
думан касип.pptx
- Количество слайдов: 15
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті » «Кафедра: Ветсан сараптау және гигиена Ветеринариялық кәсіпкерліктегі жеке тұлғаның азаматтық құқығы Орындаған: Құдайберген. Д Вс-313 топ Тексерген: Қазтаева Б
Кіріспе Негізгі бөлім 2. 1 Жеке тұлға 2. 2 Азаматтық құқық 2. 3 Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі 2. 4 Кәсіпкердің азаматтық құқығы 2. 5 Кәсіпкерлікті лицензиялаудың заңнамалық негізі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады. Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.
Азаматтық құқық деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық, азаматтық қатынастарды заңдылық қарастырмаған жағдайларда, құқық аналогияны негізінде қолданылады, яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасымен реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттеу үшін азаматтық заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық қағидалары қолданылады.
Азаматтық құқықтың қағидалары Азаматтық құқықтар құқық қатынасқа түсуші тараптардың теңдігілігін; Меншікке қол сұқпаушылық Жеке, істерге рұқсатсыз кіріспеушілік ж. е т. б
Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі. Азаматтық кодекс тің 12 -бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Респцбликасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарфын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттіктері туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 19 маусымда қабылданған «Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы» Заң күші бар Жарлығының 2 -бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады» . Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады.
Кәсіпкердің азаматтық құқығы Азаматтық құқықтың нормалары кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді, онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін сыбайлас-жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірқатар нормалар бар. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жадталған жүйе құратын заң болып табылады, ол мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастың барлық ауқымын реттейтін құқықтық негіз болып қызмет етеді, нарықтық экономика жағдайында дамиды. Азаматтық заңнамамен реттелетін қатынас саласында кәсіпкерлер заңмен тыйым салынғаннан басқа кез-келген іс-әрекет жасауға құқылы. Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау – бұл құқыққа қол сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған ісшаралар жүйесі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 9 -бабы құқықты қорғайтын органдарды, қорғау құралдарын (тәсілдерін) және қорғау тәртібін белгілейді – сот, арбитраж немесе аралық сот.
Кәсіпкердің азаматтық құқығы Кәсіпкерге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2 бабымен танысу қажет, онда азаматтық кодекстің негізгі қағидаларының біреуі бекітілген – кім болса да жеке істерге араласпауы. Бұл қағиданың мағнасының бірі – билік және басқару органдарына кәсіпкерлер өз мүлкіне қалай билік жүргізіп, өз пайдасын бөліп, кірісін пайдаланып жүргеніне ықпал жасауға тыйым салынуы. Осы қағидаға сәйкес сондай-ақ ешкімнің рұқсатын, келісімін алу, ақпарат беру қажет емес, егер осыған ұқсас талаптар тікелей заңмен бекітілмесе кәсіпкерлік түсініктің мағынасын түсіну қажет.
Кәсіпкердің азаматтық құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10 -бабы келесідей анықтама береді: «Кәсіпкерлік – ол меншік формасына қарамастан, тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсету) сұранымды қанағатандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық жүргізу (мемлекеттік кәсіпкерлік) құқығына негізделген азаматтардың және заңды тұлғалардың бастамалы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, тәуекелмен және мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асырылады» .
Кәсіпкерлік қызмет анықтамасынан шаруашылық қызмет келесі қажетті белгілермен сипатталады: а) нарықта өнім, қызмет көрсету, жұмыстар өндіру және сату арқылы кіріс (пайда) алуға бағытталған; б) бастама болып табылады, яғни кәсіпкердің тек өз ықтияры бойынша оның мүддесіне сәйкес және оның өз қарауы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Небір жетекші органның немесе тұлғалардың бұйрығы немесе тікелей нұсқауы бойынша іс-әрекетті жүзеге асыруды кәсіпкерлік деп есептеуге болмайды; в) кәсіпкердің толық мүліктік дербестігі базасында жүзеге асырылады. Кәсіпкер мүліктік базаның меншігі болып табылады, ол кәсіпкерлік барысында болуы мүмкін мүліктік шығын мен шығыстың толық қаупін көтереді; г) кәсіпкер азаматтық айналымда өз атынан сөйлейді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10 -бабының 3 тармағын зерттеуі керек, онда кәсіпкерлерді қорғау және қолдау тәсілдері қаралады: 1) кәсіпкерлік қызметті, қызметтің лицензияланатын түрлерінен басқа, ешкімнің рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкіншілігі. Конституцияның 10 -бабы Қазақстан Республикасының әр азаматының, арнайы рұқсат талап етілетін қызмет түрлерінен басқа(лицензия), ешбір шектеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығын бекітеді. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың негізгі міндеті не өз- өзінен немесе оны ойдағыдай емес жағдайда жүзеге асырған кезде мемлекеттік немесе азаматтар мүддесін бұзуы мүмкін түрлерін шектеу болып табылады.
Кәсіпкерлікті лицензиялаудың заңнамалық негіз Кәсіпкерлікті лицензиялауға заңнамалық негіз болып «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы қызмет атқарады. Лицензияны беру шарттары бұзылған жағдайда ол заңсыз деп мойындалуы мүмкін. Лицензияны мерзімінен бұрын тоқтату, кері қайтарып алу, оның іс-әрекетін тоқтата тұру немесе оны заңсыз деп мойындау заңнамалық актілермен бұлтартпай белгіленген және сыбайлас-жемқорлыққа жол бермеу үшін оған қатаң сәйкес болуға тиіс.
Мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметті тексеруді заңнамалық актілермен шектеу. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің көптеген саны қабылданған. Оларға «Жеке меншік кәсіпкерлік туралы» және «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Бас прокурордың 2004 жылғы 1 наурыздағы бұйрығымен бекітілген шаруашылық субъектілер қызметін тексерудің барлығын есепке алу бойынша нұсқау. Кәсіпкер оларға оның қызметін тексерумен байланысты сұрақтар пайда болған жағдайда жүгіне алады. Тексеріс тағайындалғаны туралы акті негізінде тек қана бір тексеріс жүргізіледі. Тексеріс тек қана тексеріс тағайындалған актіде көрсетілген лауазымды тұлғамен (тұлғалармен) жасалады.
Қорытынды Кәсіпкерлік азаматтық-құқықтық реттеу объектісі болып табылады. Азаматтық құқықтың нормалары кәсіпкерлік саласында пайда болатын құқықтық қарым-қатынасты ғана реттемейді, онда кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін сыбайлас-жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірқатар нормалар бар. Азаматтық заңнамамен реттелетін қатынас саласында кәсіпкерлер заңмен тыйым салынғаннан басқа кез-келген ісәрекет жасауға құқылы. Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау – бұл құқыққа қол сұқпауды қамтамасыз етуге, бұзған жағдайда және бұзу салдарын жойған кезде оны жүзеге асыруға, жандандыруға бағытталған заңмен қарастырылған ісшаралар жүйесі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 9 -бабы құқықты қорғайтын органдарды, қорғау құралдарын (тәсілдерін) және қорғау тәртібін белгілейді – арбитраж немесе аралық. Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.
Назарларыңызға Рахмет !
думан касип.pptx