аграрный.pptx
- Количество слайдов: 28
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Агробиология және фитосанитария Тақырыбы: Қант қызылша дақылына зиян келтіретін бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы күресу шаралар жүйесі Қабылдаған: Ескендірова Р. А Орындаған: Илиясқажы М. В
I. Кіріспе II. Негізгі бөлім Ø Қант қызылша дақылына жалпы түсінік Ø Қант қызылша дақылына зиян келтіретін бунақденелердің таралуы Ø Қант қызылша дақылына зиян келтіретін бунақденелердің биологиясы Ø Қант қызылша дақылына зиян келтіретін бунақденелердің зияндылығы және оларға қарсы күресу шаралар жүйесі III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ø Қант қызылша дақылына жалпы түсінік Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) – қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 – 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 100 – 125 күн. Қант қызылшасы – құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді.
Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік. Қант қызылшасының тұқымы қант з-ттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3, 5 – 4, 5 мм және 4, 5 – 5, 5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5, 6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3 -онкүндігі мен сәуірдің 1 -жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (р. Н 6, 5 – 7, 5). Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады.
Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылданҚазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл.
Қант қызылшасындакөптеген фитофагтар қоректенеді. Дегенмен айтарлықтай өнімнің төмендеуіне тек қана 30 -ға жуық көп қоректі және арнайы зиянкес түрлері әсер етуі мүмкін. Қызылша тұқымына айтарлықтай зиян келтіретін, өсімдіктердің вирус аруларын таратушы шаншып-сорғыш жәндіктер болып табылады.
Қызылша бүргесі Оңтүстік ( Chaetocnema breviuscula Fald. ), кәдімгі немесе қарақұмық(Сhaetocnema concinna Marsch. ) (Coleopteraотряды, chrysomelidae тұқымдасы).
Қант және асханалық қызылшаны, рауғашты, қымыздықты, шпинатты, т. б дақылдарды зақымдайды. Бүргенің денесінің ұзындығы – 1, 4 -2, 3 мм, денесінің түсі қара металды реңі бар. Қанаттың үстіңгі жағы кең, аралықтары жаншылған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргесінің денесі жұмыртқа болып келген. Дернәсілдерінің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр, ұзындығы – 1, 5 -2, 2 мм. Қоңыздар топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Егістіктен орман алқаптарына, арамшөпті жерлерге ұшуы мүмкін. Қоңыздар тұқымжарнақ және нағыз жапырақпен қоректенеді. Жас өскіндер күшті зақымданған кезде жойылып кетуі мүмкін.
1 -1, 5 ай қосымша қоректену жалғасқаннан кейін аналықтары жұмыртқаларын терендігі 3 -6 см топырақ астына салады. Эмбрионалдық даму 10 -14 күнге жалғасады. Дернәсілдер 30 -80 күн шамасындай қарашірікпен, қызылшаның ұсақ қабықшаларымен қоректенеді, сонан соң топырақ қабатының 10 -15 см терендігінде қуыршақтанады. Қоныздардың жаңа ұрпағы шілде айының соңы мен тамыз айының басында пайда болады. Олар аса қауіпті зиян келтірмей арамшөп және қызылша жапырақтарымен 1 -2 апта қоректенеді де, кейін қыстауға кетеді. Жылына 1 ұрпақ береді.
Жақсы дайындалған жерге кеш егілген егіс бүргелерден аз шығынға ұшырайды. Вегетация кезеңінде қызылша бүргесі қоректеніп, дамитын арамшөптерді міндетті түрде жою қажет (әсіресе алабұталар мен қарақұмықтар тұқымдасы ). Көктеу кзеңінде- 3 жұп жапырақ болған жағдайда 8 -12 қоңыз табылса, онда инсектицидпен өңдеу қажет болады. Күресу шараларын ұйымдастыру барысында міндетті түрде мына мәселені ескерген жөн: көктемнің бұлтты күндерінде бүргелер нашар қоректенеді және айтарлықтай зиян келтіре қоймайды, ал ауа райының ыстық, құрғақ күндерінде зияндылығы бірнеше есеге көбейеді. 1 -1, 5 ай қосымша қоректену жалғасқаннан кейін аналықтары жұмыртқаларын терендігі 3 -6 см топырақ астына салады. Эмбрионалдық даму 10 -14 күнге жалғасады.
АКТЕЛЛИК 500 к. э. Қант қызылша егісінде қант қызылша бізтұмсықтары мен бүргелеріне қарсы: Агроцип, 10% к. э. 0. 1 -0. 02 л/га Дернәсілдері жаппай шығу кезеңінде бүрку 20 күн бұрын (2) рет Актеллик 500 к. э. 2. 0 20 күн бұрын (2) рет
Қызылша бізтұмсықтары: Кәдімгі (Bothynoderes punctiventris Germ. ), жолақты (Chromoderus fasciatus Mull. ), ақшыл ( Chromoderus declivis Ol. ), шығыс (Bothynoderes foveicollis Gebl. ) және (Тanymecus Palliates F. ) ((Curculionidae –тұқымдасы, Coleoptera- отряды). Соңғы екеуі Қазақстанда көп тараған.
Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен және түктермен жабылған. Қанатының үстінде екі қара қисық дақтары және де екі ақ дөнесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы – 10 -15 мм. Жолақты қызылша бізтұмсығы түсі қара, денесін сұр қара қабыршақтар және түктер жапқан. Қанаттың үстінде көмескі бұлдыр қара дақтары бар. Дене тұрқы -7 -11 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі қара , ақ дерлік түктермен жабылған. Бүйірінде иректі жіңішке сызығы бар. Дене тұрқы – 9 -10 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі түгелімен сұрқабыршақтармен жабылған. дене тұрқы – 7 -10 мм. Бізтұмсық дернәсілі – денесінің түсі ақ, басы қоңыр, аяғы жоқ. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының денесітұрқы – 27 -30 мм, ал қалғандарінікі- 20 -25 мм.
Қоңыздар топырақта қыстайды, ал егер күз суық жаңбырлы болса, онда дернәсілдері мен қауашақтар да қыстауға кетуі мүмкін. Алайда Солтүстік Қазақстанның ауа райы жағдайына байланысты, дернәсілдер мен қауашақтар қыс мезгілінде өліп қалады. Көктемде топырақ қабаты 8 -10 0 С қызған кезде қоңыздар пайда болады. Бұл уақытта қоңыздар топырақ бетінде жорғалайды. Темперетура 20 -25 0 С қызған жағдайда ұша бастайды. Қызылша бізтұмсығы арамшөптердің алабұталар тұқымдасымен қоректенеді де, кейін қант қызылшасының өскініне ауысады. Есейген дараларында қосымша қоректену 35 -40 күнге созылады. Аналықтары жұмыртқаларын өсімді ктамырының маңайына, тереңдігі 3 -10 см топыраққа салады. 7 -11 күннен соң дернәсілдер туады, кейін олар ұсақ қабықшаларды және қызылшаның орталық тамырын тереңдетіп жеп, тамырдың кемтарлығын тудырады, ал күшти залалданған кезде өсімдіктің жойылуына әкеледі. Сұр қызылша б» зтұмсығының дернәсілі арамшөптерде дамуына байланысты, қызылша өсімдігін зақымдайды. Дернәсілдер 45 -90 күннің ішінде төрт жас шағын өткізеді және топырақта қуыршақтанады. 15 -20 күннен кейін жаңа қоңыз пайда болады да, сонан соң ол топырақта қыстауға қалады. Жолақты қызылша бізтұмсығының қоңызы жұмыртқаны қызылшаны тамырының мойнына салады. , ал дернәсілі тамыржемістің ішіне еніп, камерелар мен жолдар жасайды да, тамыр мойнының ісінуін тудырады. Мұдай зақымдалу өсімдіктің жойылуына әкелу» мүмкін.
Күресу шаралары: Ауыспалы егіс қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиян кестердің санының азаюына және өсімдіктің өсву тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туғызады. Топырақты қатараралық қопсытса, жыртқыш жәндіктердің әрекетің күшейтеді. Арамшөптермен міндетті түрде күресу керек.
Қызылша сауытты қоңызы – Cassida nebulosa L. (Curculionidae –тұқымдасы, Coleoptera– отряды). Бунақденелілер қант және асханалық қызылшада, көбінесе көкпекте, алабұта тұқымдасы арамшөптерінде дамиды. Сауытты қоңыз жапырақтарды кеміреді де, оның негізгі жүйкесін қалдырады. Қоңыздардың денесінің түсі қоңыр сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен, дене тұрқы – 6 -7 мм. Қанат үсті және алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген және қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр, жамбасы қаралу. Қанаттың үстінде түзу қатары нүктелері бар. Қанат үстінің бүйір қырларының орта бөлімі жуын болып келген. Дернәсілі сары жасыл жалпақтау, дененің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсіенділер бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәуір ұзын болып келген.
Күресу шаралары: Алабұталылар тұқымдасына жататын арамшөптерді жою қажет. Қолмен отау кезінде арамшөптерді егістікпен алып тастау керек. сауытты қоңыздар мен олардың дернәсілдеріне қарсы инсектицидті тізіиі бойынша пайдаланған жөн.
Қызылша қандаласы – poeciloscytus cognatus Fieb. (Hemipteraотряды, Miridae – тұқымдасы. ) қант қызылшасын, жогңышқаны, сояны, асбұрщақты, күнбағысты, көкнәрді және т. б. өсімдіктерді зақымдайды.
Бунақденелілердің дене тұрқы – 3 -5 мм, сары қоңыр түсті. Арқаның алдынғы жағында екі қара дағы бар. Қанаты мөлдір, ал үстіңгі ортасында сына тәрізді қара дақ орналасқан. Дернәсілдері үлкен дараларына ұқсас, жасыл, қылшықтармен жабылған, сауытында екі қара дақ орналасқан. Мәдени өсімдіктердің және арамшөптердің( көкпек, қызыл-құйрық, жусан, т. б. ) сабағына, жапырақ кесіндісіне салынған жұмыртқалар қыстайды. Ұрықтың дамуы күзде басталады, ал қыс мезгілінде тоқтатылады да, келесі жылдың көктемінде қайтадан басталады. Ерте көктемде сәуір айының екінші жартысында – мамыр айының басында дернәсілдер туа бастайды. Қандаланың дернәсілі бір айдың төңірегінде дамиды, осы уақытта 5 жас өтеді де, ересек жәндікке айналады. Ересек жәндік 3 км-дей аралықты игере алады. Аймақтың жағдайларына байланысты зиянкес 3 -4 ұрпақ беріп дамиды. Қандала өсімдіктің шырының сорып, жапырақтың солуын және түр өзгеруін тудырады.
Күресу шаралары: Арамшөптерді құрту, ауыспалы егісті қатаң сақтау, зиянкестерге қарсы инсектициді қолдану керек.
Қызылша бітесі – Aphis fabae Scop. (Hemipteraотряды, Aphididae тұқымдасы). Қызылшаны, күнбағысты, асқабақты, бұршақ және алқа тұқымдастарын зақымдайды, сонымен қатар арамшөптермен қоректенуі керек. Есейген дараның денесің балауыз қабаты жапқан. Дене тұрқы – 1, 5 -3 мм, ал түсі жасыл реңді қара. Жамбасы мен сирағы ақ түсті. Қызылша қандаласы таралатын түрге жатады. Жұмыртқалары шәңшіктің бұтақшасының жоғарғы басында қыстайды. Ерте көктемде температура 890 С жеткенде негізгі өсімдіктерде дамитын аналық орналастырушы туады. 24 ұрпақтан кейін бітелер мекенінде қанатты даралар пайда бола бастайды, кейін олар мәдени өсімдіктерге, сонымен қатар қызылшаға ұшып қонады. Бітемен залалданған жапырақтар пішінің өзгертеді, сондықтан қызылша тамыржемісінің салмағы мен қанаттылығы төмендейді, ал тұқымдықта тұқымның шашылуы және оның сапасының төмендеуі байқалады. Сонымен қатар олар қауіпті вирустық арулардың таратушысы болып табылады. Күзде бітелер негізгі азықтық өсімдігіне қайтып келеді және қос жынысты ұрпақ береді. Ұрықтанған аналықтар қыстауға жылтыраған қара жұмыртқалар салады. Бітелер тіршілік аралығында 14 -ке жуық ұрпақ береді.
Ауыспалы егіс қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиян кестердің санының азаюына және өсімдіктің өсу тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туғызады. Арамшөптерді жою және гүлдейтін өсімдіктерді себу энтомофагтарды таратуға жағдай туғызады.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
аграрный.pptx