диета.pptx
- Количество слайдов: 12
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті «Ветеринария» факультеті Кафедра: “Клиникалық ветеринарлық медецина” ң остеодистрофиясында диеталық азықтандыру Орындаған: Рымқұл Данияр. Қабылдаған: Жолгелдиева Асель.
* Остеодистрофия
* Остеодистрофия (гр. osteon - сүйек + гр. dystrophia) — сүйек тканінің семуі — бұл зат алмасу процесінін, бұзылуынан ішкі ағзалардың жеткіліксіз қоректенуінен жәнеқалқан бездерінің ауруға шалдығуынан болады. Ол организмде минералды тұздардың азаюынан сүйек қаттылығының нашарлауына соқтырады. Сүйек үлпасында остеомиляция, остеопороз және остеофиброз түрін дистрофиялық өзгерістермен жүретін созылмалы ауру. Ірі қара малда жиі кездеседі.
* Азықпен бірге кальций және фосфордың жеткіліксіз келіп түсуі, рационда көмірсулардың протейннің, Д-витаминнің тапшылығы. Ал бұл сүрлемді-жомды азықтандыру түрінде, рационда пішен және құрама жемдердің жоқтығында немесе тапшылығында.
* Сиырдың остеодистрофиясы Ірі қара малда ауру жомды- бардалы бағуда, рационда ірі және құрама азықтардың тапшылығында байқалады. Рационда басымырақ сүрлем, жом, барда, жарма болғанда, ал пішен жеткіліксіз болғандықтан малды фосфор, кальций, магниймен, күкіртпен, витаминдермен қамтамасыз ете алмайды.
* Сиырдағы остеодистрофия
* Себептері: Рационда пішен және тамыртүйнектілер тапшы жоғары концентратты бірыңғай типті азықтандыру, малға сапасыз сүрлем, пішен және суалуында шектен тыс азықтандыру, малға сапасыз сүрлем бергеннен. Пайда болған остеодистрофияның рационында кальций, фосфор, минералды заттар, белок тапшылығы.
* Белгілері: Шартты түрде аурудың 3 кезеңі болады. 1 - кезең. Мал түгінің, тұяқ, мүйізінің жылтырамауы, азыққа тәбеттің болмауы, кез келген затты жеуі, мал өнімінің төмендеуі. Дене қызуы қалыпты. Аздап гемоглобин мөлшері, эритроциттер саны, анорганикалық фосфор төмендейді, ал сілтілі фосфотаза көбейеді.
2 -кезеңде сүйек байланыс апараты, еттер зақымдалады. Мал орнынан тұрғанда, жүргенде ауырсыну ақсайды бүкірейеді. Жауырын жұқарады, күрек тістер босайды, буындар жуандайды. Малдар таяқты, ағаш бұтағын, резеңкені, кірпішті тістейді, былғаныш төсенішті жейді. Қоңдылығы төмендейді, өнімділігі күрт төмендейді.
3 -кезеңде сүйектерде айқын өзгерістермен сипатталады. Дене томпешікті, аяқтар қисайған, белі бүкірейген немесе төмен түскен, қоңдылығы курт төмендейді. Мал ұзақ уақыт жатады, орнынан зорға тұрады. Азыққа тәбеті өзгереді.
* Тағайындалатын диеталық азықтар Азықпен, сумен негізгі элементтер жеткіліксіз келңһіп түсетін болса, онда малға керегінше еркін әртүрлі бұршақты-дақылды, жоңышқалы, шөп береді, рационда құрама жем, арпа, сұлы жармасын береді. Жайылым кезінде жасыл шөпті барынша пайдаланады. Ауру малдарға А, Д витаминдерінің майлы концентратын береді. Құрамында кальций және магний бар камагсол ірі қара малға венаға енгізеді.
диета.pptx