Шаблон для презентации по литературе.pptx
- Количество слайдов: 10
Қазақ әдебиеті • • • Қазақ әдебиетінің арғы тарихы Бодандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті
Қазақ әдебиеті • Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. • Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақалмәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар ( «Қобыланды батыр» , «Алпамыс» , «Ер Тарғын» , «Қамбар батыр» , т. б. ), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар ( «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» , «Қыз Жiбек» , т. б. ) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады; қараңыз: Ауыз әдебиетi.
Қазақ әдебиетінің арғы тарихы • Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б. з. б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға» , «Шу» батыр, «Атилла» , «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түркі қағандығы тұсындағы (8 ғ. ) әдеби жәдiгерлердiң ( «Күлтегiн» , «Тоныкөк» , «Бiлге қаған» жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типологиялық, дәстүрлiк үндестiкте дамыды. Түркі қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы» . Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ. ) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т. б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғылыми және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т. б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика» , «Поэзия өнерi туралы» , ибн-Синаның «Данышнамесi» ( «Бiлiм кiтабы» ), әл-Бирунидiң «Хикметтерi» ( «Даналық сөздерi» ), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк» ( «Түркi сөздерiнiң жинағы» ), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi» , Иасауидiң «Диуани хикметi» ( «Ақыл кiтабы» ), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы» , т. б. толық дәлел бола алады.
Бодандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті • 19 ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиетi — әлеумет халiн ұғып, ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халықтың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен бейнелендi. Осы өзгерiске қарсы анық наразылық Махамбет Өтемiсұлы өлеңдерiнен айқын көрiнедi. Махамбет жырлары — Исатай Тайманов бастаған көтерiлiстiң (1836— 37) ұраны, үнi. Мұнда көтерiлiстiң мақсат-мұраты ( «Қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем деп» ), оған қатысатын ерлердiң сипаты ( «Ереуiл атқа ер салмай» ), соғыс суретттерi ( «Соғыс» ), Исатайдың батырлығы мен оны жоқтауға арналған жырлар ( «Тарланым» , «Мұнар күн» ), ақынның өз жайына, көңiл-күйiне ( «Баймағамбет сұлтанға айтқаны» , «Қызғыш құс» ) байланысты өлеңдерiне жалғасып, тұтастай көтерiлiс тарихын, сол кезеңдегi әлеум. жағдайды бейнелейдi. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне тiлектес ақындар қатарындағы Шернияз Жарылғасұлының Исатайды мадақтап, Баймағамбеттi даттайтын өлеңдерi батылдығымен, тапқырлығымен бағалы. Исатай—Махамбет көтерiлiсiне жалғас туған Кенесары— Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы да (1837 — 47) өзiне тiлектес әдебиет тудырды ( «Наурызбай — Қаншайым» , «Топ жарған» , «Жасауыл қырғыны» , Нысанбай Жаманқұлұлының «Кенесары-Наурызбай» жыры). Сыр бойында, Батыс Қазақстанда өткен патша отаршылдығына қарсы көтерiлiстер кезiнде жаңа жырлар туды ( «Бекет батыр» , «Жанқожа батыр» ).
Бодандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті Отаршылдыққа қарсы күрес поэзиясы қазақ көркем сөзiнiң дамуында озық идеясымен, халықтық мазмұнымен жаңа белес саналады. Билеушiлерге қарсы наразылықты ашық айтқан шыншыл поэзия туды, адамды суреттеудiң жаңа тәсiлдерi қолданылды. Осы қатардағы ақындар iшiнде Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйiнбай Аронұлы елеулi орын алады. Отаршылдық дәуiр әдебиетiнiң ақындары шығармаларында ел байлығының талауға түсiп, халықтың кедейшiлiкке ұрынып, қоныстың тарылуы, зорлық-зомбылықтың күшеюi, парақорлықтың етек жаюы, адамдар мiнез-құлқының өзгерiп, ұсақталып, берекесiздiкке түсуi, дiн шарттарының еленбеуi, т. б. жағдайлар кең қамтылып, көркем бейнелендi. Оларды заман қайғысы, өткендi ойлап торығу, алдағы өмiрден шошыну зары бiрiктiрдi. Бұл сарынның көрнектi ақындары — Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердерi Әбубәкiр Шоқанұлы, т. б. халықтық поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi. Оны заман шындығын бейнелеумен шебер байланыстыруда, реализмдi байытып, адам психологиясындағы өзгерiстердi жарқын суреттеуде, тiл өрнегiнде сан алуан жаңалықтар табуда осы топтағы ақындардың еңбегi үлкен. Олардың бiразы отарлаушыларға шошына қарады, дегенмен шығыс әдебиетiмен, дiни әдебиет үлгiлерiмен жете таныс болуы арқасында көркемдiк құндылығы жоғары туындылар жасады; қараңыз: Зар заман ақындары.
Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы • • Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М. Әуезов, этнограф Ә. Диваев, профессорлар Х. Досмұхамедов, А. Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызмет шеңбері төмендегідей болды: қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы, т. б. мәселелерін қарастыру; І ұлттық өнерді зерттеу; қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу; қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру; қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету. Қоғам құрамына А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М Дулатұлы, Қ. Кемеңгеров, т. б. енді. Осы кезеңде жаңа кеңестік әдебиет қалыптаса бастайды. Оның Қазақстандағы өкілдері С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Б. Ізтөлин жөнө т. б. болды. Олардың шығармашылығы айқын социалистік реализм және пролетарлық интернационализм ұстанымына негізделді.
Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы • • 1925 жылғы 18 мамырда Қазақстанда Пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ ассоциациясы (Қаз. АПП) құрылды. Қаз. АПП жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды. Мәдениеттегі кез келген құбылыс таптық, пролетарлық күрес тұрғысынан бағаланды. Халық шығармашылығының көптеген түрлері, мысалы, «Едіге» , «Қобыланды батыр» реакцияшыл, ұлтшылдық көзқарастағы шығарма деп жарияланды. А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабаев, М. Дулатұлы қуғынға ұшырады. Абай шығармалары талқылауға түсті. Басқа жанрлардың арасында бірінші орынға саяси лирика шығарылды. Кеңестік жарқын шындықты жабырқау өткен өмірмен салыстыру тәсілі кең қолданысқа енді. Қаз. АПП қызметінде қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін жоққа шығару көзқарасы барған сайын белең ала бастады. Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922— 1923 жылдары, содан соң 1926 -1928 жылдары қызу пікірталас болып өтті. 20 -жылдардың ортасы мен соңында қазақ әдебиетіне Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Ә. Тәжібаев, А. Тоқмағамбетов, Ғ. Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының — ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ кеңес ақынжазушыларының шығармашылығында В. И. Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды. 1934 жылы 12— 18 маусым күндері Қазақстан жазушыларының I съезі өтіп, онда идеялық тәрбие жүргізудегі қуатты құрал кеңестік әдебиет болуы керек екендігі баса айтылды. Қазақ кеңес әдебиеті фольклор дәстүріне сүйенді. Мәселен, Жамбыл Жабаев (1846— 1945 жылдары) шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Жаңа өмір мен кеңес адамдарын ақын Нүрпейіс Байғанин (1860— 1945 жылдары) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов (1900— 1946 жылдары) шығармашылығы нағыз халықтық мәнге ие болды.
Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы 20— 30 -жылдар қазақ кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды. І. Жансүгіров «Жолдастар» романын жазды, С. Мұқанов «Байдың ұлы» , «Достар» , «Ботагөз» романдарын тудырды. Қазақ драматургиясын дамытуда Мұхтар Әуезовтің рөлі зор. Қазақ театр өнерінің дамуы оның есімімен тығыз байланысты. Ресми билік құптаған негізгі тақырып — кеңестік қоғамның құрылуы және дамуы, қазақтардың туған өлкесін түлетуге қосқан үлесі, жергілікті халықтың социалистік еңбектегі ерлігі, т. б. болып саналды. 1934 жылы республикада Қазақ әдебиеті баспасы ашылды. Баспадан социалистік реализм рухындағы әр түрлі жанрдағы шығармалар жарық көре бастады. Бұл кезде Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері — И. Шухов, П. Кузнецов, Г. Шарипов, т. б. жазушылар көпшілікке танылды. Д. Снегиннің «Шығыстан соққан жел» , «Жетісу» жөне «Менің қалам» атты жинақтары жарық көрді. Латиф Ансари жас ұйғыр ақындарының «Таңғы сәуле» атты өлеңдер жинағын құрастырды. Сонымен бірге Коммунистік партия тарапынан идеологиялық бақылаудың күшеюіне байланысты көптеген әдебиет өкілдері қудалауға түсе бастады. 1937— 1938 жылдардағы қуғын-сүргін барысында қазақ әдебиеті өзінің бетке ұстар өкілдерінен айырылды. Қазақ әдебиетінің ұлттық ағымының өкілдері — Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, Ө. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, т. б. қуғын-сүргінге ұшырады. Осы жылдары қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері — С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, т. б. да қудаланған болатын. Саяси қуғын-сүргін қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына айтарлықтай зиянын тигізді.
XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті • XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының мәдениеті ғасырлар бойы дамыған, өзіндік тарихи ерекшеліктері бар. 1905 -1907 жылдардағы революциялық қозғалыс, таптық күрестің шегінуі және қайтадан өрлеуі де қазақ мәдениеті салаларының жаңа мазмұнда қарқышдап дамуына әсер етті. • XX ғасыр басынан Қазан революциясына дейін Семейде, Оралда, Орынборда, басқа Қазақстанның қалаларында кітап басып шығару нақты қолға алынды. Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір, Түркістан бөлімдері, Семейдегі Орынбордағы бөлімшелері Қазақстан жерінде әр түрлі ғылыми жазбалармен қатар, көпшілікке түсінікті әр түрлі мазмұндағы басылымдардың шығуына қамқорлық жасады. Қазақ зиялары Ш. Құдайбердіұлының, М. Дулатұлының, С. Дөнентайұлының, А. Байтұрсынұлының шығармалары XX ғасырдың басында жарық көрді. Өз заманында халық арасында ерекше құрметке ие болған. , Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шәкірт олы» , «Алтын аяқ» , «Адасқан өмір» т. б. өлеңдері мен поэмаларында сол кезеңнің өмір жағдайлары, қазақ аулының өміріндегі өзгерістер сипатталады. Халық арасында кең таралған Бейімбет майлиннің «Шұғамың белгісі» Спандияр Көбеевтің атақты «Қалың малы» өмір шылдығын халық тағдырын сипаттауда мауызыл жоғалтпаған тамаша туындылар.
XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті XX ғасыр басындағы ұлттық әдебиеттің аса белгілі әкілдерінің бірі – Шәкәрім ұлы Абайдың талантты шәкіртті. Шәкәрім араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерген орыс тілін де жақсы білген. Шәкәрім тек Қазақстан ғана өлкесінде кең белгілі болған тамаша ақыл. Жасымнан жетік білдім түрік тілін, Сол тілге аударылған барлық білім. Ерінбей еңбек еттім, еңбек жалды, Жарқырап қараңғыдан туып күшім, - Деген осы шумақтың өзі Шәкәрімнің ой – парасатылық биік, білім деңгейінің тереудігін аңғартады. Жамбыл Жабаевтың жасынан қалыптасқан ақылдық өнері айтыстардан шылдалып, біртіндеп әлеуметтік бағыт алғаш. Шолжар топ өкілдерінің жемқорлығын мінеуде, сқөзбел түйреп, оларды халық алдында әшкеремуде Жамбыл Жабаевтың поэзиялық талабы ерекше.
Шаблон для презентации по литературе.pptx