Гортань.pptx
- Количество слайдов: 6
Қазақстан – Ресей Медицина Университеті СӨЖ Тақырыбы: “Көмейдің құрылымы мен топографиясының жасқа байланысты ерекшеліктері және оның ЛОР ағзалар патологиясындағы маңызы” Орындаған: Нұрасыл Н. Ш. Тобы: 407”Б” Факультет: Жалпы медицина Тексерген: оқытушы, доцент Есеналиева Р. Н.
Жаңа туған нәрестелерде көмейдің көлемі қысқалау, кеңдеу келіп, ІІІ мойын омыртқаның тұсында орналасады. Бұл кезеңде көмей тесігінің кеңдеу келуі ожау тәрізді шеміршектің қалыптаспауына тікелей байланысты. Тіласты сүйек жоғары орналасады (ІІ мойын омыртқа). Жаңа туған нәрестелер мен емшек жасындағы балаларда көмей жоғары орналасқандықтан, тілшік(бөбешік) тілдің түбірінен сәл жоғары орналасады, сондықтан кесек тағамды жұтқанда, поэтому при глотании пищевой комок (жидкость) обходит надгортанник латерально по грушевидным карманам гортанной части глотки. , соның нәтижесінде нәресте бір мезгілде тыныс алып, жұтына алады, ол сору кезінде маңызды қызмет атқарады.
Жаңа туған нәрестелерде дыбыс саңылауының ұзындығы 6, 5 мм(ересектердікінен 3 есе қысқа). Дыбыс саңылауы 3 жасқа және жыныстық жетілу кезінде жылдам өседі. Көмейдің эластикалық конусы тар, қысқа. Жаңа туған нәрестеде биіктігі 910 мм. Бұлшықеттері әлсіз, дұрыс жетілмеген. Олар жыныстық жетілу кезінде дамиды.
Көмей 4 жасқа дейін тез өседі. Жыныстық жетілу кезінде (10 -12 жас) қайтадан белсенді түрде өсе бастайды, ерлерде 25 жасқа дейін, әйелдерде 2223 жасқа дейін жалғасады. Көмейдің өсуіне байланысты балалық шақта жоғарғы шеті мен тіласты сүйегінің арасы ұлғая бастайды. 4 -7 жастан бастап қарқынды түрде дамуына байланысты бұл ағзаның бүкіл элементтері қалыптасып, көмейдің ішкі қуысы кеңейіп, дауыстық байлам ұзара бастайды.
10 -12 жастағы ер балаларда көмей төмпешігі біліне бастайды. Жыныстық жетілу кезінде ер балаларда дауыс байламдары қыздарға қарағанда ұзындау болады.
Көмейдің шеміршектері жіңішке, жас ұлғайған сайын қалыңдай бастайды, бірақ ұзақ уақыт бойы иілгіштігін сақтайды. Егде жаста шеміршектер біртіндеп сүйектене бастайды және олар сынғыш, әлсіз болып келеді.
Гортань.pptx