Назира УА-21.pptx
- Количество слайдов: 21
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ Е. А. БУКЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ’’МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ” МЕНЕДЖМЕНТ Орындаған: УА-21 тобының студенті Cағындықова Назира Тексерген: менеджмент каф. оқытушысы Мусабекова А. О. Қарағанды – 2015 жыл
ЖОСПАР: 1. Менеджмент түсінігі 2. Жоспарлау 3. Ұйымдастыру 4. Мотивациялау 5. Бақылау 6. Менеджмент құрылымы
Менеджмент түсінігі Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. [1] “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.
Нарықтық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент шешімдер қабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру кезделеді. Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі меншік иесінің өкіліне — менеджерлерге көшеді. Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып фирма қызметкерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады. Өндірістің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік тудырған еңбекті рационалдау мен оньің қарқындылғын арттыру шарттарын ашқан Тейлор болды. Бұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты таңдап белгілеу, мақсатқа жету құралдарды тандау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А. Файоль бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу), келістіру, бақылау. Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау:
ЖОСПАРЛАУ Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар — жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты — басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады. Бизнес-жоспарды жан-жақты дәлелдеп жасауинвесторлар жағынан олардың инвестицияларының тұрақты болатындығына және компанияның басқарушыларына сенімділік тудыруды көздейді. Бизнес-жоспар 3— 5 жылға жасалады.
Жоспарлау мынадай бөлімдерден тұрады: нарыққа талдау жүргізу және маркетингтік стратегия; өнімдік стратегия; өндірістік стратегия; фирманы басқару жүйесінің және меншіктің дамуы; қаржылық (экономикалық) стратегия.
Өздерінің даму дәрежесіне байланысты, әрбір жеке фирмалар жоспардың жекеленген бөлімдеріне бірдей маңыз бермейді. Жұмысқа жаңадан кіріскен фирмалар қаржылық стратегияға назарын кебірек аударады. Дамыған, қалыптасқан фирмалар көбі несе өнімдік және өндірістік стратегияның қамын ойлайды.
ҰЙЫМДАСТЫРУ Ұйымдастыру басқару функцияларының бірі ретінде көптеген міндеттерді жүйелі біріктірумен және сәйкесінше адамдардың қарым-қатынасымен, орындалушылармен тікелей байланыс функциясының процесімен сипатталады. Ұйымдастыру қызметінің міндеті, еңбек әрекеті элементтері мен олардың өзара әрекет ету тәртібі арасындағы пропорцияны анықтау, жүйедегі әр-бір жұмыскерлердің орны мен ролін белгілеу, оларды бөлімшелер мен буындарға орналастыру, бұлардың бірлескен іс-әрекеттерін ұтымды ұйымдастыру, аппараттағылардың, жекелеген қызметшілердің, жұмысшылардың іс-әрекеттерім белгілейтін құжаттар әзірлеу арқылы жоспарда көрсетілген шаралар мен өндірістік процестердің мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Жұмысты ұйымдастыру үш кезеңге бөлінеді: Бірінші кезең - жұмысты бөлу. Менеджер өзінің барлық жұмысын шағын бөліктерге бөледі. Олардың әрқайсысының міндеті бар Екінші кезең - міндеттерді және бір адам жүзеге асыра қисынды блокторға алады. Осылай жасай топтастыру. Көптеген отырып, біз әрбір адамның компанияларда бірге жіктелуін ескеруіміз керек. жұмыс істейтін екі және одан да көп адамнан құралатын топтар болады. Үшінші кезең - жұмысты үйлестіру, яғни әр түрлі бөлімдердің жұмысы үйлестірілуі тиіс. ‡йлестіру дау-жанжалдарды болдырмауға, оларды реттеуге, фирма құрылымын нығайтуға мүмкіндік береді.
МОТИВАЦИЯЛАУ Мотивация- бұл жеке және ұйым мақсаттарына жету үшін қызметте өзін және басқаруды қозғау процесі. "Жұмысқа адамды емес, адамға жұмысты қою керек" — деп жазды Дж. Херцберг. Адам өздеріне жандық ақы жасауы, қызықтырмайтын жұмыс жасауы - адамның алыстан келе жатқан бәлесі. Менеджмент мәселесінің кешені арасында фирманың қызметшілерін басқаруды жақсарту мәселесі ерекше рөл атқарады. Міндеті жан-жақты даму мен адамның шығармашылық күшін қолдану, оның біліктілігін, жауапкершілігін, инициативаларын жоғар-лату өндірістің тиімділігін жоғарылату болып табылады.
МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФАКТОР Ø нәтижеге жеткізуі; Ø қызметшілермен маңызды болып бағалану; Ø шешім қабылдауға мүмкіндік беру; Ø еңбектің тиімділігі бойынша бағалануы; Ø әділ мадақ әкелуі.
Экономикалық мотивация әдістерін енгізу принциптері: v Сыйақылар таралған болмау керек, өйткені олар әдеттегі еңбекақы бөлігі ретінде қабылданбайды; v Өнімділікті күшейтуді өлшеу әдісінің болуы; v Сыйақы нормативті емес, қосымша тырысуларға байланысты; v Сыйақымен ынталандырған жұмысшылардың қосымша тырысулары премиялды төлеу шығыстарын жабу үшін керек.
БАҚЫЛАУ Бақылау процессінің кезеңдері Бақылау процессі стандарттарды бекітуден, нақты жеткен нәтижелерді өлшеуден және нәтижелер бекітілген стандарттардан ерекшеленген кезде түзетулер енгізуден тұрады. Бақылау өз дамуында өндірістік циклмен сәйкес үздіксіз процесс. Ол 3 негізгі кезеңнен тұрады: 1. Стандарттар жасау; 2. Нәтижелерді стандарттармен салыстыру; 3. Қажетті шаралар қабылдау.
1 - кезең бақылаудың жоспарлауға жақындығы мен сипатталады. Стандарттар нақты мақсаттар, өлшеуге болатын процесс. Бұл мақсаттар жоспарлау процессінен шығады. Бақылау стандарттары ретінде қолданылатын мақсаттар екі маңызды қасиеттерді ажыратады: уақытша шеңберлер; жұмыстың орындау дәрежесін бағалауға болатын нақты белгілер. Нақты белгі және белгілі бір уақыт кезеңін нәтижелік көрсеткіштері деп атайды. Олар мақсаттарға жету үшін не алу керектігін дәл анықтайды. Нәтижелік көрсеткіштері жетекшіге нақты жасалған жұмысты жоспарланған жұмыспен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Пайда, сату көлемі және т. б. тәрізділердің көлемі үшін нәтижелік көрсеткіштерін бекіту жеңіл. Бірақ мақсат ретінде адамгершілік деңгейін жоғарылатуды сандармен көрсету өте күрделі, кейде мүмкін емес, мұндай жағдайда жанама көрсеткіш қолданылады, бірақ ол басқа да айнымалыларға байланысты. Бақылау үшін көрсеткіштің болмауы белгісіздік бойынша басқаруға әкеледі. Нәтижелік көрсеткіштерін НИОКР-ға бекіту өте күрделі. Бақылау процессінің 2 – кезеңі нақты жетілген нәтижелерді бекітілген стандарттармен бекіту. Менеджер стандартпен нәтижелердің сәйкестігін анықтауі тиіс: ∙ ауытқулар масштабін анықтау; ∙ нәтижелерді өлшеу. Ақпаратты беру және оның бағасы. Нәтижелелік көрсеткіштері анық бағыт береді, бірақ әрқашан ауытқулары болуы мүмкін, басқару жүйесінің жақсы стандарты мақсаттар параметрлерінің нақты жетістіктерінен тұрады. Жіберілуі мүмкін ауытқулардің масштабы үрей тудырмайтын нәтижелердің стандарттан ауытқуы. Нәтижелерді өлшеу бекітілген стандарттарды қаншалықты сақтауға болатынын анықтауға мүмкіндік береді: ∙ өлшеу бірлігін таңдау; ∙ жылдамдық; ∙ жиілік; ∙ қызметпен келісілген өлшеудің нақтылығы. Бақылау процессінің 3 – кезеңі. Менеджер үш іс әрекет желісінің біреуін жасау керек: ∙ ештеңе қабылдамау. Бақылаудың басты мақсаты ұйымның қызметін жоспармен сәйкес жүзеге асыру. ∙ ауытқуларды жою. Түзетудің қажеттілігі ауытқудің себебін жою мен негізделеді. Өлшеу барысында масштабтың стандарттан ауытқуының бекітілуі керек және ауытқу шешімін нақты көрсетілуі керек. Түзетудің мәні себепті нықтап, ұйымның дұрыс қозғалуына қайтуына жету. Мындай қозғалыстар жүйенің ішкі айнымалыларының өзгерістері болуы мүмкін. ∙ стандарттарды қайта қарастыру. Барлық белгілі ауытқуларды жоймау керек. Кейде стандарттардың өзі нақты болмауы мүмкін, өйткені олар жоспарларға негізделеді, ал жоспарлар болашақтың болжамы.
МЕНЕДЖМЕНТ ҚҰРЫЛЫМЫ Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімде және шығындарды барынша төмен жүмсап, тауарлар өндірумен айналасатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады. Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын табыстардың барынша мол болуын жөне шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе. Нарықтық менеджмент — маркетинг — бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болады. Маркетинг (ағылшынша «market» — нарық) нарықтарды тандау үшін, нарыққа кірудің уақытты мен әдістері үшін, жаңа өнім жасалуы үшін, тауардың нарықтағы жылжуы үшін, баға саясаты үшін жауапты болады.
Менеджмент құрылымы үш бөлімнен түрады: q өндірістік менеджмент; q қаржы менджменті; q нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг.
Назар аударғандарынызға рахмет!!!
Назира УА-21.pptx