социальные слои казахов.pptx
- Количество слайдов: 16
*Қазақ қоғамының әлеуметтік бөлінуіне тән ерекшелік индивидтердің «ақсүйек» және «қарасүйек» деп бөлінуінде болды. *
*Ақсүйек
*Бірінші әлеуметтік топ оның әлеуметтік оқшаулығы және қоғамдық қатынастар құрылымындағы мәнінің зор болуы себепті сырттан ешкімді өткізбейтін индивидтердің мәртебесі жабық корпорациясы болды. Оған екі сословие – төрелер мен қожалар жатты. *
*
*Қазақ төрелері (сұлтандары) өз тегін, аймақ көшпелілерінің дәстүрлі түсініктеріне қарағанда, Шыңғыс ұрпақтарының үлкен тармағынан- Жошы ұрпақтарынан таратады, мұны кейінгі орта ғасыр мен жаңа заманның генеалогиялық деректемелері, сондай-ақ қазіргі шығыстанушылардың зерттеулері растап берді.
* Көшпелілердің тағы бір таңдаулы тобы мұсылман діні қызметшілерінің сословиесімұрагерлік пұрсаттылықты пайдаланған, қазақ қоғамының рузани өмірінде маңызды рөл атқарған қожалар болды. Барлық салт-жора ғұрыптарысүндеттеу, үйлену тойы, жерлеу және ас беру қожалардың тікелей қатысуымен өткізілді, оларды қожалар Құран оқып заңдастырып отырды. Қожалардың көшпелі қоғамдағы саяси ықпалы мардымсыз болды, бұл исламның дала өңіріндегі өзіндік ерекшелігімен түсіндірілді.
*
*
*ХVІІІ ғ. 1 -ші жартысында батырлардың беделі мен әлеуметтік маңызы мейілінше күшті өсті, мұның өзі сыртқы қауіпке және қазақстардың әлеуметтік ұйымдасуына әскери құрылымдар рөлінің арта түсінуіне байланысты болды. Әскери және саяси сахнада да халықтың жол бастаушылары мен қолбасшылары – батырлардың аса көрнекті шоғырының пайда болуына жеткізді, олар: қазақ қоғамының төменгі таптарынан өсіп шыққан жетіру буынының табын руынан Бөкенбай, Орта жүздің арғын бірлестігінің қанжығалы руынан Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Есет, Тайлақ, Жәнібек, Өтег ен, Олжабай және т. б. Қазақтардың әскери топртарының ойрат әскерлерін жеңген қазақ халқының тарихи зердесінде мәңгілік сақталып қалған ең ірі жеңістері жоғарыда аталған батырлардың есімімен байланысты.
*
*
*
* Қазақ хандығы ќұрылып, нығайғаннан кейінгі жылдары хандар мен сұлтандар сарайында оларға ќызмет ететін арнайы дәрежедегі (статустағы) адамдар тобы пайда болды. Бұл әлеуметтік ќауым –Төлеңгіттер деп аталды. Хан мен сұлтандардың төлеңгіттерінің атќарған ќызметтері өте ауќымды болды. Мысалы, олар хан мен сұлтандардың жеке бастарын ќорғады; зекет, соғым және басќа да алым-салыќтар жинады; сот биліктерін орындады; хан мен сұлтандар сарайларын ќорғады; елшілік ќызмет атќарды; сонымен бірге хан әскерінің негізгі бөлігі төлеңгіттерден тұрды.
*
Жұмыстың авторы: Садықова Арайлым Мұратқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1 курс магистранты Тарих, археология және этнология факультеті
социальные слои казахов.pptx