Ekologia_pfia_gruppa_107_Sultan_Akkenzhe.pptx
- Количество слайдов: 16
Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университеті Орындаған: ПФИЯ группа № 107 Сұлтан Ақкенже Тексерген: Кенжебаева Ш. К Алматы 2013 жыл
1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім 2. 1 Қалдықтар дегеніміз не? 2. 2 Аз қалдық және қалдықсыз өндіріс 2. 3 Еліміздегі қалдықсыз өнім шығаратын кәсіпорындар 4. Қорытынды 5. Қолданылған әдебиеттер 6. Глоссари
* *Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.
* Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. * Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралық өнімдерінің энергетикалық потенциалдары. * Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 1)жанғыштар (Н 2, СН 4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және т. б. ); 2) жылу (бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі, суытылатын судыкі, экзотермиялык реакциялардыкі); 3) технологиялық аппараттардан шығатын газ бсн сұйықтықтардың қысымы. * Екінші реттік энергоресурстар химиялық өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және мұнайхимия салаларыңда пайдаланылады.
* Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеуге мүмкіндік бар, мысалы, тыңайтқыш, жанатын газ және синтетикалық мүнай, құрылыс плиталарын, қағаз және тағы да көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты жағуға арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның жылдық өнімділігі 150 мың тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде бөлінетін жылу іске асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған металл қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал шыққан шлактар кұрылыс материалдарын өндіруге колданылады. * Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни негізгі мақсатын орындаумен бірге, зауыт басқа өндірістерге шикізат ретінде кажетті өнімдерді — жылу, металл, шлактарды да шығарады. Мысалы, Мәскеудің N 1 қоқыс жағатын зауытынан шыққан шлакты зерттеу арқылы алынған мәліметтерге (Г. И. Сидоренко, 1990 ж. ) сүйенсек, жылына тұрмыстық қалдық, жинайтын жерге тек Мәскеудің өзінен мынадай көлемде металдар тасталады екен: Мо - 8, 3 т, Со - 11, 4 т, V - 12, 4 т, Аg - 27, 6 т, Иі - 75 т, 5 Ь - 115 т, 5 п - 244 т, F - 353 т, Сг - 689 т, РЬ - 1573 т, Сu - 2180 т, Zn - 6762 т. Бұл мөлшер жыл бойына үлкен кең орындарынан алынатын мөлшерге эквивалентті. Санкт. Петербург маңындағы Горелово поселкесінде 1972 жыддан бастап тұрмыстық қоқысты өңдейтін зауыт қызмет етуде, оның ең негізгі шығаратын өнімі компост (тыңайткыш), бірақ-та қоқыстың 30%-і, яғни пластмасса, резина, тері, ағаш, металдан тұратын бөлігі өнделінбейді. Жылдық өнімділігі 110 мың тонна төңірегінлегі зауыт 1975 жылдап бастап Ташкентте іске қосылған.
* Жыл сайын тұрмыстык қоқыстан 400 т кара және 5 т түсті металдар, 20 мың т компост алынады. Компост деп микроорганизмдермен ыдырау нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан шыкқан органикалық тыңайтқыштарды айтады. Оны алуға көң, көң бөкпесі және құстар саңғырығы, шьмтезек, қала сыпырындысы, ағаштардың түскен жапырақтары, сабан және т. б. тұрмыстық қалдықтар колданылады. * Қордаландыру процесінің нәтижесінде органикалық массадагы өсімдіктер сіңіруге қолайлы қоректік заттектер (азот, фосфор) түрлерінің мөлшері жоғарылайды, патогеңді микрофлора залалсызданады, целлюлоза мен пектин заттектері азаяды, сонымен катар тыңайткыш топырақка еңгізуге қолайлы сусымалы түрде алынады. * Өте тапшы органикалық тыңайткыштардың (көң, шымтезек) орнына компост кеңінен пайдалануға жатады. Тұрмыстық қалдықтардың барлық түрі компост алуға жатпайды. Егерде қоқыстағы азык-түлік қалдықтарының мөлшері 20%-тен төмен болса, олардан тұрмыстық тынайтқыш алынбайды. Себебі қалдықтарды қордаландыру аэробты микробтардың қатысуымен жүретін биохимилык процесс. Бұл микробтардан өте көп мөлшерде жылу бөлініп шыккандықтан қоқыс 70 0 С-ге дейін қызады. Бұл жағдайда ауру қоздыратын микробтар жойылып, шикізат қызып, тұрмыстық тынайтқышқа айналады. Табиғи жағдайда бұл процесс айлап жүрсе, зауыт жағдайыңда аэрация аркылы 2 -3 күнде аякталады. Ал қалдықтарда азық-түлікке жағатын компоненттер аз болса процестін жүру жылдамдығы күрт төмендейді. Тұрмыстық қоқысты қайта өндеу үшін магниттік сепарация әдісі де қолданылып келеді.
* * Қалдықсыз өндіріс (Безотходное производство) — өндіріс барысында табиғатқа зиянды қалдықтар шығарылмайтын процесс. Шаруашылық іс-әрекет үшін (өнеркәсіптік жәнеауылшаруашылық индустриясын қоса) шартты ұғым. Шын мәнінде кез келген қалдықсыз өндірісте пайдаланылған энергия түрінде болса да (әйтпесе термодинамика принциптері бұзылатын еді) қалдықтар болады. Қалдықсыз өндіріс үшін қалдығы аз өндіріс термині дәлірек келеді. * Қалдықсыз өнім өндірісінің мәні - жұмсалатын ресурстарды толык пайдалану арқылы биосфераның ластануына жол бермеу. Практика жүзінде қалдықсыз өнім өндіруді жүзеге асыру өте қиын. Қалдықсыз өнім өндіруге технологиялык процестер мен құрал-жабдықтардың тиімділігін арттыру, рекуперацияны пайдалану, қолданылып келе жатқан технологиялык процестерді анағүрлым экологиялық жағынан таза процестермен алмастыру, т. б. арқылы жетуге болады. * Қалдықсыз өнім өндірісін енгізуден біз не күте аламыз? Практика көрсеткендей, олар: биосфераға келетін шығынды төмендету, шикізат пен энергетикалык ресурстарды үнемдеу, шикізат базасын кеңейту, қалдықтарға жұмсалатын шығынды азайту, т. с. с.
* Қалдықсыз өнім шығару технологиясының ең жақсы мысалы - хромдау гальваникалық цехының қазіргі заманғы технологиясы. Бұл технология бойынша, шайылатын судағы ауыр металл иондары тазартқыш қондырғыға сіңіріліп, хромдау ваннасына қайтып келеді, ал тазартылған технологиялық су хромдалған детальдарды жууға қайтадан қолданылады. Бұндай мысалдарды көптеп кездестіруге болады. * Көптеген мемлекеттерде тұрмыстық қалдықтарға карағанда өндірістік калдықтардың мөлшері әлде қайда жоғары болады. Қалдықтар касиеттеріне байланысты "қауіпті", "қауіпсіз", улы, күйдіргіш, тұтанғыш, т. с. с. болып бөлінеді. Қалдықтарды шығу тегіне байланысты да жіктеуге болады, олар: тұрмыстық, өндірістік, ауылшаруашылық, медициналык, т. б. Қалдыктар жиналған аймақта 1, 5 км-ге дейін территория-ның топырағы пен өсімдіктер дүниесі ластанады. * Қазіргі кезде үлкен қалаларда жылына 1 адамға шаққанда 250 -300 кг-нан қатты тұрмыстық қалдықтар жиналады.
Кесте 4. 1 – 1 млн халқы бар қаланың қатты тұрмыстық қалықтар жиыны Қалдық түрі Мөлшері, (т) ЖЭС күлі, шлактары 550, 0 Қатты қалдықтар , (жалпы канализациядағы) 420, 0 Ағаш текті қалдықтар 400, 0 Қатты тұрмыстық қалдықтар 350, 0 Қара металлургия өнеркәсібінің қалдықтары 320, 0 Тамақ өнеркәсібінің қалдықтары 130, 0 Түсті металлургия өнеркәсібінің қалдықтары 120, 0 Химия заводтарының ағызынды сулары құрамындағы қалдықтар 90, 0
* * Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар - түзілген жерлерінде пайдаланылмайтын, ауыл шаруашылығының басқа салаларында өнім ретінде немесе қайта өңдеу арқылы пайдалануға болатын өнеркәсіп, тұрмыс, транспорт және т. б. қоқыстар тұрмыстық (коммуналдық) қалдықтар адам өміріндегі заттарды (монша, кір жуу, асхана, емхана және т. б. қоса) пайдаланғаннан кейін қалатын, тұрмыста пайдаға аспайтын қатты (сондай-ақ ақпа сулардың қатты бөлігі - тұнбалары) қалдықтар. * Тұрмыстық қалдықтар әлемнің көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 150 млн тоннадан аса, Жапонияда - 72 млн тоннадан аса қалдықтар бөлінеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген елдерде қоқыстарды өңдеу қондырғылары (тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла бастады. Соңғы жылдары тірі организмдердің улануына алып келетін қауіпті (улы) қалдықтардың мөлшері көбеюде. Бұл - ауыл шаруашылығында пайдаланылмай қалған улы химикаттар, құрамында канцерогенді және мутагенді заттары бар өндіріс орындарының қалдықтары. Бұрынғы КСРО территориясында химиялық «тұзақтар» , яғни, кезінде көміліп ұмытылып кеткен, бертін келе тұрғын үйлер және басқа да обьектілер салынған көптеген қауіпті қалдықтардың орындары бар. Уақыт өте келе сол жердегі тұрғылықты халық әртүрлі ауруларға ұшырай бастайды. Мұндай қалдықтар көмілген жердің санақ бойынша АҚШ-та 32 мың жерде, Германияда - 50 ООО, Нидерландыда – 4000 кішкентай Данияның өзінде - 3200 көзі бар.
* Ақсу ферроқорытпа зауытында дүйсенбі, 28 маусым күні агломерат цехының бірінші кезегі іске қосылды. Жаңа өндіріс жоғары технологиялы, автоматтандырылған және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, ал өндірістік қуаты – жылына 280 мың тонна хром кенінің және 70 мың тонна марганец кенінің агломераты. «Жаңа цех тазарту жүйелері ұстап қалатын шикізат қалдықтарын- кокс елендісін, руданың ұсақ түйірлерін және шаңды қайта өңдейді» , -деп мәлімдеді телекөпір барысында Мемлекет басшысына Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев.
* «Облыста 2012 жылға дейін іске асырылатын құны 122 млрд. теңге 42 инновациялық жобаға қосымша еліміздің Индустрияландыру картасына енгізуге тағы 41 млрд. теңгенің 12 жобасын бекітуге жібердік» , - деп баяндады аймақ басшысы ҚР Президентіне. Нұрсұлтан Назарбаев агломерат цехының іске қосылуын ел үшін маңызды нысан деп атады. Осыған дейін қалдықтар қоршаған ортаны ластап, үйінділерге жөнелтілетін, ал енді қайта өңдеуге жіберілетін болады. Ақсу ферроқорытпа зауытында агломерат цехын салу кәсіпорын мамандарының ұзақ жылғы ғылыми-зерттеу бағдарламасын мәресіне жеткізіп отыр. Ұсақ түйірлерді қатты қызумен өңдеудің көмегімен кесектеу проблемасы да шешілді. Ферроқорытпаларды балқыту барысында агломератты пайдалану технологиялық тәртіпті тұрақтандыруға мүмкіндік береді, пештердің өнімділігін арттырады, сондай-ақ электр энергиясының шығынын төмендетеді. Үйінділердегі қалдық қорлары мен шаңның азаюы есебінен экологиялық төлемдердің төмендеуі де қосымша оң нәтиже бермек.
* * Өскемен қаласында 2014 жылы іске қосылатын тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты жылына 5 млн. киловатт электрэнергиясын өндіре алады. * Қайта өңдеу жұмыстары тұрмыстық қалдықтарды кептіруден басталады. Одан кейін қалдықтар шыны, пластмасса мен полиэтилен, қағаз, металл, ағаш, азық-түлік қалдығы болып сұрыпталады. Елімізде сұрыпталған қалдықтар үлкен сұранқа ие екен. «УК МОЗ» кәсіпорнының атқарушы директоры Александр Шолпаковтың сөзіне қарғанда, олар сұрыпталған қалдықтарды сату жөнінде келісімшарттарға қол қойған. * Түсті және қара металды «Казвторцветмет» алады. Пластмассаны Семей пластмасса құбырлары зауыты тосып отыр, ал қағаздар Павлодарға жіберілмек. Ағаш қалдықтарын ДВП зауыты сұрап отыр, ал шынылардың тағдыры әлі шешіле қоймапты. * Осындай іріктеуден өткен қалған қалдықтар арнайы вакуумды камераларға салынады. Осы жерде шіріген қалдықтар газ бөліп шығара бастайды. Мамандар оны газгольдерлерге жинамақ. * Сосын замануи технологиялардың көмегімен әлгі газдан электр жарығы өндіріледі. Зауыттың қуаты жылына 5 млн. киловатт жарық өндіруге жетеді деп жоспарпланған. Оның 800 киловаты ғана зауыттың 1 жылғы қажетін өтеуге жетіп тұр. Қалған электрэнергиясын ШҚ АЭК сатып алады. * Газы алынып, мүлде жарамсыз болып қалған қалдықтарды одан кейін тыңайтқыш ретінде қолдануға болады дейді мамандар. Міне, осындай ешқандай қалдықсыз жұмыс істейтін зауыт 2014 жылы іске қосылмақ.
* 2012 жылы Маңғыстау облысында 6 жаңа кәсіпорын іске қосылды. Маңғыстау облысында Индустрияландыру картасы бойынша сметалық құны 11 млрд. теңге болатын 6 жаңа кәсіпорын іске қосылды. 1162 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкіміні « 2012 жылы облыстың әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіші» туралы мәлімдеме шығарды. Өткен жылы аймақта «Эко - су тазарту» ЖШС мұнайы қалдықтарын қайта өңдейтін «Шырын» зауыты іске қосылған. Сүт өнімдерін шығаратын «Гурман» ЖШС өндірісі қуаттылығын арттырды. Іске асқан тағы бір жоба-Аммиак, азот қышқылы, аммиак селитрасын шығаратын «Қаз. Азот» ЖШС өндірісі жаңартылды. АСКИ-Маңғыстау» ЖШС мұнай мен мұнай өнімдерін сақтайтын терминал салып, су мен газ құбырларын шығаратын «Арлан. Group-Aktau» ЖШС зауыты ашылды. Сонымен қатар, жақын күндері «Осетр - Аралды» тауарлы бекіре фермасын құру жұмыстары аяқталған.
*Пайдаланылған әдебиеттер: Wikipedia. ru Altaynews. kz Baq. kz Yandex. kz Topreferat. kz
Глоссари • Эквивалент – екі элементтің немесе екі заттың бір – бірімен қалдықсыз әрекеттесетін тең мөлшерін көрсетеді. Элементтің эквиваленті дегеніміз сутегі атомдарының 1 молімен әрекеттесетін немесе сондай молді қосылыстан ығыстырып шығаратын мөлшері • Компост - микроорганизмдермен ыдырау нәтижесінде өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан шыкқан органикалық тыңайтқыштар • Аэрация— сұйықтықтарды ауамен қанықтыру процесі мен әдісі; мысалы, органикалық заттардың тотығуы барботирлеу арқылы өткізіледі. Анаэробтық ферментті тотығу-тотықсыздану процесі; оның нәтижесінде бөлінген энергия микроорганизмдердің тіршілігіне жұмсалады. Аэраттау (грек. aйr. — ауа), ауаландыру • Магниттік сепарация – берілген өнімнен не құмнан магниттік толқындарды қабылдап алу • Рекуперация – ( лат. Recuperatio – қайтару, қайта алу) техникалық процесс кезінде пайдаланылған материал не энергия бөлігін қайта өңдеу үшін қайтару • Газгольдер (ағылш. gasholder, gas — газ және holder — ұстағыш)
Ekologia_pfia_gruppa_107_Sultan_Akkenzhe.pptx