
T_1256_LESh_ZhANERKE_KhORM.ppt
- Количество слайдов: 27
ҚАЗАҚ ХРОМЫ
• Кіріспе Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүз. рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді. Минералдық шикізат ресурстары еліміздің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Маңыздылығы жағынан олар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экон. -саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70 -тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді. Бейметалл кен байлықтарының барланған және әлуеттік қоры мол. Республика аумағында бейкентасты шикізаттың 2000 -нан аса барланған кен орындары бар, оның 1200 -і құрылыс материалдарының кен орындары. Республикада шипалы балшықтың 30 -дан астам кен орны тіркелген. Олардың көпшілігі Қазақстанның батысы мен солт-нде орналасқан. Қазақстан өзінің жер қайнауының байлығымен әйгілі. Оның байлығы территориясының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфтанғанда, рудалар және түрлі минералдар пайда болады. Қатпарлы жақпарлы таулар (Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань) қатты бұзылып күшті кемірілген сайын рудаға бай теңдігі жатқан тау жыныстары жер бетіне жақындап кейде тіпті жер бетіне шығып қалған. Көбіне бұзылған ескі таулардан рудалы қазбалар табылады.
• Қазақстан қазір хром, ванадий, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүние жүзінде бірінші орын алады. Ал темір, хромит, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, фосфорит, мыс, калий және кадмий қорынан елімізде алдыңғы орындардың бірінде. Пайдалы қазбалар кен орындары үш топқа бөлінеді: жанатын, рудалы және рудасыз.
• Қазақстан жер қыртысында тоқсаннан астам пайдалы қазбалар кездеседі. Республика аумағында пайдалы қазбаларды іздестіру жиырмасыншы ғасырдан бастау алған. Қатты пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлемі бойынша республика 70 тау -кен өндіруші державалардың ішінде 13 -ші орынды иемденеді. Кен орны пайдалы қазбаларды іздестіру өндіруге жарарлықтай жер қыртысында табиғи шоғырлануы. Біздің елімізде 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Пайдалы қазбалардың таралу ерекшеліктері: Архей протерозой, полезой, эраларының қалың шөгінді жыныстарының да мыс, мырыш, никель, темір, алтын, фосфор рудалары кездеседі.
ХРОМТАУ • Хромтау - қала, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының орталығы (1967 жылдан). Облыс орталық — Ақтөбе қаласынан шығысқа қарай 86 километр жерде, Мұғалжар тауының солтүстік етегінде, Ойсылқара, Сарымырзаөзендері бастауындағы дөңесті жерде орналасқан. Тұрғыны 21, 2 мың адам (2005). Іргесі 1940 ж. Дөң хромит кен орнының игерілуіне байланысты жұмысшы кенті ретінде қаланған. Қаладағы негізгі кәсіпорындар: “Дөң кен байыту комбинаты” және “Дөң мұнайбаза” АҚ-дары. Одан басқа қалада “Керамика” АҚ, “Рахат-21”, “Сауда орталығы”, “Әділ фирмасы” ЖШС-тері, “Бек” ӨК, т. б. шағын жеке кәсіпкерліктер (“Егізбаев”, “Наурызбаев”, т. б. ) жұмыс істейді. Әлеуметтік салада жалпы білім беретін 6 мектеп, 1 кәсіптік-техикалық мектеп, 3 балабақша, Кеншілер мәдениет үйі, клуб, пошта, телеграф жүйелері, 100 орындық шипажай, т. б. бар. Хромтау арқылы ресубликалық маңызы бар Қандыағаш — Алтынсарин — Жітіқара — Қостанай т. ж. және Қарабұтақ — Комсомольское — Денисовка — Қостанай автомобил жолы өтеді.
ҚАЗАҚСТАНДА КЕЗДЕСЕТІН КЕН ОРЫНДАР • ДОНСКАЯ ГРУППА • ЖАРЛЫБУТАКСКАЯ ГРУППА • ИЮНЬСКОЕ • КАРААГАШ • МИЛЛИОННОЕ • ПЕРВОМАЙСКОЕ • ПОИСКОВОЕ • САРЫСАЙСКОЕ • СОЛОВЬЕВСКОЕ • 39 • 40 ЛЕТ КАЗАХСКОЙ ССР • АККАРГА-ХРОМИТОВАЯ • АЛЕКСАНДРОВСКОЕ • АЛМАЗ-ЖЕМЧУЖИНА ВОСХОД • ГЕОФИЗИЧЕСКОЕ IX • ГЕОФИЗИЧЕСКОЕ VII • ГЕОФИЗИЧЕСКОЕ XII • ГЕОФИЗИЧЕСКОЕ Х •
• КЕН ОРНЫ: АЛМАЗ-ЖЕМЧУЖИНА • Кемпирсайско-Даульский • РЕГИОН • Батыс Қазақстан • Сипаттама Алмаз – Жемчужина кен орны 1936 жылы ашылды. Орналасу аймағы Батыс Қазақстан аумағы Хромтау облысы. Қоры жөнінен 287, 58 мил. т құрайды
• МЕСТОРОЖДЕНИЕ ДОНСКАЯ ГРУППА • Кемпирсайско-Даульский • РЕГИОН • БАТЫС ҚАЗАҚСТАН • СИПАТТАМА • Кен орны Донской группы (№ 15, 19, 24, 25) 1937 жылы Батыс Қазақстан аумағында орналасқан, қоры жөнінен 200 мил. т Оксидтті хром 47, 7% құрайды. Кен орны ашық әдіс бойынша алынады.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗГІ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ Пайдалы қазбалар түрі Теңгерімді қорлар (тонна) Әлемдегі орны (қорлар бойынша) Әлемдегі орны (кенде қамтылым бойынша) Темір кені 18 600 000 6 7 Марганец кені 635 200 000 4 10 Хром кені 382 700 000 2 1 Бокситтер 365 400 000 12 н/д Қорғасын 17 200 000 5 41 Мырыш 39 800 000 5 40 Мыс 39 300 000 12 63 Титан 24 100 000 10 15 Вольфрам 2 100 000 1 25 Алтын 2 232, 6 15 2 Күміс 53 204 4 31 Қалайы 69 300 10 23
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МИНЕРАЛДЫҚ ШИКІЗАТ ҚОРЛАРЫ
ХРОМ ЭЛЕМЕНТІ • Хром (лат. Cromium), Cr, • Менделеев кестесіндегі VI топтың химиялық элементі • атомдық номері - 24, • атомдық массасы - 51, 996; • ақ, сұр түсті, қатты, ауыр балқитын металл.
• Хромды 1797 ж. француз химигі Л. Н. Воклен крокоизит минерал ының құрамынан ашқан. • Крокоизит (Рb. Сr. O 4, крокоит деп жиі аталатын) - XVIIғасырдың 40 ншы жылдары Оралда табылып, М. В. Ломоносов сипаттаған сирек минерал. Оны 1762 жылы петебург профессоры И. Леманом Сібірден тапқан. Одан кейін сібір минералынан жаңа элемент қосындысын тапқан Воклен болды
ХРОМНЫҢ ТАБИҒАТТА КЕЗДЕСУІ Хром кең тараған элемент. Жер қыртысындағы салмақ мөлшері. 2*10– 3%. Өнеркәсіптік маңызды минералы — хромит, оның бай кендері Солтүстік Оралда, Кавказ сыртында, Батыс Қазақстанда кездеседі. Батыс Қазақстандағы кені Ақтөбедегі хром қосылыстары заты мен ферроерітінді затын хроммен қамтамасыз етеді. Хром — ақ, сұр түсті, қатты, ауыр балқитын металл, балқу t 1910 C, қайнау t 2480 C тығызд. 7, 14 грамм/куб сантиметр. Хромитті теміртас — тотықтар класына жататын минерал. Химиялық формуласы: Fe. Cr 2 O 4. Қатты Моос шкаласы бойынша 4, 5 — 5, 5, тығыздығы 4, 5 — 5 грамм/куб сантиметр. [1] Кубтық сингонияда кристалданады, жіктілігі нашар, түсі қара, сызығы сарғыш қоңыр, магниттік қасиеті бар. Хромит магманың бөлшектеніп жіктелу барысында пайда болып, кейде өте негізді тау жыныстарының (перидотит, дунит) арасында кездеседі.
ХРОМИТ КЕН ОРЫНДАРЫ Хромит кен орындарының 99%-ы Мұғалжар тауларында кездеседі. Кемпірсай және Доң тобына жататын кен орындары жоғары сапалы рудалармен әйгілі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері жөнінен дұние жүзінде екінші орынға шықты. Олар тоттанбайтын болат қорытуға қажет. Хром әлемнің 40 еліне шығарылады. Хромит кендері Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында да ашылды. ТМД елдеріндегі хромиттің 97%-ы Қазақстанда өндіріледі. Оның 22 кен орны есепке алынған. Жалпы қоры 430 млн. Хром рудаларының бүкіл қоры Кемпірсай рудалы ауданында (Мұғалжар жоталарында) шоғырданған. Хром рудаларының қорының мол болуына қарамастан, оларды игеру мәселесі көңілдегідей емес (қазір 4 кенорын ғана игерілуде).
• Ақтөбе Хром Қосындылары Зауыты – хром қосындыларын өндіруге мамандандырылған кәсіпорын. Ақтөбе қ-нда орналасқан. 1995 жылдан “Ақтөбе хром қосындылары зауыты” акционерлік қоғамы (АҚ). Зауыттың бірінші кезегі 1957 ж. іске қосылды. Толық жобалық қуаты 1960 ж. игерілді. 1963 ж. екінші кезегі (монохромат және бихромат өндірісі) іске қосылып, кәсіпорынның қуаты үш есе артты. 1965 ж. хром ангидридін өндіретін бөлімше мен күкіртті натрий цехы пайдалануға берілді. 1966 ж. мемлекеттік комиссия реактивті тұздар цехын қабылдап алды. Оның өндірістік алаңында 1974 ж. алюмохромфосфат қоспасы өндірісі ұйымдастырылды. Бұдан соң да өндірістің өзекті буындарында технологияны жетілдіру, еңбек жағдайын жақсарту, өндірісті автоматтандыру мен механикаландыру, өндіріс қалдықтарын пайдалану саласында жарақтандыру жұмыстары атқарылды. Зауытта натрий монохроматы және натрий бихроматы, хром ангидриді, хром тотығы, хром малмасы және күкіртті натрий өндірістері жұмыс істейді. Хром кені барабанды айналмалы пештерде доломит және кальциленген содамен бірге тотықтыра күйдіру жолымен өңделеді. Хром қосындылары халық шаруашылығының сан алуан саласында: тоқыма, былғары және тері өңдеу өнеркәсібінде тері илеуге, авиация, машина және приборлар жасау, газ, мұнай және мұнай өңдеу өнеркәсібінде катализатор және ингибитор ретінде, лак-бояу, парфюмерия, дәрі жасау және химия өнеркәсібінде тотықтырғыш әрі бояу ретінде, жол құрылысы және басқа да өндірістерде қолданылады. 1997 ж. 83418 т хром тұздары өндірілді. Зауыттың өнімдері 31 шетелге (АҚШ, Жапония, Англия, Бельгия, Франция, Германия т. б. ) шығарылады. Кәсіпорынның жылдық қаржы айналымы 3003, 9 млн. теңге. Жеке меншік түрінде басқарылады. Акциясының 31%-і мемлекет қолында.
АҚТӨБЕ ХРОМ ҚОСЫНДЫЛАРЫ ЗАУЫТЫ АШЫЛУЫ
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ОЗЫҚ ЗАУЫТ АҚТӨБЕДЕ САЛЫНУДА Хром және марганец кенін өндіру, ферроқорытпа өндірісі — аталған өндірістің қызметінің негізгі бағыттары. Журналистердің басты мақсаты әлемдік деңгейдегі ірі өндірістің соңғы жаңалықтарын көру, бағамдау еді. . Бұл құрылыс «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының жаңарту және техникалық даму бағдарламасына сәйкес жүргізілуде. Аталған жоба Қазақстанның мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына кіреді және «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамы жоғары көміртекті феррохром өндірісін ұлғайту жөніндегі стратегиясы аясында жүзеге асырылуда. . Жаңа зауыт құрамына жылына қуаттылығы 440 мың тонна жоғары көміртекті феррохромды құрайтын заманауи үздіксіз токты төрт пеш кіреді. Құрылыстың жалпы құны 750 млн. АҚШ долларына тең. Осындай дәуірлік маңызы бар ірі құрылыс алдағы 2013 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр
«ҚАЗХРОМ» ТҰК» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫ. . Ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосылатын бұл зауыттың жылдық қуаты - 440 мың тонна. Жобаның құны - 111 млрд. теңге. Жобаның арқасында 500 тұрақты жұмыс орны құрылады. Жоба дүниежүзінде баламасы жоқ жоғары көміртекті феррохром өндірудің инновациялық технологияларын енгізуді және электр жабдықтардың, автоматизацияның мен тұрақты ток пештерінің жаңашыл жүйелерін пайдалануды қарастырады. Жобаны іске асыру өнімдердің өзіндік құнын төмендетіп, тауар жоғары көміртекті феррохром шығару көлемін ұлғайтады. Инновациялардың есебінен еңбек өнімділігі 3 -4 есеге өседі.
ІСІ КЕНЕУЛІНІҢ –ЕСІМІ ЕЛЕУЛІ
ХРОМНЫҢ ТҰРМЫСТА ҚОЛДАНЫЛУЫ Cr Металлургияда Химиялық өндірісте Тұрмыста Медицинада Ғылымда
ҚАРА ЖӘНЕ ТҮСТІ МЕТАЛДАР КЕНІН ӨНДІРУ КӨЛЕМІ (МЫҢ ТОННА)
ХРОМ РУДАСЫ ЭКСПОРТТА
ҚОРЫТЫНДЫ • Қазақстан экономикасының және әлеуметтік дамуының қазіргі кезен геология саласына еліміздің минералдың шикізат базасын нығайту мен ұлғайту мәселесі қойылды. • Қазақстан хромит рудасының кені бойынша әлемде екінші орынды иелене тұра, ірі қоры болуына қарамай, оны өндіру ( қазір 4 кенорын игерілуде) жер асты тәсіліне өтуіне және карьердегі жұмыс шебінің қысқаруна байланысты тежелуде. Қазір ашық тәсілмен өндіруге қолайлы жоғары сапалы хромит руданың қорын арттыру қажет. • Осыған байланысты геология кенорындар мен кеніштердің қазіргі кен – геологиялық ахуалының ұдайы күрделенуі жағдайларында Жер қойнауын игерудің проблемаларын нәтижелі шешуге қабілетті мамандардың даярлаудың негізі болып табылады.
T_1256_LESh_ZhANERKE_KhORM.ppt