
Мутациялык озгергiштiк.pptx
- Количество слайдов: 8
Қазақстан – Ресей медициналық университеті СОӨЖ Тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік Орындаған: Канафина А. Б. Қабылдаған: Ерешова А. Т Алматы, 2015 ж.
Жоспар: Геномдық мутация Хромосомалық мутация Гендік мутация Цитоплазмалық мутация Мутагенді факторлар
Геномдық мутация – дегеніміз жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты организмнің белгілері мен қасиеттерінде пайда болатын өзгергіштікті айтады. Геномдық мутация тұтас гаплоидты жиынтықтың немесе хромосомалар санының көбеюіне немесе азаюына байланысты. Организмдерді хромосомалар саны гаплоидты жиынтыққа еселеніп көбеюіне қарай – полиплоидты, ал еселенбесе – анеуплоидты немесе гетероплоидты организмдер деп атайды.
Хромосомалық мутация - хромосома құрылымындағы өзгерістер. Бүтін хромосоманың мөлшері мен пішінін өзгерте алады. Бұл өзгеріс хромосоманың кей бөлімінің үзіліп қалуына, қосарланып кетуіне немесе оның ұштарының түсіп қалуы және хромосоманық бір бөлігі басқа бір бөліміне ауысуына байланысты.
Гендік мутация Гендік немесе нүктелік мутация деп ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруін айтады. Ол молекулалық деңгейде өтеді, микроскоп арқылы көрінбейді. Мутация нәтижесінде ағза биохимиялық, физиологиялық, морфологиялық өзгерістерге ұшырайды. Организмдегі бұл өзгерістер бірден немесе біраз уақыттан кейін біртіндеп байқала бастайды.
Цитоплазмалық мутация Цитоплазмалық тұқымқуалауды зерттеудің негізін 1908 - 1909 жылдары неміс ғалымдары К. Корренс пен Э. Баур салған. Цитоплазмалық тұқымқуалау негізінен аналық жол мен жүреді, өйткені аналық жасушада цитоплазманың мөлшері көп, алаталық жасушада цитоплазма мөлшері аз. Сонымен цитоплазмалық мутация плазмогендердің өзгеруі нәтижесінде организм белгілерінің өзгеруі болып табылады. Плазмогендер тек пластидтер мен митохондрияларда ғана болады.
Мутагенді факторлар - мутация санын арттыратын химиялық немесе физикалық әсер. Мысалы, электромагнитті сәуле шығарудың кейбір түрлері физикалық мутоген болатыны бүгінгі күні нақты белгілі. Ультракүлгін, рентген, сондай-ақ радиоактивті сәуле шығарудың барлығы да мәлім. Бұдан баска мутагенді әсер туғызатын химиялық заттар да, мысалы, азотты кышқыл бар. Қазіргі кезде қоршаған ортаның ластану деңгейінін, артуына байланысты адамда және ғаламшарымыздағы өзге ағзада мутагенездің кездейсоқ бақытсыздыққа ұшырату қаупі туралы сөз өріс алуда.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. 2. 3. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9 сыныбына арналған оқулық, 2 -басылымы, М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. Қазақстан энциклопедиясы, VI-том https: //kk. wikipedia. org/wiki/Мутацияларды_жікт еу
Мутациялык озгергiштiк.pptx