токс срс - копия - копия.ppt
- Количество слайдов: 10
Қазақстан-Ресей медицина университеті СӨЖ Тақырыбы Абсорбциялық спектроскопия әдісі. Дәрілік улардың электрондық жұтылу спекторларымен талдануы және оның талдау схемасындағы мәні Орындаған Купен Б. Б Тексерген БАйзолданов Т. Б Алматы, 2015 ж
• Абсорбциялық спектроскопия - спектроскопияның көрінетін (380 -780 нм), инфрақызыл (780 – 15*103 мкм) және ультракүлгін (15*103 - 7, 5*104) сәулеленулерінің жұтылу спектрін қарастыратын бөлімі. [1] Абсорбциялық спектроскопия әдістері кез келген агрегаттық күйде болатын заттардың электромагниттік сәуле шығаруын сіңіруге негізделген. Атом мен молекулалар электромагниттік сәуле шығаруын сіңіру процесінде энергетикалық козған күйіне ауысады. Сіңірілген сәуле зат атомы мен молекулаларының айналмалы, тербелмелі, ілгерілемелі энергияларын арттыруға жұмсалады. Кейбір жағдайда мұндай энергия фотохимиялық құбылыстарға да пайдаланылады
• Сәуле шығаратын объектілердің түріне карай: абсорбциялық спектроскопияны атомдық және молекулалық деп екіге бөледі. Атомдық абсорбциялық спектроскопияда талдау жасалмай тұрып-ақ зат құрамына енетін, аз мөлшерде болса да, атомға не иондарға дейін ыдырай алатын элементтер анықталады. Молекулалық абсорбциялық спектроскопияның артықшылығы спектрді алу кезінде заттың өзгеріссіз қалатындығымен түсіндіріледі.
• Әсіре күлгін (ультра - әсіре), көрінетін және инфрақызыл спектр аймақтарында зерттелетін зат молекулаларының немесе иондардың сәуле шығаруын сіңіруге негізделген молекулалық абсорбциялық талдау кезінде заттың тек элементтік құрамы жөнінде емес, молекулаларының құрылысы жөнінде де мәлімет алуға болады. Мысалы, осы әдіспен алюминий хлоридінің бетіндегі будың Ал. Цл 3 және Ал 2 Сл 6 молекулаларынан тұратыны, сұйық және қатты күйдегі алюминий хлоридінің қосарласқан димер молекула түрінде болатыны; алюминий үш хлоридінің эфирлі ерітіндісінде Ал. Цл 4 және Ал. Цл 3 иондарының кездесетіні; жұптасқан аллюминий хлоридінің молекуласында соңғы Ал-Цл және Ал-Цл-Ал байланысының барлығы анықталған.
• Спектроскопия(лат спецтрұм – бейне, көрсету және грек. скопео – көремін) – электрмагниттік толқындар спектрін зерттеуге арналған физиканың саласы. Толқын ұзынд. бойынша Спектроскопия радиоспектроскопия, инфрақызыл, оптик. , ультракүлгін; рентген, гамма Спектроскопия; зерттелетін жүйелер
• Спектроскопия– физиканың электрмагниттік сәуле шығару спектрлерін зерттейтін саласы. Спектроскопия әдістері бойынша атом, молекула энергия деңгейлерін және олардан құралған макроскопиялық жүйелерді, энергия деңгейлерінің арасындағы кванттық ауысуларды анықтайды. Спектроскопияның негізгі қолданылатын маңызды салалары – спектрлік талдау және астрофизика. Спектроскопияның негізгі даму кезеңдері – 19 ғасырдың басында Күн спектріндегі жұтылу сызықтарын ашу мен зерттеу, шығару және жұтылу спектрлеріндегі байланыс орнату (Г. Р. Кирхгоф, 1859) мен оның негізінде спектрлік талдаудың пайда болуымен басталды.
• Спектроскопия көмегімен ең алғаш астрономиялық нысандардың – Күн, жұлдыз, тұмандықтардың құрамы анықталды. 19 ғасырдың 2 -жартысы – 20 ғасырдың бас кезінде спектроскопия эмпириялық ғылым ретінде дами берді, орасан зор тәжірибелік материал жинақталды, спектрлік сызықтар мен жолақтардың орналасу заңдылықтары ашылды. 1913 жылы Н. Бор бұл заңдылықтарды кванттық теория негізінде түсіндірді. Спектроскопия әр түрлі белгілеріне байланысты жеке салаларға бөлінеді. Электрмагниттік толқындардың ұзындық (немесе жиілік) диапазоны бойынша спектроскопия: радиоспектроскопия, субмиллиметрлік, қысқа толқынды, оптикалық, ультракүлгін, рентгендік болып бөлінеді.
токс срс - копия - копия.ppt