториялық және өнеркәсіптік жағдайларда өсіруге арналған белгілі бір заттектердің сұйық немесе қатты қоспасы.
Қоректік ортаның міндеті: • Жасушалардың өсуі үшін оптималды физикалық-химиялық жағдайларды ұстап тұруы; • Биомассаның өсуі және мақсатты өнімді синтездеу үшін жасушаларды қоректік заттармен қамтамасыздандыру.
Қойылатын талаптар: • Микробтың өсуі үшін қажетті қоректік заттар; • Өсіріліп жатқан микроб үшін оптималды p. H реакциясы • Микробтар диффузия мен осмос заңдары бойынша қоректенетіндіктен жеткілікті дәрежеде ылғалдылық • Изотониялық қамтамасыз ету • Залалсыздандырылған болып, сонымен микробтардың таза өсірінділерін өсіру мүмкіндігін қамтамасыз ету
Пайдалану мақсатына қарай қоректік орталардың топтары: • • Әмбебап қоректік орта Арнайы қоректік орта Элективті немесе тандамалы қоректік орта Дифференциалды-диагностикалық қоректік орта
Әмбебап қоректік орта • Бұл ортада хемогетеретрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроағзалардың көптеген түрлері өседі. Б 9 л орталарға бактерия жақсы өсетін ет-пептонды сорпасы және ашытқы саңырауқұлақтарға лайықты сусло жатады.
Арнайы орта • Ерекше органикалық заттарды қажет ететін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганатрофты микроағзаларды өсіретін орта.
Элективті орта • Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды айтады. • Бұл орта табиғи субстраттардан (топырақ, су, тағам, өсімдіктер мен жануарлардан) микроағзалардың жеке топтарын бөліп алуға арналған.
Дифференциалды-диагностикалық орта • Бұл орталарды жалпы микробиологияда әр түрлі субстраттардан бөлініп алынған бактериялардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін анықтап, оларды жіктеу үшін пайдаланады. Бұл орталар бактериялардың белгілі бір ферменттерінің мыс, каталаза, оксидаза, протеаза, фосфотаза, желатиназа, және гемолотикалық ферменттердің бар жоғын анықтау үшін қажет.
Қоректік орталардың жіктелуі: міндеті, консистенция, құрамы бойынша • Міндеті бойынша 2 топқа бөлінеді: • 1. диагностикалық(нақты бір қоздырушыны бөліп алуға арналған) • 2. өндірістік • Консистенциясы бойынша: сұйық, жартылай сұйық, тығыз(піскен жұмыртқа, картоп) • Құрамы бойынша қоректік орта: • 1. Қарапайым-патогенді микроағзалардың көбінің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін орта(етті пептонды сорпа, агар, пептонды су) • 2. Күрделі-құрамында күрделі заттар, ашытқы экстрактісі, ашытқы автолизаты, пептон немесе ет экстрактісі қосылған орталар.
Мурасиге-Скуга қоректік ортасы
Назарларыңызға рахмет!!!!
ос бт.pptx