токс срс - копия - копия - копия.ppt
- Количество слайдов: 12
Қазақстан-Ресей медицина университеті СӨЖ Тақырыбы Cпектрофотометрия. Улы заттардың ХТТ қолданылуы Орындаған Купен Б. Б Тексерген БАйзолданов Т. Б Алматы, 2015 ж
• Спектрофотометрлік әдісте аса күрделі құралдар- спектрофотометрлер қолданылады. Осындай құралдар түсті де, түссіз де қосылыстарды талдауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс тек қана Бугер- Ламберт. Бер заңы жұту коэффициентінің зерттелуші заттардың концентрациясына тәуелсіздігі заңдылығы толығымен орындалғанда қолданылады.
• Кейбір заттардың атомдары мен молекулаларының белгілі бір толқын ұзындықтағы жарықты жұту қасиеті бар. Осы қасиеті медицина мен фармацияда сапалы және сандық зерттеулерде кең қолданылады. Жұту спектрлерін өлшеу заттың химиялық құрамын, заттың күйін, түрлі химиялық заттардың таралымын (концентрациясын) анықтауға мүмкіндік береді. Спектрофотометрия әдісі қан сарысуын, жұлын сұйығын, зәрді, дәрілерді, тағам өнімдерін сандық және сапалық зерттеуде кең қолданылады және ерітінділердің концентрациясы да анықталады
• Спектрофотометрия – обьектілердің спектрлік сипаттамасын анықтайтын құралдар мен тәсілдерді құрастырумен шұғылданатын өлшеуіш техниканың бір саласы. Спектрофотометрия спектрдің көрінетін (400 -760 нм), ультракүлгін (200 -400 нм) және инфрақызыл (> 760 нм) аймақтарында жұтылу спектрлерін анықтау арқылы заттарды зерттеп, талдау әдісі. Спектрофотометриятолқын ұзындығына байланысты жарықты жұту интенсивтілігін анықтау арқылы заттарды оптикалық зерттеу әдісі.
• Көрінетін аймақтарда жұмыс жасайтын құралдарға комбинациялық шашырау спектрофотометрлері жатады, олар молекулалардың тербелмелі энергетикалық деңгейлерін оқып-зерттейді. Осы құралдарды ақуыздардағы байланыстарды, нуклеин қышқылдарындағы жұпты және жұпсыз негіздерді анықтау үшін қолдануға болады.
• Микрообъектілер спектрофотометриясы (микроспектрофотометрия) зерттеудің жекеленген саласы. Микроспектрофлуориметрлер сияқты микроспектрофотометрлер де әдетте спектрдің көрінетін аймағында жұмыс жасауға негізделген. Спектрофотометрия биологиялық зерттеулерде кең қолданылады. Ол әртүрлі биологиялық қосылыстарды: ферменттерді, дәрумендерді, гормондарды, ақуыздарды, нуклеин қышқылдарын, көмірсуларды, спирттерді, альдегидтерді, фенолдарды, кетондарды, органикалық қышқылдарды, липидтерді, пигменттерді, бірқатар органикалық емес заттарды (мысалы, натрийді, кальцийді, темірді, цинкті, хлорды, күкіртті) сандық анықтауда қолданылады.
• Медика-биологиялық зерттеулерде молекулалар мен атомдардың жұту спектрлерін талдаудың өте маңызды мәні бар. Спектрофотометрдің көмегімен түрлі биологиялық заттардағы (проба) ферменттердің, гормондардың, ақуыздардың, дәрумендердің, көптеген органикалық емес заттардың мөлшерін анықтап, қан жұғындысының құрамына сандық және сапалық талдау жасайды. Спектрофотометрияның негізі- зат арқылы өткен кезде монохроматты (бір толқын ұзындықтағы) жарықтың әлсіреу дәрежесін тіркеу болып табылады (Бугер- Ламберт- Бер заңы). Бугер- Ламберт- Бер заңы монохроматты жарықтың тек жазық параллель шоғыры үшін және белгілі бір шарттар орныдалғанда ғана дұрыс. Практикада осы заңнан ауытқушылықтар жиі кездеседі. Ауытқу себептеріне талдау жасалатын заттың не ерітіндінің физика-химиялық қасиеттерін (диссоциация, флюоресценция т. б. ), құралдық факторларды (мысалы, жарық шоғырының монохроматтылығының нақты болмауы), жарық шоғырында зерттелетін обьектінің біртекті болмауын (көбінесе обьектілердің микроспектрофотометриясы кезінде айқын көрінеді) жатқызуға болады.
• Спектрофотометрияның маңызды принципі оптикалық тығыздықтар принципі болып табылады, осы принципке сәйкес Бугер. Ламберт- Бер заңына бағынатын, бірбірімен өзара химиялық әсерлеспейтін қосылыстардан тұратын қоспаның оптикалық тығыздығы осы қосылыстардың оптикалық тығыздықтарының қосындысына тең
• Бір заттан тұратын ерітіндіні сандық сипаттау мынадай операциялардан тұрады: • 1) заттың толық жұту спектрін тіркеу (оптикалық тығыздықты толқын ұзындығының функциясы ретінде өлшейді); • 2) талдау (анализ) үшін белгілі бір толқын ұзындықты таңдау (); • 3) 6 -7 эталондық (стандартты) ерітінділерді дайындау; • 4) осы ерітінділердің белгілі бір толқын ұзындықтағы () оптикалық тығыздықтарын анықтау. • 5) Одан кейін оптикалық тығыздық шамасының концентрацияға тәуелділік графигі салынады: D = f (С). Оптикалық тығыздық 0, 05 -1, 50 аралығында нақты нәтижелерге ие болады.
• Зерттелуге тиісті ерітіндінің оптикалық тығыздығы барлық жағдайда салыстырмалы ерітіндіге қатысты өлшенеді (тура спектрофотометрлік әдіс). Салыстырмалы ерітінді ретінде таза еріткіш немесе құрамында талданатын ерітіндінің барлық құраушылары бар ерітінді алынады (анықталатын заттан басқа). Кейбір жағдайда салыстырмалы ерітінді ретінде • анықталатын заттың концентрациясы белгілі ерітіндісін қолданған дұрыс (зерттелетін ерітіндінің концентрациясынан төмен болатын концентрациясын). Осындай өлшеулер жүргізген кезде дифференциалды спектрофотометрия қолданылады. • Спектрлік талдауға арналған құралдар өңдеуші және басқарушы электрондық қондырғылармен, зерттелетін ерітіндіні автоматты түрде орнататын, өзі жазатын, цифрлық баспа түрінде шығаратын блоктармен т. т. жабдықталады.
• Биологиялық сұйықтардағы зат концентрациясын анықтау үшін спектрофотометрлік зерттеу әдістерін қолдану. • Фотометрлік талдау әдісі біртекті ортаның электромагнитті сәулелерді таңдап жұтуына негізделген. Әрбір біртекті орта белгілі толқын ұзындықтағы сәулелерді таңдап жұтуға қабілетті. Фотометрлік талдау әдісі қолданылатын аппаратураларға байланысты фотоколориметрлік және спектрофотометрлік деп бөлінеді. • Фотоколориметрлік әдісте түсті ерітінділердің жарықты жұтуы анықталады, бұл әдіс көбінесе ерітінділер концентрациясын анықтауда қолданылады және жарық сүзгіштер қолданылады, аппаратураның (күрделі емес аппаратура) өлшеу дәлдігі (%).
• Спектрофотометрлік әдісте аса күрделі құралдарспектрофотометрлер қолданылады. Осындай құралдар түсті де, түссіз де қосылыстарды талдауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс тек қана Бугер. Ламберт- Бер заңы жұту коэффициентінің зерттелуші заттардың концентрациясына тәуелсіздігі заңдылығы толығымен орындалғанда қолданылады. • Ерітіндідегі қандайда болмасын бір заттың концентрациясын анықтауға арналған сандық абсорбциялық фотоколориметрлік талдау әдісі екі әдіске бөлінеді: • 1. Графикті калибрлеу әдісі. • 2. Салыстыру әдісі.
токс срс - копия - копия - копия.ppt