
багдат касип.pptx
- Количество слайдов: 17
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Тақырыбы: Ветеринариялық міндеттемелер және оның орындалу тәртібі Орындаған: Мырзабаев Б. ВС-313 Алматы, 2014 жыл
Ветеринариялық міндеттемелер-бұл ұйымның осы есепті уақытында бар нақты берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтың наразылығын қанағаттандыруда ресурсың жылыстауы түріндегі экономикалық пайданың кемуіне алып келеді. Шартпен ресімделген азаматтық-құқықтық қатынас. Міндеттеме сөзінің екі мағынасы бар. Міндеттеме бойынша бір тұлға (борышқор) екінші тұлғаның (несиегердің) пайдасына белгілі бір ісәрекет жасауға не оны жасаудан тартынуға міндетті, ал несиегер борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттеменің пайда болу негіздемесі – заңды фактілер, бір жақты мәмілелер, әкімш. актілер, заңсыз әрекеттер, оқиғалар. Міндеттемеде әрқашан да белгілі бір субъективтік құрам (міндеттеме тараптары) болады. Тараптардың бірі – борышқор, яғни тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, мүлікті табыстауға, ақшалай қаражат аударуға, өзге де әрекеттерді жасауға міндетті тұлға. Екінші тарап – несиегер, яғни борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы тұлға. Жалпы мағынада алғанда міндеттеме бір тұлғаның (борышқордың) екінші тұлғаға (несиегерге) борышы деген ұғымды білдіреді, яки міндеттеме дегеніміз тұлғалардың міндеттемелік құқық нормаларымен реттелген өзара қарым-қатынасы.
Міндеттеме термині дебиторлық және кредиторлық берешек, яғни алашақ пен берешек ұғымын біріктіреді. Дебиторлық берешек дегеніміз ұйымға басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың берешегі, яғни алашақ (мыс. , сатып алушының сатып алынған өнім үшін, есеп беруші тұлғаның өзіне есеп беру кепілдігімен берілген ақшалай сома үшін берешегі). Кредиторлық берешек деп ұйымның басқа ұйымдарға, қызметкерлерге, жеке тұлғаларға (несиегерлерге) берешегін айтады. Бухгалтерлік баланста кредиторлық берешек ұйым қаражаты көздерінің құрамында, яғни пассивте көрсетіледі
Міндеттемеге сөйкес бір адам (борышқор) басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б. сияқты әрекеттер жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан белгілі бір міндеттерді орындауды талап ету кезінде құкықтар мен міндеттілікке ие болады, өйткені ол борышқордан міндеттемені талап етуге құқығы бар. Міндеттемеге қатысушылар болып несие беруші мен борышқор танылады. ° Несие беруші — борышқордан міндеттемесін орындауды талап ететін тұлға. Борышқор — міндеттемедегі несие берушінің пайдасына белгілі әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндетті болып келетін тұлға.
Кейбір жағдайда міндеттемеге бір мезгілде бірнеше несие берушілер мен борышқорлар қатысуы мүмкін. Бұл орайда сөз міндеттемедегі көп тұлғалар жөнінде болып отыр. Міндеттемедегі құқыктар мен міндеттер арақатынастарына байланысты: біржақты, екіжақты немесе өзара ортақ міндеттемелерге бөлінеді. Біржақты міндеттеменің бір жағында тек құқықтар, ал екінші жағында тек міндеттер ғана болады. (Мысалы: зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер). Екі жақты немесе өзара ортақ міндеттемеде оған қатысушылардың әрқайсында міндеттемелер мен құқықтар болады. (Мысалы: сату және сатып алу шарты. )
Міндеттемелер заң талаптарына, міндеттеме шарттарына, іскерлік айналым әдет-ғұрпына және өзге де қойылатыи талаптарға сөйкес орындалуы тиіс. Тиісті негізде орындалуға қойылатын талаптар әр түрлі болуы мүмкін, атап айтсақ, орындау тиісті мерзімде, тиісті орында, тиісті әдіспен жүзеге асырылуы тиіс. Міндеттемені орындау шарттары тек тараптардың келісімі бойынша иемесе заңда бекітілген негіздер бойынша өзгертілуі тиіс. Міндеттемені орындау мерзімі көп жағдайда шарттың талаптарымен, яғни, тараптардың келісімі бойынша анықталады. Бірақ кей кездерде тараптардың шарт морзімін ескермейтін жағдайлар да кездесіп жатады. Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекі тілген Ережелер қолданылады. Сондай-ақ заңда міндеттемені ақылға қонымды мерзім ішінде орындамаған немесе міндеттеменің орындалу мерзімі талап ету сәтімен анықталған жағдайда борышқор міндеттемені несие берушінің талап еткен күнінен бастап жеті күн мерзім ішінде орындауға тиіс.
Егер орындалатын жер заңдармен немесе міндеттеме талаптарымен анықталмаса, онда міндеттеме төмендегідей жағдайда орындалуы тиіс: • міндеттемеге сөйкес жылжымайтын мүліктің тұрған орына берумен байланысты; • міндеттемелер — тасымалдауды пайдалана отырып тауарды немесе өзге демүлікті несие берушіге жеткізу үшін алғашқы тасымалдаушыға өткізген жеріне байланысты; • өзге де міндеттемелер бойынша тауар немесе басқа да мүліктің жасалған немесе сақталган орны бойынша берумен байланысты, егер бұл міндеттеме туындаған сәтте несие рушіге бұл жер белгілі болса; • ақшалай міндеттемелер бойынша — несие берушінің тұрғылыңты жері бойынша, ал егер несие беруші заңды тұлға болса — орналасқан жері бойыша. Қолмакол ақшамен есеп айырыспаған жағдайда несие берушінің тұрғылықты жері есеп айырысатын жер болып табылады. • басқа міндеттемелер бойынша — борышқордың тұрғылыңты жері бойыша, ал егер борышқор заңды тұлға болса — оның тұрған жері бойыша.
Міндеттеменің орындалуы куәландырылған болуы қажет, яғни міндеттеменің орындалуы кезінде несие беруші борышқорға міндеттеменің толық немесе ішінара орындалғаны жөнінде қолхат беруі тиіс. Жалпы тәртіп бойынша, егер борыштық құжат несие берушіде болса, борышқор міндетте- менің орындалғанын дөлелдемейінше міндетті болып қалады. Күнделікті өмірде өр түрлі жағдайларға байланысты міндеттемелерді дер кезінде орындау қиындык тудырып жатады. Сондықтан да осындай жағдайлар болып қалғанда міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдістер болады. Оларға заңдар мен шарттарда көзделген айып төлеу, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілақы, кепіл, т. б. жататындағы көрсетілген. Бұл өдістердің басты мақсаты — борышқордың өзінің міндеттемесін тиісті дөрежеде орындауына түрткі болу.
Айып төлеу (айыппұл, өсім) — міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін көп жағдайда міндеттемені орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда борышқордың несие берушіге заңмен немесе шартпен белгіленген ақша сомасын төлеу. Өсім — міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған жағдайда қолданылатын пайыздық қатынаспен анықталатын шара (көп жағдайда өткізіп алынған бір күн үшін белгіленеді). Өсім ұзақ мерзімді айып төлеу болып есептеледі, оны есептеу төленген сомадан алынып тасталады. Айыппұлдың өсімнен ерекшелігі айыппүл заңда немесе шартта көрсетілген сомада алынады. Тәжірибеде көп жағдайда кез келген айып төлеуде «айыппұл санкциясы» термині қолданылады. Айып төлеу заңды айып төлеу және шартты айып төлеу дпген түрлерге бөлінеді. Заңды айып төлеу — міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда заңмен немесе басқа да қүқықтық нормалар актісімен белгіленеді.
Кепілдік — негізі міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын тұлға мен міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас.
Кепілақы — бір тараптың екінші тарапқа міндеттемені орыидауды қамтамасыз ету үшін белгілі бір ақша сомасын оның еімішотына беруі. Кепілақының көптеген қызметі бар: төлемнің бір бөлігі, шартты жасаудың дәлелі, міндеттемені орындауды қамтамасыз етеді. Кепілақыны борышқор төлейді. Егер Міндеттемені орындамағаны үшін кепілақы берген таран жауапты болса, онда кепілақты екінші тарапта қалады, ал егер кепілақты алған тарап кінөлі болса, онда ол екінші таранқа екі еселенген мөлшерде қайтаруы тиіс. °
Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жактың (борышқордың) несие берушісі алдында сол жактың міндеттемесін толық немесе борышқормен ортақтасыпішінара орындауы үшін жауап беруге міндеттенеді. Кепіл мен кепіл болушыльщтың бүзылмайтын жазбаша түрі болады. Егер жазбаша шарт болмаса шарт жарамсыз болып есептеледі. ° Кепіл — бұл несие берушінің борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда кепілге алынған мүліктің құнын төлеуге мүмкіндік алатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету өдісі.
Міндеттемелер өтелу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді: 1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер 2. Ағымдағы міндеттемелер Қысқа мерзімді міндеттемелер есепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылады деп күтілетін ағымдағы міндеттемелер болып табылады. Оларға мыналар жатады: -Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт; -Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі; -Кредиторлық борыштар: -төленуге тиісті шоттар мен вексельдер; -сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар; -салық міндеттемелері; -төленуге тиісті дивидендтер;
Ұзақ мерзімді міндеттемелер – есеп беру мерзімінен кейінгі жыл ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылуы (өтелуі) жоспарланбайтын кәсіпорынның міндеттемелері. Төленуге тиісті шоттар тауарды жөнелтушіге, қызмет көрсетушіге кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері болып табылады. Олардың сомасы, әдетте, аналитикалық есеп регистрлерінде тіркелген төленуге тиісті шоттармен дәлелденеді. Кейбір жағдайларда кредиторлық борышты қамтамасыз ету мақсатында кредиторға вексель берілуі мүмкін. Қысқа мерзімді төленуге тиісті вексельдер деп заңнамалық нысанда бекітілген бір тараптың (эмитент, вексель берушінің) екінші тарапқа (вексельді ұстаушыға) берген шартсыз жазбаша борыштық ақшалай міндеттемесі.
Назарларыңызға рахмет!
багдат касип.pptx