лайка.тайбаева гулшат.pptx
- Количество слайдов: 30
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Н. У. БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ Лайка Орындаған: Тайбаева К. С. Тексерген: Нуралиева У. А. ТППЖ. 2 курс. Алматы- 2015 ж.
Ит – ұй жануары. Биологиялық жектеу бойынша, ит Сүтқоректілер класының Төбеттер тұқымдасының қасқырлар тегі не жататын жыртқыш. Иттер шамамен б. з. б. 15 – 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі. Қазіргі кезде Ит тұқымына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: шпицетәрізділер бұған терьерлер мен доберманпинчерлер жатады; тазы иттер меновчаркалар; Азия, Америка, Австралия құрлығына тән иттер; Оңтүстік жарты шар иттері. Иттерді күнделікті тұрмыста пайдалануына қарай 3 топқа біріктіреді: аңшы иттер, күзет иті және үйде ұсталатын декоративті (сән үшін) иттер. Қолға үйретілген иттерде болатын әр түрлі жұқпалы аурулар (құтыру, саркоптоза, трихофития, т. б. ) адамдарға жұғады. Сондықтан оларды үнемі ветеринарға көрсетіп, жыл сайын үйде ұсталатын иттерді құтыруға карсы, ал күшіктерді обаға қарсы ектіріп отыру қажет.
Биологиялық сипаттамасы Иттер – нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тісі. Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады. Жыныстық жағынан төбеті 10 – 12 айда, қаншығы 7 – 8 айда жетіледі, жылына 1 – 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 – 65 күн, қаншығы 1 – 2, кейде 12 – 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 – 8, көзі 10 – 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 – 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 – 1, 5 айдай емеді. Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді.
Лайка - солтүстік европаның орманды аймағында кең тараған аңшы иттердің бір тұқымдасы. Лайка тұқымдасының түрлері Финляндия, Швеция, Норвегия, Дания, Канада мен АҚШ-тың солтүстігінде өсіріліп, аңшылыққа қолданылады. Басқа шектелген және маусымдық, аз мамандырылған аңшы иттерден айқын айырмашылығы болып, аңшылықтың кең таралған , яғни барлық түрлерінде кез келген маусымдағы ерекше аңшылық түйсігі болып табылады. Лайкамен тиін, бұлғын, сусар , күзен және басқа да аңдар ; үлкен жыртқыштардан - сілеусін, аю ; тұяқтылар - бұлан, бұғы , қабан , елік , мускус бұғы , т. б. ; . таулы және суда жүзетін құстарға аңшылыққа шығады.
Өткір иіс, қырағы көз бен жақсы есту қабілеті бар лайка иттері өз беттерімен аңды тауып алып, аңшыны үріп шақырады. Аңның орын ауыстыруы кезінде үндемей артынан жріп отырып, тоқтағанда аңшыға белгі береді. Үйректерді қамыс арасынан, қырғауылды қалың ішінен, ағашқа қонғандарды үріп орнынан ұшырап аңшыға тауып береді. Жаралы аң құсқа тиіспейғ иесіне акеліп береді. Ірі, тұяқты аңдардың ізінен жүріп отырып, алдына жүгіріп шығып, үріп, үркітіп тоқтады. Ал аюға аңшылық кезінде: аю інін тауып алып, епті, тез қарқынмен « атып шыққан» аңды қозғалтпай устап тұрады. Қан іздері арқылы жаралы аңдарды іздеп табады. Бастапқы уақытта лайкаларды солтүстікте ғана ұстаған, ал қазіргі кезде қабан мен басқа тұяқтардың шашырауына байланысты , кең таңылған және де Прибалтика елдерінде, оңтүстік, Қазақстанда да кең тараған. Лайкалар адамға бауыр басқыш, сонымен қатар үлкен қалалы аймақтар мен пәтерлерде оңай, өздерінің аңшылық қабілетін жоғалпай өмір сүре алады. Олардың ерекше артықшылығы – тамақты көп ішпеуінде. Тамақты жақсы қортуына байланысты , өзінің салмағындағы басқа иттермен салыстырғанда тамақты екі есе аз қажет етеді. Бұл керемет қасиеті тайгалық иттерде қатал іріктеу мен өмір сүрулерінің қолайсыз жағдайына икемделу барысында қалыптасып қалған.
Лайкаларды адамдарға қызмеет ететін көне иттер тұқымдасына жатқызуға болады. Стрелка мен Белка да, 1037 жылы Киевте сақталған белгісіз суретшінің суретінде бейнеленген иттердің ұрпағы болуы мүмкін, олар солтүстік иттер тұқымдасына тән өздерінің ерекше қасиеттеріні ашық ғарышқа ұшуымен дәлелдей түсті. Қазіргі кезге дейін олар, өздерінің қасқырлар мен шакалдарға тән туыстық белгілерін сақтап келеді.
БАЙҚОҢЫР.
54 жыл бұрын Белка мен Стрелка атты иттер ғарышқа ұшты Қаз. Ақпарат - 1960 жылы 19 тамызда Байқоңыр ғарыш айлағының бортында Белка және Стрелка атты иттер бар «Спутник-5» кораблі ұшырылды, деп хабарлады Ресей ғарыш баспасөз қызметінен. Белка мен Стрелка жер серігіне аттанған үшінші иттер экипажы болатын. Ғарышқа алғаш рет 1957 жылы Лайка атты ит ұшырылған. Белка мен Стрелканың саяхаты адамзаттың Жер айналасында орбиталық ұшуы мүмкін екендігі туралы тұжырымға келуге мүмкіндік берді. Иттер сапардан кейін авиациялық және ғарыш медицинасы институтында тұрды, ол жерден оларды балабақша мен мектептерге көрсету үшін апарып отырды. Бірнеше айдан кейін Стрелка жарық дүниеге алты күшік әкелді. Олардың біреуі АҚШ Президенті Джон Кеннедидің зайыбы Жаклинге сыйға берілді. Белка мен Стрелка қартайғанша өмір сүрді
Алғаш зерттеу мен шағылыстырып көбейту 19 ғасырда аңшы – кинологтар князь А. А. Ширинский-Шихматов, М. Г. Дмитриева-Сулима, Г. Поплавский Попытки жүргізген. Олар иттермен аңға шығып, олар жайлы жазып, зерттеп жәе жіктеуге тырысты. Нәтижесінде Солтүстікте «Лайка» деген ат таралып кетті. Мария Георгиевна Дмитриева-Сулима Сібір мен Қиыр Шығыс арқылы Ресейге жорығында лайка тұқымдасының таза тұқымдасын сатып алу мен сипаттау мақсатында шыққан болатын. Соның арқасында Ресейдің ірі журналдары «Живописная Россия» және жеке кітап басаларында «Лайка и охота с ней» атты басылымдар жарық көрді. М. Г. Дмитриева-Сулима (1911) А. А. Ширинский-Шихматовтың айтуына сүйене отырып , солтүстік иттерді этнографиялық белгісіне қарай екі топқа бөлді. «Бірінші топқа: зырянская, финно-карельская, вогульская, черемисская, остяцкая, тунгузская, вотяцкая, галицкая, остяцкая, норвежская, бурятская, сойотская лайкалары. Екінші топқа: лапландская, самоедская лайканы жатқызды» . Бұдан басқа М. Г. Дмитриева-Сулима (1911) тағы басқа зерттеушілерге сүйене отырып, кеврольский, олонецкий, киргизский, якутский, корякский, орочонский, гиляцкий, башқұрттық, монғолдық, чукоттық лайка, гольд иттері мен юкагирлер, ал географиялық белгісіне сай томсктік, вилюйский, березовский — сургутсктық, колымский, печорский лайкалар мен полярлық иттерді ажыратты. Соғында лайкалардың жүйелік зерттеулері басталғанда, А. П. Мазовер жазғандай «А. А. Ширинский-Шихматовтың ұсынған этнографиялық жіктелуі қате деп табылып, жазған лайка тұқымдастырының көпшілігі болмаған» – делінген. 1925 ж алғаш «шаруа – аңшылық иттер стандарты» қабылданды: зырянский, карельский, вогульский, остяцкий және вотской (вотяцкой) лайкаларды ажыратты. 1939 ж бес уақытша лайкалар стандарты ұсынылды: финно-карельский, коми (зырянский), хантейский (остяцкий) және мансийский (вогульский).
Лайкалар стандарты Көп жылдық қарқынды тырысулар нәтижесінде таза тұқымды лайкалар кең тараған. Қазіргі заманғы барлық лайкаларды 1947 жылғыы Бірегей союздық кинологтар жиынында ұсынылған стандарт бойынша жіктелген.
1. Орыс – европейлік лайка (Русско-европейская лайка). Жалпы түрі: ортаща бойлы. Мықты және тартылған конституция типті, бұлшық еттері жақсы дамыған, қозғалғыш, белсенді. Еркегінің бойы - 52 -58 см, ұрғашысыныкы 2 см – ге кем. Басы : сына тәрізді, құрғақ, бас сүйегі жалпақтау, тең қабырғалы үшбұрышқа ұқсайды. Тұмсығының ұзындығы бас сүйек қорабының ұзындығынан кіші. Тұмсығы үшкірленген, шеке сүйегіне паралель орналасқан. Ерні құрғақ, тығыз, жабысып орналасқан. Көзі : Ойнақтаған, жарқын, жанары жанған. Орташа көлемді, овал тәрізді, біраз қитар орналасқан, қоңыр, қара- қоңыр түсті. Аяқ - қолдары: Тік және паралель орналасқан. Білектері сәл иілген. Құйрығы : жоғары орналасқан, сақина тәрізді немесе арқасында жатқан күйде, не санына қысылған. Тез жүгіргенде сақина түзетіледі. Жай жүрісте құйрығын түсіріп жүреді. Бояуы: қара, ақ, жирен, зонарлы.
2. Батыс- сібірлік лайка (Западносибирская лайка) Жалпы түрі: ортаща бойлы. Мықты және тартылған конституция типті, бұлшық еттері жақсы дамыған, қозғалғыш, белсенді. Орыс – европейдтік түрімен салыстырғанда біраз созылыңқы. Еркегінің бойы – 54 - 60 см, ұрғашысыныкы 2 см – ге кем. Басы: төбеден қарағанда үшкірлеу келеді. Тұмсығының ұзындығы бас сүйек қорабының ұзындығына тең келеді. Желке томпағы жақсы көрінеді. Тұмсығы : үшкірленген, шеке сүйегіне паралель орналасқан. Ерні құрғақ, тығыз, жабысып орналасқан, салбырамаған. Құлағы: созылған үшбұрыш тәрізді. Тік тұрады. Қозғалмалы, биік орналасқан. Көзі: орташа көлемді, кез келген жүнінің түсінде қоңыр түсті болып келеді. Аяқ - қолдары: Тік және паралель орналасқан. Білектері сәл иілген. Артқы аяқтары алдыңғысынан қарағанда біраз кең орналасқан. Құйрығы : жоғары орналасқан, сақина тәрізді немесе арқасында жатқан күйде, не санына қысылған. Тез жүгіргенде сақина түзетіледі. Жай жүрісте құйрығын түсіріп жүреді. Жүні : қалың, қатты, тік, түбі жұмсақ. Мойын жүндері жал тәрізді , иығына түскен ұзынша келген. Бас, құлағы, аяғының алдыңғы жағында жүні қысқа. Бояуы: қара, ақ, жирен, зонарлы.
3. Карело-финская лайка Жалпы түрі: кішкентай бойлы, мықты, қозғалмалы. Бойы: Еркегінде 42 -48 см, ұоғашысында 2 см- ге кем. . Басы : жлғарыдан қарағанда сына тәрізді. Желке томпағы анық байқалмайды. Жоғарғы шеке мен тұмсығының сызығы паралелд орналасқан. Тұмсығы үшкірленген. Ерні құрғақ, тығыз, жабысып орналасқан, салбырамаған. Құлағы : кішігірім, тік тұратын, қозғалмалы, үшкір ұштары бар біраз созылған үшбұрышты формада. Көзі: кішігірім, оваль тәрізді, айқындалған қиығы бар. Қар – қоңыр. Аяқ - қолдары: Тік және паралель орналасқан. Білектері сәл иілген. Артқы аяқтары алдыңғысынан қарағанда біраз кең орналасқан. Бармақтары тығыз иілген , домалақ келген. Құйрығы : жоғары орналасқан, сақина тәрізді немесе арқасында жатқан күйде, не санына қысылған. Тез жүгіргенде сақина түзетіледі. Жай жүрісте құйрығын түсіріп жүреді. Жүні : қатты, тік, қалың, түбі жұмсақ және көлемді. Басы, құлағы, алдыңғы аяқтарында жүні қысқа. Мойыны мен иығында жүні ұзағырақ болғандықтан қалың жаға секілді көрінеді. Бояуы: жиреннің барлық түсі. Тұмсығында ақ іздері болуы мүмкін.
4. Шығыс – сібірлік лайка (Восточносибирская лайка) Жалпы түрі: батыс – сібірлік лайкамен салытырғанда біраз созылыңқы келген. Бойы: еркектерінде 55 -65 см, ұрғашыларында 2 см кем. Голова: сына тәрізді, бас сүйегі кең және домалақ пішінді шүйде сүегімен. Желкелік томпағы анық. Құлағы: тік, қозғалмалы, үш бұрыш пішінді, аса биік емес. Көзі: үлкен емес, қара –қоңыр түсті. Тісі; ірі, ақ, қайшы тәрізді келген. Денесі: мойны бұлшық етті. Ұзындығы бойынша бастын ұзындығына тең келеді. арқасы тік, жалпақ, бұлшық етті. Алдыңғы аяқтары: Прямые, параллельные, с хорошо выраженными углами, локти направлены строго назад. Предплечья прямые, пясти слегка наклонные. Артқы аяқтары: бұлшық етті, ұзын сирақты, паралельді, дұрыс бұрышпен қосылған. . Табандары түйнек болып, домаланып жинақталған. Құйрығы: арқасына сақина тарізді оралған. Қимылдары: тез, ширақ,
5. Ненецтер бұғы қуғыш лайкасы (Ненецкая оленегонная лайка) Ненцтердің негізгі өмір салты бұғы бағу болғандықтан, олар иттерды арнайы бұғы бағу үшін үйреткен жалғыз халық. Басқа солтүстік елдерде бұғы бағу үшін іріктелген шанаға шегетін не аңшылыққа баулыққан иттерді қолданады. Ерекше ненецтік лайкалардың екі түрі бар: қарапайым және қысқа аяқты. Қысқа аяқтылары көктемгі қарда қатты жүгіре алмағандықтан, оларды бұғының лағын бағу үшін пайдаланады. Жүні: ұзын, қалың, мамық жүндері жақсы дамыған. Ұзындығы денесінде 8 -10 см дейін, басы мен мойнында, саны мен белінде 13 -15 см дейін, құйрығында 20 -25 см дейін жетеді. Құйрығы: ұзын емес, әдемі төмен түсіріліп, арқасына лақтырылып орналасқаннан осы иттерге ерекше әсемдік береді. Конституция түрі: мығым және мықты. Мінезі: салмақты –қозғалмалы. Бойы: еркектерінде 45 см-ден төмен еме, ұрғашыларында 40 -смден төмен болмайды. Қимылдары: тез, ширақ, епті, жеңіл. Көлемдері соншама ірі болмаса да , ерекшеліктері төзімділігі мен күшінде.
6. Самоедская лайка (самоедский шпиц), немесе"сам-ми", айтқандай ақ, - еркін мінезді болғанмен өте әдемі ит. Бұл иттер қарды жақсы көреді және ашық кеңістікте өздерін жақсы сезінеді. Артықшылығы: өте әдемі, иесіне адал, тыңдайтын, ақылды. Қиыншылығы : аздап еркінсінген, түлеп жүріп кез – келген жерде жүнін тастайды. Өлшемдері: еркегінің бойы 51 -56 см, ұрғашыныкы-46 -51 см. бойы мен салмағы пропорционалды. Серуені: ұзақ, белсенді серуенді қажет етеді. Мүмкіндік болса арнайы дайындық алаңында аптасына 1 рет дайындап тұру керек. Жүнінің күтімі: үнемі тараұ не щеткамен тарауды қажет етеді. Егер су болып қалса, орамалмен құрғатыныз. Жылына 1 рет түлейді, сол кездері түскен жүндірн тарап тастап тұру керек, оңай тарау үшін жуындырғаннан кейін ыңғайлы. Тамақтануы: 1, 5 не 2 стандартты рацион ұсынылады. Бояуы: таза ақ; ашық –күл түсті, крем тәрізді. Басы: ірі, сына тәріздіғкең және жалпақ маңдайлы; тұмсығы шектеулі ұзындықта, ерні қара, құлақ алды жүндері қысқа және жұмсақ. Жақтары мықты. Құрығы: ұзын, үлпілдек, сақ кезінде көтеріліп, иілген. Жайбарақат кезінде, кейде түсіп тұрады. Аяқтары: ұзын, сәл жалпақтау. Табаы жүнмен жақсы қорғалған.
7. Хаски – үшкір құлақты солтүстік шпиц тәрізді иттердің ішіндегі ең мейірімдісі. Оның адаммен достығы, адалдығы мен сенімділігі бұрыннан белгілі. Артықшылығы: досшыл, балаларды жақсы көреді, ақылды, сенімді. Қиындылығы: көп физикалық жүктемені керек етеді. Өлшемдері: еркегінің бойы- 53 -60 см, ұрғашысы - 5 1 -56 см. Еркегінің салмағы- - 20, 5 -27 кг, ұрғашысы -16 -23 кг. Бойы мен салмағы пропорционалды болу керек. Серуені : тез , төзімді , күшті және ойнақы таулы шаналық жарыстың танымал қатысушысы , бұл ит аулада сақтау үшін құрылған жоқ. Жүнінің күтімі: күнделікті тарау жүнінің жақсы қалпының кепілі. Тамақтануы: 1, 5 не 2 стандартты рацион ұсынылады. Бояуы: кез келген түсті, ақтан басталып түрлі белгіге дейін. Басқа иттерде жоқ маска тәрізді бояу тән. Басы: орташа көлемді, денесіне сай, не жуан не жіңішке емес. Жоғарғы жағы көз ортасына дейін дөңгеленіп келген. Құйрығы: жүні қалың, сақ кезінде арқасынан төмендеу иілген қалыпта болады. Қалыпты жағдайда төмен түсіп тұрады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: ☺ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІЛЕРІ: *www. zharar. com/kz/shygarma/ * www. ribalka-i-ohota. ru * www. manorama. ru * www. layka. e 2 e. ru * dogcentr. ru * kk. wikipedia. org * dearpet. ru * zooclub. by * www. inform. kz
лайка.тайбаева гулшат.pptx