мурат.pptx
- Количество слайдов: 23
Қазақстан-Ресей медицина университеті СӨЖ Тақырыбы: Жара Орындаған: Масабаев М. М Тобы: 305 Б Тексерген: Кенжеев А. Т
Жоспары Жара атауының түсінігі. Жараның жіктелуі, маңызы, сипаты Жараның емі Пайдаланған әдебиеттер
Жара — механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген, мылжаланған, т. б. болып ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан Жараны кесілген Жара (оның шеті тегіс); ине, біз, пышақ кірген Жараны тесілген Жара, сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда болатын Жараны мылжаланған Жара (айналасы қанталап, жырымдалып тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі Жараны кездейсоқ Жара деп атайды. Ит қапқанда пайда болатын Жараның шеті жырым болады. Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан мөлшеріне байланысты.
Әсіресе, адамның басына, кеудесіне және ішкі органдарына түскен Жара қауіпті. Жараның қай түрі болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген Жара асқынып кетпей, тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген Жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис, күбіртке, гангрена, т. б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін. Егер адамды ит қапса, тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, Жарасын таңу керек. Жараның тез бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты. Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның Жарасы көпке дейін жазылмайды.
Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы — бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында). Жараларды зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнешеге жiктеймiз. Кесiлген жара (пышақ, әйнек, ұстараның жүзi т. б). Мұндай жараның жиегi тегiс, тiк және қан қатты ағады. Бұл жарада ауру дәрежесi басқа жарақат түрлерiне қарағанда азырақ. Шапқылағанда, балтамен кесiп алғанда кесiлген жараға ұқсас бұдан терең, тiптi кейде жарақат сүйекке дейiн жетуi мүмкiн.
Шаншылған: жара кішкентай болады. Бұл жарада тамырлардың, қуыс мүшелердің зақымдануы және жаралардың ластануы мүмкін. Мұндай жаралардың кеудеде, іште болуы өте қауіпті. Жараның көлемі кішкентай болғанмен мұндай жарада үлкен зақымданулар болатынын естен шығармау керек Шабылған жара – қоршаған ұлпалардың зақымдануымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда сүйек үсті қабатының, қоршаған анатомиялық жүйелер мен ұлпалардың, сүйектің зақымдануы мүмкін. Шабылған жаралар баяу жазылады
Кесілген жара – қоршаған ұлпалардың зақымдануы аз болады. Басқа жараға қарағанда таза, қан ағу жиі кездеседі. Кесілген жаралар тез бітуге бейім келеді. Бұлардың барлығы негізінен операциялық жаралар немесе кескіш құралдарды қолданудан пайда болады.
Жаншылған немесе жыртылған жаралар – ауыр жараларға жатады, себебі бұл кезде жара жұмырланған ауыр затпен ұрғанда пайда болады да, қоршаған ұлпалардың зақымдануы көлемді келеді. Жаншылған жараларда - шеттері түзу емес, езілген, ыластанған, бөгде заттар, ұйыған қан, көп қан тамырлары зақымдалған болып келеді, бірақ қанның ағуы онша қатты емес, себебі бұл кезде қан тамырлары қысылады да, қан ағу тоқтайды.
Тістелген жаралар – жануарлардың, адамның тістеу нәтижесінде пайда болады. Бұл жаралар ауыз сілекейімен өте ластанған, асқынып іріңдеген, өліеттенген болып, баяу жазылады. Тістелген жаралардың құтырмамен асқынуын естен шығармау керек. Осы жаралардың қатарына жылан, жәндіктер шаққанда болатын уланған жараларды да жатқызамыз.
Атылған оқ жаралары – анатомиялық көз қарас бойынша өте ауыр, көбірек ластанған жараларға жатады. Қарудың түріне қарай оқпен, жарықшақпен, бытырамен жарақаттанған, - деп бөлінеді
Оқтың қандай қашықтықта атылғанына үлкен көңіл бөлінеді: дәл түбінен атылған оқтан болған жаралар өте қауіпті, ал алыстан атылған оқтан болған жаралар оншалықты қауіпті емес. Атылған жаралар тесіп өткен, қуыс ішіне енген, тұйық біткен немесе жанама болуы мүмкін. Күрделі жарақаттың күшті зақымдайтын соққылау (контузия) әсері бар, сондықтан бұл кезде зақымдаушы заттың жүріп өткен жолының айналасындағы ұлпалар өте қатты дірілден зақымданады. Бұл жаралар өмір үшін өте қауіпті келеді.
Сыртқы түріне қарай жаралар: Нүктелік - нүкте тәрізді, тесік түрінде кездеседі. Мысалы: бізбен, оқпен, үшкір затпен шаншылған, т. б. Сызық бойлы жара-жараның шет-ернеуі тегіс кесілген. Мысалы: кесілген және шабылған жаралар.
Ауырсыну – қақсау немесе шаншу түрінде болуы мүмкін. Әсіресе қатерлісі – кернеп, ауырсыну сезімі – бұл анаэробтық инфекцияның дамып келе жатқанын немесе газды шірудің даму белгісін көрсетеді. Мұндай жағдайда жарақаттанудан кейін ауырсыну басылып, біраз уақыттан кейін басталғанына да мән беру керек. Бұл - жарада газды инфекцияның дамып келе жатқанының белгісі болады.
Жарақаттанудан кейін болатын жалпы бұзылудың негізгісі – ол қан айналысының бұзылуы. Ол кезде естен тану, шок, колапс, қаназдықтың белгісі байқалады
Жарадағы өзгерістер ағымы: Жарадағы өзгерістер – бұл физико-химиялық, морфологиялық және биологиялық күрделі жағдайлардың қосындысын құрайды. Ол жараның жазылуымен аяқталады. Бұл өзгеріс жараның бірінші және 2 -ші кезектегі жазылуларында бірдей жүреді, яғни таза немесе іріңді жараларда болсын бірдей жүреді. Жарадағы өзгерістер ағымы бірнеше кезеңнен тұрады: Гирголав жара өзгерістерін 3 -кезеңге бөледі: Дайындық (подготовительный). Алғашқы қайтадан – қалпына келуі (первичная регенерация). Соңғы қайтадан қалпына келуі (окончательная регенерация).
Н. И. Пирогов пен И. П. Давыдовский жарадағы өзгерістерді мерзіміне байланысты 3 кезеңге бөледі: алғашқы тазалану (первичное очищение) қабыну (воспаление) қайтадан қалпына келу (регенерация), көкеттелу (грануляция)
Жараларды емдеу. Егер жалпы жараны емдеу зандылықтарын айтатын болсақ, онда біз мыналарды болжауымыз қажет: жара құбылысының екі кезеңін, бағытын және әр кезеңдегі жараның физикалық-химикалық ерекшеліктерін; ағзаның жалпы жағдайын ескеру және оның жара бойындағы, жағалауындағы тигізетін әсері яғни науқасты емдеу; жарадағы қабыну, асқыну, морфологиялық өзгеру бағытын жетілдіріп, жақсартып, оның тез жазылып кетуіне жүйелі шаралар қолдану керек. Жараны емдеу әдістерін былай көрсетуге болады: Хирургиялық әдістер. Қарапайым: а) химиялық б)физикалық в)биологиялық.
Қарапайым әдістер іріңді жараларды емдеуде қолданылады Таза жараларды емдеу – инфекциядан сақтандыру шараларын жүргізуден басталады, яғни инфекцияның алдын алу үшін барлық шараларды қолдану
Жарада алғашқы хирургиялық өңдеу операциясын жүргізу мына кезеңдерден тұрады: жараны тазарту; ластанған жараларды таза ұлпаларға дейін тіліп, кесіп, тазартып, жараны бірінші кезекте асқынбай жазылатындай етіп жағдай жасауға болады. өлген ұлпаларды, бөгде заттарды, шіріген бөліктерді алып тастап, жараны екінші кезекте тыртықталып жазылатындай қалыпқа келтіру керек
Жарақаттанған жердiң белоктары ыдырап, оның уы денеге жайылады, зат алмасу бұзылады, тамыр соғуы әлсiреп, көз қарашығы ұлғаяды, естен тану бiрнеше минутқа дейiн созылады. Шоктың төрт дәрежесi бар. І дәрежелi шок – орташа жарақат алған кезде болады. Мұндайда терi бозарады, кейде көгередi, бұлшық еттерi дiрiлдейдi. Тыныс алу минутына 90 -100 -ге қан қысымы сынап бағанасынан 100/60 мм -ге дейiн төмендейдi. ІІ дәрежелi шок — ауыр жарақат алғанда пайда болады. Мұндай жағдайда шырышты қабаты мен терi бұзылады. Адам сүлесоқ жатады, айналасына көңiл аудармайды, жай баяу сөйлейдi. Тыныс алу минутына 30 -ға, тамырының соғуы 120 -ға дейiн жиiлейдi, қан қысымы, дене қызуы едәуiр төмендейдi. ІІІ дәрежелi шок. Көп зақым немесе көп жарақат алған кезде пайда болады. Мұндайда аурудың жалпы жағдайы ауырлайды, терiсi бозарады, көгередi, есiнен танады, қойған сұраққа естiлер естiлмес жауап бередi. Тамыр соғуы минутына 120 -140 -қа жетедi, дене қызуы төмендейдi. Қан қысымы 60 -30 мм-ге дейiн төмендейдi. ІV дәрежелi шок кезiнде ауру есiнен танады, тамыр соғуы бiлiнбейдi, қан қысымы өте төмен болады, тыныс алуы сирек әрi үстүрт болады.
Жараны жергілікті және жалпы емдеу. Жергілікті емдеу – түрлері: физикалық, химиялық, биологиялық Физикалық. Бәрінен бұрын жараға жақсы өткізгіш-түтік қою керек. Өткізгіш дегеніміз жарадағы сұйықтың, іріңнің, зиянды заттардың түтік арқылы сыртқа шығуы Химиялық тәсіл – химиялық антисептиктерді пайдалану. Осы мақсатта фурациллин, диоксидин, хлорамин, хлоргексидин, метрид, 10% ас тұзының қойылтылған ертінділерін, калий - перманганатын пайдалануға болады. Өлген ұлпаларды, шірінді бөлшектерді жою үшін 0, 5 -0, 25% хлораминді де пайдаланады. Биологиялық тәсіл – ағзаның иммунитетін жетілдіріп, денедегі қорғаушы күштерді жоғарылатуды айтамыз. Ағзаның иммунитетін жетілдіруде жалпы ағзаға әсер ету тәсілдері жақсы көмектеседі
Пайдаланған әдебиеттер Гостищев В. К. Общая хирургия. -М. : Медицина Петров С. В. Общая хирургия: Учебник для вузов с компакт- диском. Google
мурат.pptx