казак хандары.pptx
- Количество слайдов: 22
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАРХЫ (ХІ Ғ. ОРТАСЫ-ХІХ Ғ. І ШИРЕГІ Қазақ хандары ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ Қазақ хандығының кезеңдері ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ Қазақ қоғамы ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ Қазақ хандығы және көрші мемлекеттер Қазақ хандығы дәуіріндегі тұлғалар Қазақ хандығы: деректер, зерттеулер ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ Батырлар ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ
ТӘУКЕ ХАН АБЫЛАЙ ХАН ЖӘНІБЕК ХАН КЕРЕЙ ХАН ӘБІЛҚАЙЫР ХАН ЕРАЛЫ ХАН НҰРАЛЫ ХАН ҚАСЫМ ХАН ЖӘНГІР ХАН
ЖАНҚОЖА БАТЫР НҰРАЛЫ БАТЫР ИСАТАЙ БАТЫР ЖАСЫБАЙ БАТЫР АГЫНТАЙ БАТЫР ОЛЖАБАЙ БАТЫР ЕСЕТ БАТЫР МАХАНБЕТ БАТЫР РАЙЫМБЕК БАТЫР
Тәуке хан Жәңгірұлы Тәуке хан (1626 -1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығыныңбилік тізгінін қолға алған кезде (1680 ж. ) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді. Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты.
Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды.
Абылай хан Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733— 1737) билік құрған. Абылай хан (1711 -1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Ашжалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады.
Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30 -40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. XVIII ғасырдың 30 -жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады.
Жәнібек хан 1456 ж. Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілхайыр билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керейбастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстанханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханныңмаңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 ж. Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды. Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханныңтұқымдары — Жәніібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.
Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты. 15 ғ. орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды. Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 1473 ж. кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.
Ералы хан Ералы, Ермүхамедәли баһадүр хан (т. ж. б. — 1749) — сұлтан, Кіші жүз ханы (1791 - 94), Әбілқайыр ханныңекінші ұлы, А. И. Тевкелев елшілігіне аманатқа берілген. Әкесінің тірі кезінде Орта жүз керейлерінің және Кіші жүзшөмекейлері мен төртқарасьшьщ сұлтаны болды. Кіші жүзде әкесі Әбілқайыр ханның саясатын белсенді түрде жүзеге асырды. Әкесінің Орта Азия хандықтарымен Ресеймен байланысты көптеген маңызды тапсырмаларын орындаған. 1733 ж. Ресей елшісі Тевкелевке қосылып, Кіші жүздің елшілігін бастап, Петербургке барған. 1733 ж. 10 ақпанда Ералы патшайым Анна Иоановнаның қабылдауында болды. Қазақ-орыс Ералы (ортада), Дж. Кэстль суретінен, 18 г. байланыстары, Кіші жүздің саяси статусы жөнінде орыс ханымымен келіссөз жүргізді. Ералы бастаған дипломат миссияда ұлы жүздің де бірнеше өкілдері болды. Осының нәтижесінде Төле би, Қодар би, Сатайжәне Қойгелді батырларға арнап орыс үкіметінің грамотасы жіберілді. Сыртқы істер коллегиясы грамотада (лы жүздің Ресей құрамына қабылданғанын жариялады. Алайда аталмыш грамота әр түрлі жағдайлармен Ұлы жүзге жетпеді Кіші жүздің белгілі өкілі ретінде Орта Азия хандықтарымен, әсіресе осы өңіргелес орналасқан қарақалпақтармен арадағы қайшылықтарды шеиіуге тікелей ат салысты. 1742 ж. қарақалпақтардың Мамыр мен Құшан бастатбасын әкесінің тапсырмасымен Ресей құрамына қабылдауда ресми өкіл қызме- тін атқарды. Ералы Абылайды Жоңғар тұтқыньшан босатуға аттандырылған майор К. Миллердің елшілігін жоңғар шекерасына дейін аман-есен жеткізуге күш салды. Сорочинская бекінісінде әкесінің аманаты ретінде ұсталған Қожахмет сұлтанның жағдайының біршама жақсаруына себепші болды.
1747 ж. Қожахмет Ералының араласуымен әкесіне қайтарылғанымен, көп кешікпей дүние салды. 1748 ж. тамызда Әбілқайырдың қайғылы жағдайда дүние салуы Кіші жүздегі саяси ахуалды түбірімен өзгертіп жіберді. Ералы ағасы Нұралымен тізе қосып, Кіші жүзге хандыққа таласқан Батыр сұлтанмен күрес жүргізді. Нұралының таққа отыруына барынша көмек жасады. Кіші жүздегі саяси ахуалдың шиеленісуіне қарай Ералы өзінің бар мүмкіндігін Нұралыны патша үкіметінің қастығынан қорғауға тырысты. Алайда Башқүрттардың көтері- лісі (1755) және Еділ қалмақта- ры Жоңғарияға ауа. қашқан ке- зінде (1771) Ералы сұлтан патша үкіметіне елеулі көмек көрсетті. Белгілі батыр, көтеріліс басшысы, Нүралының тақтан тайдырылуына себепкер Сырым Датұлының уақытша болса да губернатор О. Игельстроммен ауыз жаласуына қарсылық білдірді. Оны серіктерімен қамауға алды. II Екатеринаның талабымен ғана босатты. Нұралы ханды тақтан түсіріп, жер аударғанда (1786) оны елге қайтаруды талап еткен сүлтандар мен шонжарлардың күресін басқарды. Хандықты уақытша жойған Игельстроммен күресті. Өзінің жақтастарымен Жайық бойындағы бірнеше бекіністерге қауіп төндірді. 1790 ж. Нұралының Уфада дүние салуы Ералының патша үкіметіне қарсылығын кұшейтгі. II Екатерина халық арасындағы оның беделінің нық екенін ескеріп, хандық билікті қалпына келтіріп, 1791 ж. тамыз айының соңында оны хандыққа көтеруге келісімін берді. Сырым мен оны қолдаушылар Ералыны хан деп мойындамады. Оның устіңе Ералы әбден қартайып қалған Хандыққа келісім берсе де, өзінің мүмкіндігініңқ азайып қалғандығын түсінді.
Нұралы хан (1748 -1786) — билік құрған. Әбілқайыр хан өлген соң, 1748 жылы Кіші жүздегі хандық таққа оның ұлы Нұралы отырды. Бұл шешімді Ресей патшайымы Елизавета Петровна бекітті. Нұралы патшалық билік тарапынан бекітілген бірінші қазақ ханы еді. Патша үкіметі бұл әрекеті арқылы ендігі уақытта қазақ жұрты хан ретінде мойындаған сұлтанды хандық дәрежеге бекіту немесе бекітпеу өз еркінде екендігін білдіруі еді. Бұл қазақ халқының дербес мемлекеттігін жоюға бағытталған алғашқы қадам, сондай-ақ "Патшалық ішінде патшалықтың болуы мүмкін емес!" деген стратегиялық бағыт көрінісі болатын. Нұралы хан да әкесі Әбілқайыр сияқты ел арасындағы ықпалды топтардың қолдауына сүйене алған жоқ. Әкесіне ұқсап ол да алғашқы жылдары жалпықазақтық тақтан үміткер екендігін білдірді де, бірақ сыртқы істер коллегиясы. И. И. Неплюевтің кеңесі бойынша, Нұралы ханның өтінішін қолдамады, сөйтіп бекіту грамотасында оның билік ауқымын белгілемей, жай ғана "қазақ ханы" атады. Бұл қазақ коғамын жеке хан билігі арқылы басқарудан бас тарту еді. Нұралы ханға дара қолдау көрсету өз ретінде Абылай, Барақ және басқа ел арасындағы аса беделді билеушілерді Ресейге қарсы қоюмен тең болды. Нұралы ханның саясаты Кіші жүз қазақтарының башқұрт халқымен арақатынасының шиеленісуіне алып келді. 1755 жылы Башқұртстанда Ресей езгісіне қарсы жаңа көтеріліс бұрқ ете калды.
Көршілерімен араздасқан Нұралы хандық ішінен де қолдау таба алмады. Патшалық әкімшілікпен ғана жақын болу жолына түскен ханның рубасылармен арақатынасы алшақтап кетті. Хандықтың күнделікті өміріне байланысты шақырылып тұратын билер кеңесі де сиреп, билердің ел басқару ісіне араласу мүмкіндігі тарыла түскенді. Ал Нұралы ханның Жайықтың оң жақ бетіндегі жайылымдарды пайдалануға патшалык әкімшіліктің келісімін ала алмауы, соның салдарынан мал шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы ханның беделін біржола құлдыратты. 1785 жылы генерал-губернатор О. А. Игельстром II Екатеринапатшайымға: "Рубасылары мен халықтың ханға наразылығы соншалықты зор, тіптен өздерінің берекесі мен тыныштығын алушы ретінде қарайды", — деп жазды. 1772 жылдан бастап Кіші жүз қазақтарының отарлық билік пен хансұлтандардың зорлығына қарсы азаттық қозғалысының басында тұрған Сырым батыр өзін қолдаған рубасыларымен біріге отырып, Нұралыны биліктен аластау мәселесін қояды. Генерал-губернатор қозғалыс басшыларының бұл талабын орындап, 1785 жылы Нұралы ханды Орынборға шақыртып алып, оған қызметкерімен бірге тұруға Уфадан жарамды үй бөлдіріп, күнкөріс үшін жылына 5 мың сом қаржы тағайындайды.
Әбілқайыр хан Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12. 08. 1748) — хан, қолбасшы, 1718— 1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқасшайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды. [1] Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса ол хан әулетінің он сегізінші ұрпағы. Әз Жәнібектен тоғыз ұл тарайды, солардың бірі - Өсеке сұлтан одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан Абдолла сұлтан туған, Әбілқайыр осы Абдолла сұлтанның баласы. [2] 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды. 18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті.
1740 жылы Хиуаны басып алып, баласы Нұралыны осында қалдырады, Нұралы аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шахынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылай күйеу баласына хандықты, ел бірлігін сақтап қалу дұрыс жолын сілтеді. Абылайдың жұбайы Қарашаш — Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды (1735) өзі ұсынды. 1737— 38 жж. башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісіне қолдау жасап, башқұрт даласында біраз жүрді. Башқұрт халқы бірауыздан Әбілқайырға хандық дәрежесін ұсынып, таққа отыруды ұсынып тұрғанда Түркістандағы қазақ билері алыстан ат шаптырып Әбілқайырдың кейін қайтуын ұсынды, бұл арада қазақ билері хан тағынан үміткер қылған болуы мүмкін. . Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Осы орайда, көп зерттеуді қажет ететін, Барақ сұлтанның орыс үкіметімен астыртын келіс сөз жасап, Әбілқайыр ханға қастандықты ұйымдастыруы еді. Солардың бірі — Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырды «орысшылдығы» үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп «қарақшылық» іске барған еді. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған.
Керей хан Кирай, Гирей (туған, өлген жылы белгісіз – 15 ғасырдың 70 жылдарының бас кезі) – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ Орда ханы [Орыс хан|[Орыстың (Өріс)]] ұрпағы. Орыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, одан Керей хан тараған. “Тауарих-и гузида-йи нусратнаме” дерегі бойынша, Керей хан – Болаттың жалғыз баласы. 15 ғасырдың ортасына дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан туралы мәліметтер кездеспейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың “''Тарих-и Рашиди''” атты еңбегінде Керей хан туысы Жәнібек ханмен бірге 15 ғасырдың 50 -жылдарының аяғында Қазақ хандығының құрылуына қатысты оқиғаларда алғаш рет атала бастайды. Онда Керей хан мен Жәнібек ханныңӘбілхайыр хандығынан бөлініп, Моғолстанның батысындағы Шу бойы мен Қозыбасы өңірі аралығына келіп қоныстанғаны туралы баяндалады. Бұл аймақ – сол жылдардағы Моғолстан билеушісі Есенбұға хан мен оның туған ағасы Жүніс хан иеліктерінің арасы болды. Соңғы жылдары ғылыми айналымға енгізілген аңыз мәліметтері бойынша, Керей хан мен Жәнібек хан қол астындағы ру-тайпалармен 1457 жылдың күзінде. Шу өңіріне көшіп келген. Ал 1458 жылдың көктемінде Керейді хан етіп көтерді. Керей хан мен Жәнібек ханның бөлінуімен Көшпелі өзбектер мемлекетінде ыдырау процесі басталады. Әбілхайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей хан мен Жәнібекке келіп қосылады.
Аз уақыт ішінде Қазақ хандығындағы халықтың саны 200 мыңнан асып кетеді. Керей хан мен Жәнібек ханның арқасында Есенбұға хан ағасы Жүніске қарсы күресте сенімді, әрі мықты одақтас табады. Жүніс 1461 -62 жылы Есенбұға хан қайтыс болғанға дейін Моғолстан тағына қарсы ешқандай әрекет жасай алмайды. 1461/62– 1469 жылдары Моғолстан ханы Досмұхаммедтің мәнсіз, мағынасыз жүргізген саясаты салдарынан Керей хан Жүніске қолдау көрсете бастайды. Ақыры, 1469 жылы Досмұхаммед хан қайтыс болғаннан кейін, Моғолстандағы билік басына еш қиындықсыз Жүніс хан келеді. Керей хан тұсында негізі қаланғанҚазақ-Моғолстан қатынасы 16 ғасырдың 30 -жылдарына дейін достық, бейбіт сипатта болады. Әбілхайыр хан Керей хан мен Жәнібек хан ықпалының күшейе бастағанынан қауіптеніп, оларды дер кезінде талқандау мақсатымен 1468/69 жылы жорық ұйымдастырады. Жорық кезінде Әбілхайыр хан ауырып, қайтыс болады да, әскері кейін оралады. Көп ұзамай Көшпелі өзбектер мемлекетінде билік үшін талас-тартыс басталып кетеді. Кешегі Әбілхайыр ханның қарсыластары – Ахмет пен Махмұт хандар, ноғай мырзалары Мұса мен Жаңбырлы, Сібір ханы Ибақ, шайбанилық Берке сұлтан және қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар ханға қарсы шығады.
Қасым хан Жәнібекұлы (1445— 1518) — қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған-бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі. Қасым хан (шамамен 1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мауераннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды.
Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болса Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болады. 1511 – 13 жылдары Қасым хан Шайбанилар ісімен айналысады. 1512 – 13 жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзі Тараз жаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым хан Ташкентке жорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. 1513 жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханы Сұлтан Сайд хан елшілікпен келеді.
Жәңгір хан Бөкейұлы Жәңгір хан (1801— 1845) — Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты Жиһангер. Әкесі Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарады да, кейін орыстың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай 1812 жылы хан атағын алады. Бірақ ол хандықтың қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. Хан тағы мұрагерлік жолмен Бөкейдің артында қалған үш баласының үлкені сыртта Астрахань губернотары Андреевскийдің үйінде оқып жүруіне байланысты, ол ер жетіп, оң солын жете танығанша билікті Бөкейдің інісі Шығай сұлтан қолға алады. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленіп, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйреніп келген жас жігіт 1823 жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алғаннан кейін, патша өкіметінің саясатын бұлжытпай орындап, Батыс Қазақстанда жүзеге асырушы қуыршақ ханның бірі болады. Ішкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік — шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсы 1823 — 1845 жылдары Жәңгір хан басқарған кезең болатын.
Кезінде Жәңгірдің өзі де Қазан университетінің кітапханасына араб, парсы, түркі тілдерінде жазылған маңызды қолжазбаларды сыйға тартады. Оның ағартушылықты таратуға деген еңбегін құрметтеп, 1844 жылы университеттің ғылыми кеңесі Жәңгірді «Қазан университетінің құрметті мүшесі» етіп сайлайды. Жәңгір орыс басылымдарын, газет-журналдар, әртүрлі кітаптар алдырып, бай кітапхана қорын жинақтаған. Оның үйіндегі жеке кітапханасында «Северная пчела» , «Отечественные записки» , «Современник» басылымдары, Шинкелдің «Архитектура XIX ст. » , Гогольдің «Мертвые души» кітаптары болған. Жәңгір хан бойында жақсылығы мен жамандығы жарыса өріліп, атқарған ісінен орайына қарай осының екеуі де көрініс беріп тұратын күрделі тұлға. Жақсысын көріп, асқақтатып, аспанға шығармай, жаманын көріп, жатқа санап, жарға итермей, адамгершілікті биік парасаттылықпен тарихи бағасын берер кез енді келді деп білеміз. Қалайда Жәңгір ханның халқымыздың тарихында өзіндік орны бар екені ешқандай дау тудырмаса керек. Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Бөкей ордасындағы хан өкіметі жойылып, басқару жүйесі қайта құрылды.
казак хандары.pptx