Фонетикааа.pptx http://referatikz.ru/
- Количество слайдов: 22
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесі.
Фонетика (гр. phone – дыбыс, phonetikos – дыбыстық) – тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Фонетиканың қарастыратын мәселелері: • Тіл дыбыстарының пайда болуы • Олардың іштей жіктелуі және бірбіріне әсері • Буын және олардың түрлері • Екпін • Тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы • Орфография және орфоэпия
Дауысты дыбыстар (Вокализм) Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар деп атаймыз. Тілде мынадай 12 дауысты дыбыс бар: а, ә, и, о, ө, е, э, у, ұ, ү, ы. і.
Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, h, ц, ч, ш, щ.
Дауыссыз дыбыстар Қатаң аҰяң п, ф, к, қ, т, ш, щ, ч, с, ц, х б, в, г, ғ, д, ж, з, h Үнді р, л, м, н, ң, й, у
Шұғыл дауыссыздар: п, б, т, д, к, қ, г, ц, ч Ызың дауыссыздар: в, ф, с, ғ, з, ш, щ, ж, х, h Тіл арты дыбыстары: қ, ғ, х, h Тіл ортасы дыбыстары: к, г Тіл алды дыбыстары: н, р, л, ш, ч, ж, й, т, с, д, з қос еріндік: п, б, м Еріндік дыбыстар тіс еріндіктері: ф, в
Буын Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз.
Ашық буын. Тек дауыстыдан ғана болған немесе дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталған буын. Мысалы: а-па, ба-ла-ға, бо-са-ға, ша-ға-ла т. б. Түйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын. Мысалы: ор, өр, оз, ұт, ұр, ін, ән, ес т. б. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған буын. . Мысалы: бақ, соқ, дат, қол, жар, бел, зал, пар, нан т. б.
Үндестік заңы Буын үндестігі Дыбыс үндестігі
Буын үндестігі Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына карай қосымшалардың да бірыңғай жуан не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі немесе сингармонизм дейміз.
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: 1. 2. 3. Көмектес септік жалғауы. Мысалы: баламен, оқушы-мен, қонақ-пен т. б. -нікі, -дікі, -тікі(меншіктікті білдіретін қосымша). Мысалы: Армандікі, қаланікі т. б -ов, -ова, -ева, -ина. Мысалы: Хасенов, Жұмағазина, Ахметова т. б 4. -хана, -паз, -кер, -гер, -кеш: Мысалы: жұмыскер, әсемпаз, арбакеш, сәнқой т. б.
Дыбыс үндестігі Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ыкпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді.
Дыбыс үндестігі Кейінді ықпал (дүйсенбі, Жанпейіс, көзсіз, көкала, т. б. ) Ілгерінді ықпал (Жақыпбек, көк бауыр, ішсе, ала көз т. б. ) Тоғыспалы ықпал (Есенгелді, Досжан, күн көру т. б
Тасымал Жазып келе жатқанда, сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір я бірнеше буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейді.
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар: 1. 2. 3. 4. 5. Жеке буын болғандығына қарамастан бір әріп екінші жолда қалмайды, екінші жолға да тасымалданбайды. Мысалы: а-на, у-кі, е-ге, ө-ре, т. б Қанша әріптен тұрғандығына қарамастан бір буынды сөз тасымалданбайды. Мысалы: Маркс, қант, салт, борт т. б. Қысқарған сөздер тасымалданбайды. Мысалы: ҚМУ, БҰҰ, АҚ, ҰБТ т. б. Қысқартылып алынған өлшем бірліктері өзі тіркескен сан есіммен бір қатарда жазылады. Мысалы: 4 кг, 15 см, 10 т, т. б. Кісінің аты мен әкесінің аты қысқартылып алынғанда, есімді фамилиядан бөлек жаза алмаймыз. Мысалы: А. Құнанбаев, М. Әуезов т. б.
Екпін Сөздегі бір буынның көтеріңкі айтылуын екпін деп атаймыз.
Екпін түспейтін қосымшалар: 1. 2. 3. 4. 5. Жіктік жалғауының қосымшалары. (оқушымын, келе-мін, т. б. ) Етістіктің болымсыздық жұрнағы (кел-ме, ал -ма, оқы-ма, бар-ма) Етістіктің қалау, тілек мәнді жұрнағы (келші, оқы-шы, ал-шы т. б. ) Бұйрық райда қолданылатын жіктік жалғаудың 1 -жағы, 2 -жағы сыпайы түрі (келейін, келіңіз т. б) Сын есімнің –дай, -дей жұрнағы (тау-дай, үйдей, өзім-дей т. б. )
Фонетикааа.pptx http://referatikz.ru/