срс Муратова Феруза 137 ЖМФ.pptx
- Количество слайдов: 15
ҚАЗАҚ ТЕАТР ӨНЕРІ
ҚАЗАҚ ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ДАМУЫ
v Қазақстан аумағында алғашқы театрлар XIX ғасырдың екінші жартысында құрыла бастады. Оралдағы көпестердің орыс труппасы (1859), Тараздағы гарнизон әскерлері мен офицерлер труппасы (1887), Семейдегі музыка мен драматургиялық өнер сүюшілер қоғамы (1890) қазақ әуесқой театрының дамуына бастама болды. Бұған XX ғасырдың басында пайда болған татардың көшпелі труппалары өз үлесін қосты. 1910 – 1915 жылдары қазақ өмірінен алынған қысқа драмалық суреттеулер мен сценарийлер жазылды. 1917 жылы М. Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедиясының бірінші нұсқасын жазып, кейіннен осы шығарманы бірнеше рет өңдеді. Театрлық процестің жедел дамуы қазан революциясынан кейін ерекше күш алды. 1918 -1924 жылдар аралығында Ақмола, Тараз, Көкшетау, Оренбург, Ташкент, Түркістан, Шымкент, Қостанай, Петропавл қалаларында жаңа труппалар құрылып, Ж. Аймауытовтың, М. Әуезовтің, М. Дулатовтың, Е. Ерденовтің, К. Кемеңгеровтің, Б. Майлиннің, С. Сейфуллиннің пьесаларын сахнаға шығарды. v Қазақтың кәсіби театр өнері 1926 жылдың 13 қаңтарында Қызылорда қаласындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымы көрсетілуімен ресми түрде ашылды. Оның директоры және көркемдік жетекшісі Ж. Шанин, әйгілі әртістері мен әншілері Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Қ. Бадыров, И. Байзақов, Қ. Жандарбеков, Ә. Қашаубаев, Қ. Мұңайтпасов, Ғ. Абдуллин қазақ театры өнерінің қалаушылары болып тарихта қалды.
v 1928 жылы бұл театр Қызылорда қаласынан жаңа астана Алматыға қоныс аударып, театрдың шығармашылық құрамында К. Байсейітова, Ж. Елебеков, М. Ержанов, Ш. Жиенқұлова, У. Тұрдықұлова сияқты өнер майталмандары өнер көрсетсе, ал 30 -шы жылдардың ортасында Қ. Қармысов, С. Телғараев, Ә. Үмбетбаев, Р. Қойшыбаевалар қосылды. 1937 жылы театрға «академиялық» атағы берілді. v 60 -шы-90 -шы жылдар қазақ театр тарихындағы шығармашылық ізденістердің жарық кезеңі болып саналады. М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры сахнасында қойылған спектакльдер театрдың алтын қорына енді. Олардың ішінде Катерина ролінде Х. Бөкеева ойнаған А. Островскийдің «Грозасы» , Гарпагон ролінде Қ. Қармысов ойнаған Ж. Б. Мольердің «Сараңы» , Катарина мен Петруччио рөлдерінде Х. Бөкеева мен Ш. Айманов ойнаған В. Шекспирдің «Асауға тұсауы» , Тоғанай рөлінде С. Майқанова ойнаған Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-Анасы» , Мольердің ролінде Н. Жантөрин ойнаған М. Булгаковтың «Кабала святошы» басты рольдерде А. Әшімов, Ф. Шәріпова және Ы. Ноғайбаев ойнаған Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тері» (1973 ж. , реж. Ә. Мәмбетов) ерекше орын алады. v Қазақстанның тәуелсіздік алған кезеңінен Астана қаласында 1 опера және балет театры, 8 драма және музыкалық драма театры және 2 қуыршақ театры ашылды.
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ v Абай атындағы қазақ мемлекеттік опера және балет театры 1934 жылы 13 қаңтар айында құрылды. Абай атындағы қазақ мемлекеттік опера және балет театрының негізгі қызметтері: -опералық және балет өнерiнде мемлекеттiк мәдени саясатын iске асыруға бағытталған сахналық ойын-сауық шараларды ұйымдастыру мен өткiзуi. -Қазақстан халықының мәдениеттiк деңгейiнің өсуіне көмек беретін, көркем шығармалардың негiзiндегі театр қойылымдарын ұйымдастыру. -ұлттық және халықаралық мәдени мұрасын насихаттау. -мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес жастарды опера және балет классикасының асылдарымен таныстыру.
АСТАНА ОПЕРА v Астананың сол жақ жағалауында орналасқан «Астана Опера» асқақ сән-салтанатымен көз тартады. Ол бұл тұрғыда Миландағы «Ла Скала» , Мадридтағы Корольдік опера, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью. Йорктегі Метрополитен-опера сынды атақты театрлар қатарынан орын алды. v Театр тоғыз гектар жер көлемін алып жатыр. Ғимарат алаңы 64 мың шаршы метрге тең. Оның 3000 шаршы метрі сахналық аймақты қамтыған. «Астана Опера» театры өзінің көлемімен ғана емес, сонымен бірге әсем сәулетімен де көз тартады. Әлемдік архитектураның ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. v Кіреберісті мүсіншілер М. Мансұров пен Т. Ермековтің «Қобызшы» және «Жетігенші қыз» туындылары әшекейлеп тұр. Ал театрдың төбесіне қойылған квадригада сақ патшайымы Томирис бейнеленген (авторы: Қанат Нұрбатыров). v Вестибюль, фойе, көрермендер залы және негізгі сахна биік классицизм стилінде жасалынған. 1250 орынды бас көрермендер залының айналасында ложалар мен бельэтаж орналасқан. v Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» ешкімге дес бермейді, тіпті көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес. Театрдың барлық бөлмелері, қосымшаларымен қоса (арьерсахна, түрлі шеберханалар, көптеген дайындық залдары) және театр өмірін қозғалысқа әкеліп, оны тиімді ететіннің барлығы әлемдік стандарттарға сай.
v Театрдың 250 орынды камералық залы ансамбльдер, камералық хор және кіші симфониялық оркестрлердің концерттерін өткізуге өте ыңғайлы. Сахнаның әр дыбысы қалт кетпей, анық-қанық естіледі. Жалпы, «Астана Опера» акустикасы – құбылысты дүние! Акустикасымен Италия, Германия елдерінің жетекші мамандары арнайы жұмыс жасады, соның нәтижесінде театрдың барлық залдарында ерекше дыбыстық сипатқа қол жеткізілді. v Классикалық опера мен балет өнері адамзат өркениетінің алтын қазығы, рухани азығы, мәңгілік үйлесімнің шынайы көрінісі. v Осынау өнердің жауһар туындылары, сондай-ақ әлемдік театр өнерінің хас шеберлерінің заманауи қойылымдары «Астана Опера» театры сахнасынан көрініс табатын болады. v 2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы театр маусымын М. Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен салтанатты түрде ашты. Осы жылдың күзінде Дж. Вердидің «Аттила» операсымен театрдың әлемдік тұсаукесері болып өтті. v Алғашқы театр маусымында әйгілі хореограф Юрий Григоровичтің қойылымдағы П. И. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балеті, белгілі француз балетмейстері Шарль Жюдтің қойылымындағы С. Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балеті, сондай-ақ танымал ресейлік хореограф Борис Эйфманның «Роден» заманауи балетінің әлемдік премьералары өткізілді. v Алғашқы театр маусымында біздің әртістер атақты Рим опера театры, Ла Скала, Ресейдің Үлкен театры, Мариин театры, Бордо опера театры, Б. Эйфманның балет театры сынды еуропалық театрлардың ұжымдарымен бірлескен қойылымдарды қойды.
v Театрдың дәл кіреберіс маңдайшасындағы Самұрық құс бейнесі тектен тек бейнеленбеген. Ол қасиетті Бәйтерек ағашының ұшар басынан бар әлемге Мәңгілік Елдің ұлы арманы мен істерінен сыр шертіп тұрғандай. v Жаңа театрда балалардың театрлық студиясы ашылып, жұмысын бастап та кетті. Бұл тұрғыда жас жеткіншектердің бойында мәдениет пен талғам қалыптасып, ұзақ жылдарға ұрпақтан ұрпаққа театрлық өнердің сыйқырлы эстафеталық таяқшасы берілетін болады…
СЕМЕЙДЕГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫ-ДРАМА ТЕАТРЫ v Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел, 1917 жылы Мұхтар Әуезовтың басшылығымен “Ойқұдық” жайлауында қойылған “Еңлік-Кебек” пьесасы қазақ еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болды. Бұл тарихи айғақталып, кезінде толық құпталған айтулы оқиға. Сол Ойқұдықта маздаған шоқ бүгін егеменді елдің өркендеген өнеріне айналып, ұрпақ тәрбиесіне атсалысып келеді. 1920 жылдары құрамына әйгілі Әміре, Иса, Жұмат, Қалибек сынды майталман өнер иелерін топтастырған “Ес. Аймақ” театры, тек 1934 жылы ғана ресми түрде бекітілді. v Театр 77 жыл ішінде 300 -ден астам спектакль қойып, жалпы саны 80 миллионға тарта көрермендерді қамтып, халыққа тәрбие беруде зор роль атқарды. 1934 жылы Ілияс Жансүгіровтың “Кек” пьесасымен шымылдығын ашқан театр, ондаған алыс-жақын шетел классиктерімен қатар, әлемдік драматургия дәрежесіндегі М. Әуезовтың, Ғ. Мүсіреповтың, Б. Майлиннің, Ғ. Мұстафиннің, Р. Ғамзатовтың, Ш. Айтматовтың шығармаларын сахнаға шығарды. “Еңлік - Кебек”, “Қаракөз”, “Қозы. Көрпеш – Баян-сұлу”, “Айман - Шолпан”, “Бөлтірік бөрік астында” пьесалары театр репертуарының алтын қорына айналды. Осы жылдар ішінде театр қабырғасынан өнерге қанаттанған артистер бүкіл республика көлеміндегі барлық дерлік театрларда жемісті еңбек етті, әлі де еңбек етіп келеді.
срс Муратова Феруза 137 ЖМФ.pptx