мурат 1.pptx
- Количество слайдов: 12
ҚАЗАҚСТАН - РЕСЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СӨЖ Тақырыбы: Цистит Орындаған: Масабаев М. М Группа: 305 «Б» Факультет: жалпы медицина Тексерген: Калиакпарова И. С Алматы 2014
Жоспары Негізгі бөлім Цистит Патогенезі Емі Пайдаланған әдебиеттер
Цистит — қуықтың қабынуы. Қуыққа жұқпа кіргенде пайда болады. Аурудың дамуына қуықтың шырышты қабығын тітіркендіретін мынадай факторлар себепші болады: дененің қатты тоңуы, тәтті не болмаса тұздалған тағамдарды көп қолдану, спиртті ішімдіктерге үйір болу, сондайақ іштің қатуы. Цистит кіші дәреттің аз мөлшерде, үзік, қиындықпен шығуымен сипатталады.
Ер адамдар зәр шығару органдарының қабынуы кезінде және аталық бездің аденомасы пайда болғанда зәр шығару процесінің нашарлағанын байқайды. Сол себепті жиналып алған зәр қалдықтарының кристалдана бастағандығынан қабынулар мен тастардың пайда болуы басталады. Әйелдерде цистит ауруы жиірек кездеседі. Анатомиялық құрылысы б/ша әйелдерде уретра қысқа болғандықтан зәр шығару органдарының тез қабынуы осы себептерден.
Негізгі көріністері
Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк, т. б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра (үрпі түтігі) арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу, т. б. әсер етеді. циститтің екі түрі ажыратылады
Этиология Циститтің жедел түрінде адам кіші дәретке жиі барады, зәр сындырғанда қуықтың тұсы, сегізкөз сыздап ауырады. Науқастың дене темп-расы көтерілмейді. Несепті талдаудан өткізгенде, оның құрамынан лейкоцит, эротрицит және белоктың бар екені анықталады. Аурудың жедел түрінде дәрігердің тағайындаған емін уақытымен, дұрыс қабылдап, дерттің созылмалы түріне ауысып кетпеуіне күш салу керек. Науқас осының бәрін орындаса, аурудан жазылып кетеді. Циститтің созылмалы түрі қуық ісігі, простатит, уретрит, т. б. аурулардың салдарынан дамиды. Кейде дерттің өршуіне туберкулез, трихомоноз ауруларының да көп әсері бар.
Циститке жататын сипаттамалық көріністер - тамырдың жиі соғуы, зәрдің ауырсынып шығарылуы. Дене қызуының көтерілуі.
Циститтің алдын алу үшін жыныс ағзаларын ұдайы жуып жүру керек, жеке бастың тазалығын сақтап, қабынған ауруларды дер кезінде емдету қажет. Денеге суық тигізуден (суық суға шомылудан, не болмаса қыста жеңіл киінуден), қалбырланған не тұзы басым тағамдардан аулақ болған жөн
Диагнозтикасы. УЗИ, Лобаратория, жалпы анализ т. б
Eмделу Емі: режим және диета сақтау (рационнан консерві, ащы соустар, әр түрлі дәмдік қоспалар, ішімдік түрлерін шығару), жеміс-жидекті көп пайдалану, денені жылы ұстау, қуық тұсына жылу басу, бұлау қабылдау керек. Кейде дәрігер сұйықты көп ішуді (жылы сүт қосылған шәй, минералды су) ұсынады. Егер ауру асқынып кетсе, бұған себеп болған ауруды анықтап, соған байланысты арнайы ем қолданылады.
Пайдаланған әдебиеттер Google Юлия Попова. Болезни почек. Пиелонефрит, цистит, опущение почки Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь"
мурат 1.pptx