нияз руфина.pptx
- Количество слайдов: 8
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалык Университеті Арам шөптер Орындаған: Нияз Руфина Тексерген : Оразбаев Қанат
Қара сұлы (лат. Avena fatua) астық тұқымдасы сұлы туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік Ботаникалық сипаты Биіктігі 120 см-дей, сабағы тік, жапырағы ұзын, таспа тәрізді, 2 -3 гүлден топталып өседі. Гүлшоғыры - сыпыртқы. Тұқымы арқылы өсіп-өнеді. Маусымшілде айларында гүлдеп, жемісі піседі. Дәнегі піскен кезде тез төгіледі. Бір түп өсімдікте 600 -дей дәнек болады.
Өсетін жері мен таралу аймағы Қазақстанның барлық жерлерінде тараған, тек тәлімі жерлерде өспейді. Қазақстанның солтүстік аудандары үшін ең зиянды арамшөптің бірі. Көк майса кезінде малға жақсы пішен.
Егістікке зиянды әсері Қара сұлы - тамыры тереңге кететін арамшөп. Жаздық дақыл егістігінде қалың өседі, егістіктің топырағын кептіреді. Астықтың сапасын төмендетеді. Қара сұлыға өте ұқсас. Егер егілген ақ сұлыны жөндеп күтпесе, ол қара сұлыға - арамшөпке айналып кетеді. Ақ сұлы сабағының шашағындағы ақ сұлы дәндерінің ішінен қара сұлы дәнін де табуға болады. Қара сұлы мен ақ сұлының бір-бірінен негізгі айырмашылығы - жемістерінің (дәндерінің) құрылысында. Ақ сұлы дәнінің қабыршақтары жұмсақ, дәндері ірі, қоректік заттар көп; орып және басып алғанша дәндері сабағының басынан өз бетінше түспейді және төгілмейді. Қара сұлы дәнінің - қабыршағы тығыз және қара-қошқыл болады, пісісімен дәндері сабағынан төгіліп түседі. Қабыршақтарының бірінде, бетегенікі сияқты, ширатылған қылтығы болады. Ылғал тигенде қылтық жазылып кетеді, кепкен кезде қайтадан ширатылады. Қылтығы біресе - ширатылып, біресе - жазылып кетудің арқасында қара сұлының жемісі жорғалап жүріп, жер бетіне тарала бастайды. Егер столдың үстіне бір шымшым қара сұлы төгіп, үстіне азырақ су себетін болса, олар жан-жаққа қарай, ширатыла баяу қозғалып, бет-бетімен кетеді.
Куресу шаралары • • • Күрес шаралары Егістікке зиянды әсеріне қарсы күрес: тұқымды тазарту; жерді сыдыра және терең жырту; ауыспалы егіс жүйесін дұрыс орындау; Гербицидтерді қолдану
Жатаған у кекіре - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық атпа тамырлы карантиндік аса қауіпті арамшөп. Тамыр жүйесі қуатты, 10 м тереңдікке дейін жетеді. Жатаған у кекіренің ерекшеліктері: ол қордағы ќоректік зат – инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына жинақтап, ќоректік заттарын топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізу арқылы өсіп жер бетіне шығуы әрі фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы. Сол себепті көптеген агротехникалық әдістерге төзімді келіп, қайтадан тез өсіп жетіледі
У кекіренің егістікті басуы салдарынан Қазақстан жыл сайын 3 млрд. теңге зиян шегіп отыр. Сонымен қатар, егістік өнімінің төмендеуінен басқа, оның сапасы да төмендейді, ұнның дәмі ащы болады, малға арналған сүрлемді жануарлар жемейді, жылқы жануары өте тез уланады, өлген жағдайлар да жиі кездеседі. Сүрі жерлерді, отамалы дақылдарды күтіп-баптау кезінде де кететін шығындарды есептесек, жалпы шығын 3 млрд. теңгеден асады.
1. Кекіремен күресу үшін аймаќтық интеграциялық жүйе жасау және ұсыныстар беру. 2. Ізденіс жўмыстарын кеңейту, жәндіктерді, фитофагтарды, фитопатогенді бактериялар мен саңырауқұлаќтарды - биологиялыќ әдістер ретінде кекіремен күресудің негізі болу керек. Осы бағытта жұмыс жүргізетін мекемелердің жұмыстарын үйлестіру қажет. 3. Қостанайдың механизация және электрификация институтына топыраќты үш түрлі терендікте өндейтін ќұралдарды жасауға тапсырыс беру. 4. Ауыл шаруашылығы министрлігінде кекіре мәселесіне байланысты ғылыми-техникалыќ кеңес ќұру. Кеңестің міндеті кекіреге қарсы кең көлемде жоспар, зерттеу әдістемесі және күресу жүйесін ғылым мен өндіріс тәжірибесіне сүйеніп қайта қарау. 5. Өсімдік қорғау және карантин департаментінде механикаландырылған отряд құрып, оларды оқыған, білімді мамандармен қамтамасыз етіп, ғылымның жетістіктерін кең түрде өндіріске енгізу.
нияз руфина.pptx