СЕМЕЙ ПОЛИГОН.pptx
- Количество слайдов: 19
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ Cемей ядролық полигоны Орындаған: Орақбай Жанкелді Есеп және аудит
ЖОСПАР: • Кіріспе • І бөлім: Заңнама • ІІ бөлім: БАҚ-пен жұмыс • ІІІ бөлім: Ұсыныс • Қорытынды • Қолданылған әдебиет • Рецензия
КІРІСПЕ Семей полигоны КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
• Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116 сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2, 5 мың есе көп болды
Заңнамамен жұмыс "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы 1787 XII заңы 1 тарау: Жалпы ережелер 1 -бап. Заңның мақсаттары мен міндеттері 2 -бап. Азаматтардың өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның орнын толтыруға құқығы 3 -бап. Мемлекеттің ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi міндеттерi
2 тарау Ядролық сынақтардың әсерiне ұшыраған аумақты түрге бөлу • Залалданған аумақтар әсерлi эквиваленттi мөлшерiнiң шамасына қарай: төтенше радиациялық қауiптi аймақ; ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ; ең төмен радиациялық қауiптi аймақ; жеңiлдiктi әлеуметтiк экономикалық мәртебесi бар аумақ деп бөлiнедi.
3 тарау Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың мәртебесi 4 тарау Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау 5 тарау Аумақты экологиялық жағынан сауықтыру және халыққа медициналық көмек көрсету 6 тарау Азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің экономикалық негіздері және лауазымды адамдардың жауапкершілігі
БАҚ-пен жұмыс 2012 2013 2014 5 4 2 4 5 1 4 5 8
Тағы да Капустин Яр және Азғыр полигондары туралы Орал қаласында Капустин Яр және Аз ыр полигондарының экологиялық жағ дайы мен экологиялы ғ қ залалын анық тайтын республикалық комис сия ны көшпелі отырысы өткізілді. Оған Қоршаған ортаны қорғау вице министрі, аталмыш ң комиссияның төрағасы Бек тас М ұхамеджанов төрағалық етті. Онда Капустин Яр ж әне Аз ыр әскери поли гондарыны ғ ң әсері аймағындағы экологиялық жағ дайлар ж өніндегі мә селелер қаралды. Аталған полигондарға жақын орналасқан облыстың Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Жаңақала, Қазталов және Қаратөбе аудандарында 150 мыңнан астам халық тұрады. Сынақ алаңдарындағы жарылыстар мен әскери сынақтардың қоршаған ортаға және жергілікті халықтың денсаулығына кері әсер еткені анық. Мұны анықтау мақсатында поли гондар ға жақын орналасқан аудандарға 1994 жылдан 2005 жылға дейін 13 ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. Соңғы рет 2005 жылы 6 аудандағы экологиялық жағдайды анықтау үшін ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алайда мәселе түпкілікті шешімін тапқан жоқ. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің айтуынша, жыл сайын бала кезден және 18 жасқа дейінгі мүгедектерге мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жергілікті бюджеттен 121, 5 млн. теңге шамасында жәрдемақылар төленуде. Жаңақалада медициналық оңалту орталығы салынды, жыл сайын онда 1500 дей адам медициналық сауықтыру көмегін алуда. Соңғы жылдары осы аудандардың 13 елді мекеніне газ жеткізілді, 13 елді мекенге су құбыры тартылды.
Алайда, бұл аумақтардағы адам дарды ң аурулығы, мүгедектер саны мен балалар өлімінің көрсеткіштері республикалық деңгеймен салыс тыр ғанда жоғары. Солай болғанмен қолданыстағы материалдар Капус тин Яр, Аз ғыр ядролық сынақ по лигондарыны ң зиянды әсерінің көлемін нақты анықтау үшін жеткіліксіз. «Полигондар маңындағы аудандарды зілзала апатты аймағы деп тану дұрыс емес. Өйткені, аймақтарды экологиялық апатты деп танып, ондағы адамдарды басқа жерлерге көшіруден гөрі олардың әлеуметтік экономикалық жағдайларын жақсартуға көңіл бөлген жөн» , деді комиссия мүшесі, Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов. Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов сынақ алаңдарын жалға беруден республикалық бюджетке түсетін қаражаттың бір бөлігін полигондарға жақын аудандарға бөлуді, полигонға іргелес аумақтар тізіміне енбей қалған ауданның кейбір округтерін енгізуді, мүгедектерге берілетін қосымша жәрдемақы мөлшерін көтеруді ұсынды. Комиссия мүшесі, халықаралық «Невада Семей» антиядролық қозғалысының батыс өңірлері бойынша филиалының директоры Ізімғали Көбенов Семейдегі ұлттық радиологиялық институт филиалын батыс өңірінде ашу қажеттігін алға тартты. Комиссия отырысын қорытынды ла ған Қоршаған ортаны қорғау вице министрі, комиссия төрағасы Бектас Мұхамеджанов басқосуда айтылған ұсыныс пікірлердің ескерілетінін, ұлттық ғылыми зерттеу институттарымен полигондардың аймақтарға, адамдардың денсаулығына әсерін зерттеуге бағытталған үш бағдарлама дайындалып, тиісті зерттеу жұмыс тары басталғанын және зерттеу жұ мыстарыны ң қорытындысына орай нақты шешім қабылданатынын жеткізді.
Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттердің халықаралық күні. Бұл күнді өз аумағында ядролық сынақ полигонын тарихта бірінші болып жапқан Қазақстанның бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы тағайындаған болатын. • Сондықтан да осы күні дүниежүзінің БҰҰ ға мүше барлық мемлекеті ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алады. Былтыр Швейцарияның Базель қаласында өткен ядролық қаруға қарсы халықаралық конференцияда еліміздің Тұңғыш Президентінің әлем елдеріне ұсынған АТОМ жобасын қызу талқылау әлі күнге жалғасуда. Ақиқатын айту керек, жер шарының тұрғындары Қазақстанды егемендікке қол жеткізген әлеуетті ел деп білсе, енді әлем елдерін ядролық қаруды қолданбауға шақырған бірегей ел ретінде тануда. • Жуырда елімізге алғашқы рет іссапармен келген Ұлыбританияның Премьер министрі Дэвид Кэмерон Елбасымен Атырауда кездесуде: «Ядролық қарудан бас тарту, қазақстандықтардың әл ауқатының жақсаруы, экономиканы әртараптандыру – осының бәрі Қазақстанның нақты жетістіктері. Біз мұнай газ саласында өзара ықпалдастық орнатып қана қоймай, білім беру, мәдениет және Қазақстан үшін стратегиялық мәнге ие өзге де бағыттардағы ынтымақтастықты дамытатын серіктес болғымыз келеді» , – деп Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту жөніндегі шешімі үшін ризашылығын білдірді. • Астана қаласында жетпістен астам мемлекеттен парламент басшылары мен депутаттары, үкімет мүшелері, белді халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, танымал саясаткерлер мен ғалымдардың қатысуымен былтыр өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – ядролық қарусыз әлемге» атты халықаралық конференция болып өткені белгілі. Осы жиында еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев: «Қазақстан халқы үшін ядролық қару мен радиация тым беймәлім нәрсе емес.
• Олар қырық жылдан астам уақыт бойы біздің жерімізді азапқа салған қатыгез де мізбақпас зұлымдық болатын. Біздің еліміздің аумағында атмосфералық, жер үстілік және жер астылық әскери және «бейбітшілік мақсатында» делінген 500 дей сынақ өткізілді. Бұл – ядролық қару пайда болғаннан бері әлемде жүзеге асырылған барлық сынақтардың тең жартысы» деп ащы шындықты баян еткен болатын. • Елбасының сол жиында «Ядросыз әлем – ол адамзат ұмтылуға тиіс біздің ортақ мақсатымыз» , – деп, әлем елдерін ядросыз әлемге үндеген сөзі бүгінде бейбітшілік пен елдің тұрақтылығын тілеген әлем елдерінің тұрғындарының нақыл сөзіне айналды. • Ядролық қару мен радиацияның зардабын бір көрсе – кең байтақ даламыз және сайын даланың төсінде мамыражай тіршілік кешкен қазақ халқы көрді. Айталық, 1949 1991 жылдары бір ғана Семей ядролық полигоны аумағында бес жүзге жуық сынақ жасалып, 1, 5 миллионнан астам адам радиация зардабын шекті. Радиация айналадағы тіршілік атаулыны бірте жоя отырып, күн сайын кең байтақ даламызды, өзендеріміз бен көлдерімізді улады, адамдарды қасіретке ұшыратты, тіпті ана құрсағындағы шараналарды мүгедек етті. • Тарихқа көз жүгіртсек, 40 жыл бойы ядролық сынақ алаңына айналған қазақ даласының 19 млн гектар жері бүлініпті. Бізге айтуға ғана оңай бұл деректің дертке айналған тұсы аз емес. Мемлекет басшысының бұйрығымен атом қаруын сынау тоқтатылғаннан бері жиырма жылдан асса да, зауалдың зардаптары жойылып болмағаны осыған дәлел.
«НЕВАДА - СЕМЕЙ» ҚОЗҒАЛЫСЫНА 25 ЖЫЛ Осыдан 25 жылдай бұрын Семей ядролық полигонында соңғы рет сынақ жүргізіліп, жарылыстар тоқтатылды. Халықаралық «Невада Семей» антиядролық қозғалысының құрыл ғанына сонша уақыт болды. Полигон – 40 жыл ғы азапқа толы халқымыздың қасіреті, басынан кешкен трагедиясы. Тағдырдың жазуымен туған жеріміз ядролық сынақтарды өткізу алаңы ретінде таңдалып алынды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумағы мұқият зерттеліп, нәтижесінде полигонды Семей қаласынан 130 шақырым қашықтықта салу туралы шешім қабылданды. Сынақ алаңының құрылысы 1947 жылы басталды. Екі жыл бойы дайындық жұмыстары жүргізіліп, құпияландырылған әскери бөлімдер Курчатов қаласында орналасқан штабтың құрылысы мен оны қамтамасыздандыру шараларын жүзеге асырды. Осы уақытта кеңес одағы ғалымдары жаңа ядролық қаруды жасап шығару жолында тынбай жұмыс жасап жатты. Семей ядролық полигоны жабылғаннан бері 25 жыл өткеніне қарамастан, жарылыстардың жаңғырығындай улы радиация, жүздеген мың адамның әртүрлі сырқаттарға шалдығуының себепкері болды.
«Полигонда жүргізілген сынақтар өте ауыр зардабын тигізді. Жыл сайын тамыз айында полигонның әкелген зияны жайлы сөз қозғалатын конференциялар өткізіліп келеді. Өңірімізге сынақтардың тигізген зардабы аса үлкен болды. Біз басқа аймақтардың тұрғындарына қарағанда 10 жылға ерте қартаямыз. Әлбетте, бұл жағдайды түзету үшін ядролық полигоннан зардап шеккен халықты оңалту шараларына көп көңіл бөлуіміз керек. Қазіргі уақытта, 25 жыл өткен соң, денсаулық саласында бұл бағытта қадамдар жасалып жатыр. Алайда, тікелей полигонның зардабын тартқан тұрғындарды сауықтыру өте қиын: олардың көпшілігі не қартайып қалды, не қайтыс болып кетті. Сондықтан, келешек ұрпағымыз жайлы, тегіміз жайлы, генетика жайлы ойлауымыз керек. қоғам болашағын жақсарту үшін өзі сауықтыруы қажет» , деді медицина ғылымдарының докторы Салауат Тапбергенов. Еліміздің тарихындағы ең соңғы ядролық жарылыс 1989 жылдың қазан айының 19 ы күні болды. 1991 жылы тамыздың 29 ы күні Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Семей ядролық полигонын жабу туралы» № 409 Жарлығына қол қойды. Сондықтан, қазір «Невада Семей» қозғалысы үлкен табыстарға қол жеткізді, сол арқылы ел тарихында өзінің ізін қалдырды және жер бетінде ядролық қаруды сынақтан өткізу қорқынышты құбылыс екенін ұғындыруға қауқарлы ұйымға айналды деп толық сеніммен айтуға болады.
МЕНІҢ ҰСЫНЫСЫМ Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі, алғашқы атомдық жарылыс дауысы. Жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті. Бірақ енді сол кездегі қателіктерді ескере отырып, Семей полигонының орнында өмір сүріп жатқан жергілікті халықтарды басқа аумақтарға көшіріп полигонды қайта іске қосу керек деп ойлаймын. Қазақ елі әлемдегі дамыған елдерден қалыспай ядролық қаруды ойластыруды бастауы қажет. Ертеңгі күні не боларын ешкім білмейді сондықтан да бәріне де дайын болып отыру керек!
ҚОРЫТЫНДЫ • 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
Қолданылған әдебиет Ø www. google. kz Ø http: //kk. wikipedia. org Ø http: //baq. kz Ø http: //vk. com Ø http: //egemen. kz Ø www. aikyn. kz Ø vsemee. kz
РЕЦЕНЗИЯ • Халықаралық Бизнес Академиясының 1 курс студенті Есеп және Аудит мамандығының 1301 тобында оқитын Орақбай Жанкелдінің “Экология және тұрақты даму” пәнінен жасаған жобасының тақырыбы: “Семей ядролық полигоны”. Семей полигонының мәселесі еліміздің тарихындағы өз ізін қалдырған оқиға. Бұл тақырып өте қиын болғанымен Жанкелді бәрін өте керемет жасаған, бәрі қысқа да нұсқа айтылған, оның жасаған ұсынысы өте орынды және дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан да бұл жоба жақсы бағаға лайықты! Рецензент: Кангельдинов Теміржан
СЕМЕЙ ПОЛИГОН.pptx