Қазақстан –Ресей медицина университеті
Қазақстан –Ресей медицина университеті СӨЖ Тақырыбы: Комплементтік иммунтитет жүйесінің рөлі. Орындаған: Жәлел Мерей 302 б стом Тексерген: __________ Алматы 2015
Комплементтік жүйе – бул иммундық реакцияға қатысатын коп компонентті ферменттік жүйе. Комплементті бірінші Борде ашты. Комплемент жүйесі қан сары суында болатын белоктар жиынтығы. . Олардың әртүрлі ферметтік белсендлігі бар. Бул белоктар біріншілік активациядан кейін бірімен -бірі тізбектесе байланысады да биологиялық активті әсері бар заттарды бөледі.
Комплемент жүйесі патогенезінде иммунды комплексті механизмдер бар патологиялық процестердің дамуында манызды роль аткарады. Аутоиммунды аурулардағы тканьдердің зақымдалуында да комплемент жүйесі қатысады.
Комплемент жүйесінің қызметі: 1) бактерия қабырғасының лизисін шақырады, 2) антиденелермен опсонизациялған клеткалардың фагоцитозің кұшейту, 3) тромциттердің агрегациясың шақыру, 4) калликреин-кининдық жүйесің активтеу, 5)аллергиялық реакцияларға қатысу, 6) аутоиммунды процестерге қатысу, 7) иммунокомпетентті клеткалардың қызметіңе әсер ету, 8) кейбір вирустарды нейтрализациялау, 9)иммунды комплексті аурулардың дамуына қатысу.
Комплемент жүйесі белсенділігінде классикалық және альтернативті жолдарға бөлінеді. Классикалық жол Са –ионның қатысуымен АГ/АД комплексімен активтенеді. С 1 арқылы басталады. С 1 молекуласы иммуноглобулиннің (көбіне Ig. M және Ig. G) домені аумағындағы Fc-фрагментімен байланысады. Бул кезде С 1 молекуласың байланыстыратың Ig. G –дің екі молекуласы “критикалық” қашықта болуы керек. Сонда ғана С 1 -молекуласы активтенеді. Бірақ, бул жағдай әрқашан болмайды және Ig. G комплемент жүйесінің эффективтілігі төмен активаторы болып саналады. Сондықтан барлық иммуноглобулиндер ішінде пентамерлі Ig. M ең күшті активаторы болып табылады.
Иммуноглобулиндердің Fc-фрагментімен С 1 g- байланысады, одан кейін С 1 s- фрагменті байланысады. Ол комплементтің С 2 және С 4 компоненттерің 2 фрагментке бөледі: С 2 а, С 2 в, С 4 а, С 4 в пен С 2 а комплекс түзіп С 1 -фрагментінен босайды. Қалғандары сұйық фазаға кетеді. Босалған С 1 келесі С 2 мен С 4 молекулаларың ыдыратуға дайын болады. Арығарай тізбектік реакциясының схемасы: С 4 в. С 2 а комплекс (С 3 -эстераза) С 3 -ке әсер етеді. С 3 а мен С 3 в ға ыдырайды. С 3 а сұйық фазаға кетеді, ал С 3 в бірінші комплекске қосылып 2 -ші комплексті түзеді - С 4 в. С 2 а. С 3 в. ол С 5 - эстераза деп аталады және С 5 -ке әсер етеді. С 5 екі фрагментке ыдырайды: С 5 а мен С 5 в –ға. С 5 а сұйық фазаға кетеді, ал С 5 в арығарай өзіне С 6, С 7, С 8, С 9 қосып мемранолитикалық комплексті түзеді (МЛК).
Комплементтің альтернативті жолмен белсенділуы. Комплементтің альтернативті жолмен активтенуі С 3 -тін активациясынан басталады. Оны антиденелер емес микробтың қабығының компоненттері, пропердин жүйесі, активтейді. Процестің ары ғарай ағымы классикалық жолмен бірдей. Комплементтің альтернативті жолмен активтенуі организмге түскен микроорганизмдерден жедел қорғану механизмің жүзеге асырады.
Комплемент жүйесінің зақымданулары рецидивті инфекцияларға және иммунды комплекстерге байланысты патологиялық жағдайларға әкелу мүмкін. Комплементтің 1 -ден 4 -дейін жетіспеушілігі иммунды комплексті аурулармен көрінеді, ал С 3 -тің жетіспеушілігі пиогенді инфекцияларға жоғары бейімділікпен ассоциациалған және жүйелі қызыл жегі симптомдармен көрінеді. С 5 -8 компоненттерінің жетіспеушілігі Neisseriaмен шақырылатың инфекцияларға жоғары бейімділікпен ассоциациалған.
Комплемент жүйесінің белсенділігі ингибирлеуші факторлардың бақылаумен жүреді. Ингибитолар: С 1 -ИНА, С 3 в-ИНА. С 1 -эстераза ингибиторының жетіспеушілігі анигионевротика -лық ісінуімен көрінеді. С 3 ИНА жетіспеушілігі кезінде С 3 молекуласының ыдырауы жоғарлау нәтижесінде С 3 өнімі де көбееді. С 3 а әсерінең мес клеткаларынан шыққан гистамин рецидивті есекжемге әкеледі. Комплементтің жалпы белсенділігі қой эритроциттермен гемолитикалық жүйеде анықтайды. Бул әдістің негізінде сары судағы комплемент гемолитикалық сары сумен сенсибилизациялған қой эритроциттердің гемолизің шақырады. Комплемент компоненнтерің анықтау моноспецификалық антисары суды қолдануға негізделген.
Назарларыңызға рахмет!!!

