1179__1201_rmalas_s.pptx
- Количество слайдов: 12
Қазақ тілінің әдебиетінің қысқаша синтаксистік курсы
Салалас құрмалас сөйлемдер • Салаласқа енген сөйлемдер форма жағынан бөлек болғанмен, мағына жағынан бірімен-бірі байланысып жату керек. Күрделі ұғымды беру үшін екі сөйлем бірігіп барып, кеңірек бір ойды білдіреді. • Көбінесе, жақ жағынан үйлескен, мағыналары жағынан тығыз байланысты, арнаулары бір бағытта болған тиянақты жай сөйлемдердің бірліктерін салалас құрмалас сөйлем дейміз.
Салалас құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемнің мағыналық жақындығын түрлі жағдаймен айыруға болады: Екі я бірнеше жай сөйлемдердің бір объектіге я субъектіге байланысты өзді-өзінің мағыналары жақын екенін көрсетеді. Бастауыштың бірнеше сөйлемге ортақтығын көрсетеді. Біреуіндегі, я бірнешеуіндегі -да, -де, -та, -те жалғаулықтарының қайталақтауы көрсетеді. Пысықтауыш қызметіндегі біріне-бірі қарсы үстеулер көрсетеді. Екі жағында бірдей анықтауыш, я толықтауыш қызметіндегі есімдіктер көресетеді. Баяндауыштың бірыңғайлықтары көрсетеді Басқы сөйлемнің бастауышы, екінші сөйлемде Есімдікпен қайталақтауын көрсетеді. Біріндегі мүше екіншіде ауысып түсуі де мағыналық жақындықты көрсетеді.
Сөйлемдердің өздіөзінің мағынасының жақындығына мысал: БИЫЛҒЫ ЕГІН ЖАҚСЫ ШЫҚТЫ, БІЗ ЕРТЕ ЖИЫП АЛДЫҚ. БҰРЫН Қазақстанда ауыл шаруашылығы басым еді, қазір өндіріс кәсібі басым болды. БАСТАУЫШТЫҢ ОРТАҚТЫҒЫНА МЫСАЛ: БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРЫП ЕДІК, ТӘРБИЕ САБАҒЫН ӨТКІЗІП ҚАЙТТЫҚ. Ол кімнің есінде болсын, бәрінің есінен шығып кетіпті. ОЛ ДА БАРДЫ, БІЗ ДЕ БАРДЫҚ. Бүгін біз мектепті көріп едік, Құсмандар бізбен бірге болды. мен жаздым, өзім оқып шығамын. Есіктің алды күртік, күртіктің басынан ақтаяқ жүріп жатыр. Мұнда алдыңғының баяндауышы, соңғыда анықтауышқа айналып кетіп тұр. Соның біреуі-Ақжал деген ит, сол ит он екі баланы өрттен алып шығыпты. Алдыңғының баяндауышы, соңғыда бастауышқа айналып кетіп тұр.
Жалғаулықсыз салалас сөйлемдер Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас Жалпы ыңғайластың ерекше қасиетінің бірі-ондағы әрбір жай сөйлемнің желісі біреу болу керек. Бәрі жиналып, бір ойды жан-жақты білдіруге арналған болуы керек. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас Мұндай сөйлемдер көбінесе жалғаулықты салаластарға қарсылық шылауының айтылмай қалып қоюына байланысты жасалады. М: Бас болмақ оңай, бастамақ қиын. Жалғаулықсыз себеп-салдар с Соңғы сөйлемдегі іс (ой) алдыңғының нәтижесі есебінде айтылады. М: үйіне келіп қалған екен: жүрісін бәсендетті. Жалғаулықсыз іліктес с Бұған енген жай сөйлемдердің біріндегі бастауыш екіншісінде толықтауыш, біріндегі баяндауыш екіншісінде аны
Бұған енген жай сөйлемдердің біріндегі бастауыш екінішісінде баяндауыш, біріндегі анықтауыш екіншісінде толықтауыш, біріндегі баяндауыш екіншісінде анықтауыш болып ауысып отырады. М: Ол кімнің есінде болсын, бәрінің есінен шығып кетіпті. Қапаш белсенді азамат, оның еңбегін колхоз бағалайды. Жалғаулықсыз шартты с Мұз кетсе болды, Ертістің пароходтары ерсіліқарсылы жүріп жатады. Жалғаулықсыз үлестес с Бұған кірген жай сөйлемдердің субъектерінің ісі жекеленіп, бөлініп айтылады. Жай сөйлемдер субъект пен предикаттың қарсылықтары арқылы байланысады. М: Қарап отырмайық – шөпті біріміз шабайық, біріміз жинайық, біріміз оларды отаулап үйейік. Жалғаулықсыз баяншы с М: Нарша Айдосқа шынын төрт-бес күннен кейін айтты: Ол жетім қыз екен, әкесі өлгеніне төрт-бес жыл болған екен, шешесі тірі екен. Жалғаулықсыз әрқилы с М: Біз Ертіс ГЭС-не барып едік, бір топ пионер ере барды. Кремльге кірдім мен, ылғи достар айналам.
Жалғаулықсыз бейтараптық с М: Менің айтарым осы, ендігісін өзін-ақ біле жатарсың. Жалғаулықсыз ұқсастық с Бұл – “салаластың мағына жағынан ұқсата, теңей айтылатын түрі” Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма? !
Жалғаулықты салалас сөйлемдер Жалғаулықты ыңғайлас салалас жалғаулықтары: -да, де, -та, -те, және, әрі. М: Биыл жоғарғы оқуға әрі Омарбек барады әрі Қалима барады. Омарбек жазып болды және Хасен де жазып болуға тиіс. Жалғаулықты қарсылықты с жалғаулықтары: бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, сүйтсе де. М: Таң жақындап қалды, бірақ түн әлі қараңғы. Биыл қар ерте жауды, дегенмен күн әлі жылы. Талғаулы с жалғаулықтары: не, немесе, я, яки, болмаса. М: ертең мал басына не Қарпық барсын, не Мақат барсын.
Жалғаулықт ары : Себебі, сондықтан, өйткені, сол себепті. Пионерлер жалқаулық қылмайды, өйткені олар Отанымызды ң ең үлгілі жас ұрпақтары. Жалғаул ықты себептік с
Сабақтас құрмалас сөйлем Шартты бағыныңқы сабақтас Қарсылықты бағыныңқылы с • Бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылғанның шартын көрсетеді. Неғұрлым-соғұрлым, қалай-солай деген шылаулар үстеулер арқылы жасалады. М: Жердің неғұрлым ағашы көп болса, соғұрлым суы көп болады. біздің сөздің астында не жатқаны Олжабекке қандай айқын болса, Шығанаққа да сондай айқын еді. • Кейде бағыныңқы сөйлем басыныңқының мағынасына, ісіне, қимылына қарсы қойылып айтылады. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көбінесе шартты райлы етістікке –да, -де шылауының жалғас келуі арқылы, есімшеге көмектес жалғауының жалғануы арқылы, -мақ тұлғалы етістік есімге түгіл шылауы қосылуы арқылы жасалады. Күн райының қабағы түйіле түскеніне қарамастан, көркем Қарқаралыны тағы да бір аралап түспек болдым. Әшім баяндама жасамақ түгіл, хат жаза алмайды. Себеп-салдар бағыныңқылы с • Мұнда бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың, істің, оқиғаның, болмыстың себепсалдарын көрсетеді. Жасалу жолдары: есімшеге -дықтан, деген күрделі қосымша жалғану арқылы, есімшеге үшін шылауы қосалқылану арқылы, есімшеге соң, кейін деген шылаулардың бірі қосалқылану арқылы, көсемше арқылы. М: Осы кісінің жәрдемі болғандықтан, біз баратын жерімізге тез бардық. Көпшілікпен санасып істегені үшін, жоғарғы орынға қойылды.
Ұқсату бағыныңқылы с. Бағыныңқы сөйлем айтылғанмен салыстыра, ұқсастыра айтылады. Мұндай сабақтастар есімшеге –дай , -дей жұрнағы жалғану арқылы жасалады. М: Әкесі базардан келгендей, Жамила қатты қуанды. Аяулы бағыныңқы с. Кейбір бағыныңқы сөйлемде істелген іс басыңқыда істелген істің бекер істелгендігін, оның басқаша болса, жақсы болатынын көрсетеді, алғашқы істі аяй, қызғана айтылады. Мұндай сабқатас сөйлемдердің –ша, -ше жұрнағы жалғанған есімшеге бітеді. М: Бала қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсеңші. Сақайға ақыл айтқанша Дүйсенге айт. Қыстырмалы бағыныңқылы с. Бағыныңқыдағы мағыналық жақтан ешбір әсерлі байланысы жоқ, тек форма жағынан байланыса келіп, негізгі объект я субъект туралы ескерту сияқты ойды білдірген құрмаластың түрін айтамыз. М: Баяндама демекші, ол бізге жақсы баяндама жасап кетті. Бұлардың айтуына қарағанда жолаушылар көп адасқан көрінеді. Сілтеулі бағыныңқылы с. Бұл сабақтастың бағыныңқысы ойды тірек ете, соған сілтей айтылады. М: Қызыл Армияның күштілігі сол, ол шаруалардың жері үшін, жұмысшылар мен шауралардың үкіметі үшін, Совет өкіметі үшін ұрысқа бірі қалмай саналы түрде барады. Үлестес бағыныңқылы с. Кейбір бағыныңқы сөйлемдер, басыңқыда айтылғанды айқындамайды. Өз алды, басыңқыдан басқа бір істің жайын білдіреді. М: Мен кітап оқып, басқалар жазу жазды. Ыңғайлас бағыныңқылы с. Бұлесімшенің, тұйық етістіктің барыс жалғаулы түріне қарай, лайық шылауының қосылуы арқылы пайда болатын с. бағыныңқыдағы істің ыңғайлы басыңқы сөйлемдегі іс істелетіндікті көрсетеді. М: Әшімнің баяндама жасауына қарай, жұрт көп жиналды.
Сөйлемніңбұл түрі көмектес жалғаулы есімшеге я тұрмай, я бірге, я қатар шылауы қосылу арқасында жасалады. Мұндай сөйлем субъект бір істі істеумен тынбай, екінші бір істі де қошеметтей істегендікті білдіреді. М: Әшім баяндама жасағанмен тұрмай, сахнада ән салып берді.
1179__1201_rmalas_s.pptx