Смахан Ажар Психология-3 курс 318 топ.pptx
- Количество слайдов: 20
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті «Педагогика және психология» факультеті Психология мамандығы Қылмыскер балалардың өзін-өзі тануындағы ерекшеліктері және қылмысқа бару себептері 3 курс Смахан Ажар Алматы, 2014 жыл
Бүгінгі жастардың арасында терең жан күйзеліс дертіне шалдыққандардың барына талас жоқ. Мұны немен түсіндіруге болады? Себебі неде? Өтпелі жасөспірім кезеңі – қиын кезеңнің бірі. Ағзада болатын өзгерістерге байланысты өтпелі кезеңде жасөспірімдер өміріне жаңа сезімдер мен мазасыздықтар нөсердей жауады. Күнде олардан құрдастары мен мұғалімі, одан қалса, үйде ата-анасы, алғашқы махаббаты бір нәрсені талап етеді. Теледидар, фильмдер музыка мен интернет оларға өз стереотиптерін байлайды. Нақтылап айтсақ, жасөспірімдердің бұл кезеңін стресс пен мазасыздық ілескен өтпелі кезең десек те болады. Сонымен қоса, көбінесе жас адамдардың тәжірибесі жоқ және өмірдің алғашқы соққыларына қарсы тұра алмайды. Жақсы адамның қолдауынсыз олар жаман жолға түсулері мүмкін.
қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. құқық бұзылушылықтың бір түрі Қылмыс
-психологиялық тұрғыда -заң нормалары негізінде Қылмыст ы шешу барысынд ағы бөліктер -әлеуметтік тұрғыда
өзектілігі: Жеткіншек жастардың қылмыстылығымен күресу-бұл қылмыстылықтың ағымдағы себептері мен факторларымен және басқа да құбылыс-тарымен бірге болатын әлеуметтік саяси мәселе. 2011 жылы жасалған жалпы қылмыстардың ішіндегі кәмелетке толмағандардың үлесі: ересектермен бірлесіп жасаған қылмыстардың саны - 2194, жеткіншектердің топтасып жасаған қылмыстары - 2075 құрайды. Бұл көрсеткіштер кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алу, ескертудің әлі де болса жеткіліксіз екендігінің айғағы. Статистикаға сүйенсек заң бұзып, қылмыс жасаушы жеткіншектер мен жасөспірімдердің көбі толық отбасында тәрбиеленбегендер, олардың ішінде 29 % әкесіз тәрбиеленгендер, ал ата-анасының екеуі де қызметте болып, тәрбиеге уақыт болмауы 8 % құрайды. Жеткіншектер мен жасөспірімдердің қылмыс жасаудағы бірден бір кең таралған себептерінің бірі алкогольдік және есірткі заттарды қолдану, сонымен қатар жүйкеге әсер ететін заттарды көп қолдану болып келеді. Алкогольдік және есірткі заттарды қолданудың бірден бір себебі ретінде қызығушылық - 52, 3 % көрсетеді, өзінің рахат сезімі үшін-19, 2 %, достарынан қалмау - 10 %, ал қалған бөлігі деппрессия жағдайында бір нәрсені ұмыту, бір нәрсемен айналысу болып табылады.
мақсаты: -Жеткіншек балалардың қылмысқа бару себептерінің салдарын зерттеу. -Жеткіншек қылмыскер балалардың ортада әлеуметтенуіне бағыт беру. -Қылмыс пен жазаның мағынасын түсіндіру.
міндеттері: -Жеткіншек балалардың психологиялық астары. -Қылмысқа ерекшелігі. барған қылмысқа балалардың баруының әлеуметтенуінің - Жеткіншек балалардың отбасындағы жағдайы.
Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық және өміріне тікелей зиян келтіретін психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алып, шектеу мақсатында аудан әкімдігі, аудандық емхана, аудандық ішкі істер және білім бөлімімен бірлескен іс-шара жоспары түзіліп, бекітілген.
Жеткіншек балалардың қылмыстық ісәрекеттері және салдары
Жеткіншек балалардың өзін-өзі бағалау және қылмысқа баруының себептерін анықтау мақсатында Ұзынағаш ауылында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға Алматы облысы Ұзынағаш ауылында 02. 11. 2014 жылы 10: 00 -те жиналған жасөспірімдерге сауалнама жүргізілді.
Кесте 1 – Респонденттердің саны бойынша мәліметтер № Респонденттердің категориясы Жалпы саны 1 Жасөспірімдер 19
Сауалнама сұрақтары: 1. Сізде қылмысқа барамын деген ой болды ма, болған жағдайда оған не себеп болды? 2. Сізде ата – анаңыз тарапынан қоғамдағы қылмыс және оған бармау себептері туралы пікір болады ма? 3. Қылмысқа барған балалардың қоғамдағы орны қандай деп ойлайсыз? 4. Сіздің достарыңыздың арасында қылмысқа барған балалар болды ма? 5. Сіздің пікіріңізше қылмысқа жасөспірімдер не үшін барады? 6. Сіз қылмыскер балалармен дос боласызба? 7. Қылмыскер балалар өз ортасында көп дос таба алады ма? 8. Қылмысқа барған жағдайда соңында не болатанын білесіз бе? 9. Қоғамда қылмысқа барған балалардың саны көп деп ойлайсыз ба? 10. Қылмыстық жағдай орын алғанда қандай шара қолданар едіңіз?
Зерттеу нәтижелері Сурет 1 – Сізде қылмысқа барамын деген ой болдыма, болған жағдайда оған не себеп болды? 41. 9 29. 1 иә 29 жоқ жауап беруге қиналамын
Сурет 2 - Сізде ата-анаңыз тарапынан қоғамдағы қылмыс және оған бармау жолдар туралы пікір болдыма? 26. 6 Жауап беруге қиналамын Жоқ Ия 8. 9 64. 5
Сурет 3 -Сіз қылмыскер балалармен дос болысыз ба? 48. 1 26. 6 25. 3 Ия Жоқ Жауап беруге қиналамын
Жеткіншек балалардың қылмысқа баруының себептерін анықтауға арналған зерттеу жұмысын жүргіздік. Сауалнама 02. 11. 2014 жылы 10: 00– те жүргізілді. Респонденттердің нәтижесі бойынша қылмысқа баруының негізгі себебі, біріншіден атаана тарапынан жіберілген қателіктер, балаға көп көңіл бөлмеу, екіншіден балалардың қоғамдық орынға әлеуметтене алмауы, үшіншіден өз достарына еліктеуден, олардың өз достарынан қалмауы туралы ойлайды.
Ұсыныстар: 1. Жасөспірімдердің қылмыс туралы сауатын ашу керек; 2. Отбасында ата-аналар жасөспірім балаларының тұлғалық даму барысында тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек; 3. Білім беру мекемелерінде қылмысты танып білу мақсатындағы іс-шаралар жүргізу керек; 4. Жеткіншек балалардың тұлғалық дамуында қылмысқа барудың ықпалын анықтап, түзету жолдарын ұйымдастыру; 5. Жеткіншек балалардың психикалық депривацияға ұшырамай, қоғамдағы өз орнын табуға ықпал ету.
қорытындысы: Қорыта айтар болсақ, бүгінгі қоғам жасөспірімдер қылмысы, олардың есірткіге елітіп, бұзақылыққа жол беруі, өзінеөзі қол жұмсауы сияқты маңызды мәселелерді ұстаздар мен құқық қорғау органдарына ғана жүктеп отыр. Ал біздіңше балалардың арасындағы қылмыстар үшін ата-аналар да жауап берулері керек. Өйткені, маскүнем ата-аналар мен отбасында ылғи ұрыс-керіс болып жататын және жайсыз отбасылардағы жағдай ондағы балалардың назардан тыс қалып, дұрыс тәрбие алмай заңсыздықтарға ұрынуларына жол ашады. Болашақта ұлтына қалқан, еліне қорған болатын жастарымыздың тәрбиесіне жауапты ата-аналарға және басқа да қоғам мүшелеріне бүгінгі немқұрайдылықтың зардабын ертең тартуымыз мүмкін екендігін ескерткіміз келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша комитеттің 2011 жылдың 12 ай аралығындағы Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары мен соттар қызметінің қорытындысы мен қылмыстылық жөніндегі статистикалық мәліметтер жинағы. - Астана, 2011. 2. Ерменбетова Л. Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алудағы құқықтық тәрбиенің рөлі. //Юриспруденция сериясы вестник Каз. НПУ. 2006. - № 1. 57 -62 б. 3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. - Алматы: Жеті -жарғы. 2004. 4. Копыстынский Е. А. Этот опасный возраст. – М. : Знание. 1982. - 93 с.
Назарларыңызға рахмет!!!
Смахан Ажар Психология-3 курс 318 топ.pptx