Презентация Microsoft PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 13
«Қаз. Транс. Ойл» АҚ әлеуметтік жауапкершілік Тексерген: Калдина С. С Орындаған: Құрманбаева Қ. Б Тобы: ӘЖ-441
Әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз – Компанияның, мемлекеттің және бизнестің өзара мүдделеріне жауап беретін өзіне ерікті түрде қабылдаған міндеттемелерді орындау. Әлеуметтік жауапкершілік мемлекеттің қызметін қайталамайды және алмастырмайды.
Қаз. Транс. Ойл» АҚ (бұдан әрі – Компания) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, өз қызметінен Қазақстан Республикасының халқына мейлінше көп пайда келтіруді қамтамасыз ету мақсатында компания қызметкерлерінің, компанияда қызмет ететін тұрғындарының және тұтас алғанда қоғам өміріне әлеуметтік жауапкершілікпен қатысу жөнінде өзіне ерікті міндеттемелер қабылдайды. O ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАҒИДАТТАРЫ Компания әлеуметтік жауапкершілікті құлық түптеп келгенде қазіргі әлемде қоғам мен мемлекет алдындағы Компанияның тұрақты дамуына септігін тигізетіндігін мойындайды. Осыған байланысты Компания әлеуметтік жауапкершілікке байыппен қарайды және оны өз қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қабылдайды. Компания өзінің әлеуметтік қызметінде әлеуметтік сипаттағы басымдылықты мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, халықаралық және қоғамдық мәні бар республикалық акцияларды іске асыруға белсенді түрде қатысады.
Денсаулық сақтау. Әр қызметкердің физикалық және психологиялық денсаулығын сақтау әрі нығайту мақсатында компания мынадай жұмыстар жүргізуде: Қызметкерлердің денсаулығын сақтауға бағытталған қаржылық іс-шараларды қамтамасыз етеді; Қоғамда қызметкерлердің сырқаттануын, мүгедектікке шығуын және қаза болуын оларды жою бойынша шараларды әзірлеу мақсатында есепке алуды және талдауды ұйымдастырады; Еңбекті ұйымдастыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін компания қызметкерлерінің еңбек жағдайларына бақылау жүргізеді; Аяғы ауыр әйелдердің, емізетін аналардың, көп балалы әйелдердің құқығын мақсатты және мамандандырылған қорғауға бақылауды жүзеге асырады;
Әлеуметтік қамтамасыз ету және сақтандыру. Компания Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қызметкерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды және олар еңбек міндеттерін атқарған кезде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды жүзеге асырады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жүйелеріне қатысу және барлық қызметкерді міндетті әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді сақтап, Компания қызметкерлердің сырқаттануы жағдайына ерікті медициналық сақтандыру нысанында қосымша әлеуметтік сақтандыруды және әлеуметтік қамтамасыз етуді қолдайды. Әлеуметтік инфрақұрылымды пайдаланғаны үшін компания қызметкерлеріне берілетін жеңілдіктер мен артықшылықтар. Компанияның және оның еншілес ұйымдарының әлеуметтік инфрақұрылымын пайдаланғаны үшін қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеудің әртүрлі деңгейі белгіленеді. Осы тұрғыда мынаған мүмкіндік бар: Компания қызметкерлеріне қамқорлық көрсету; Қызметтерді пайдалануға бақылау жасау; Қызметтер аясын тұрақты дамытуды және кеңейтуді қамтамасыз ету.
Әлеуметтік жауапкершілік тәртібі бойынша қабылдаған міндеттемелерінің тұрақтылығы мен маңыздылығын қуаттау үшін компания осы Кодексті сақтауға ішкі бақылау механизмін қолданысқа енгізді. Сондай-ақ компания осы Кодексті іске асыру туралы ақпаратты жұртшылыққа ұсынуға өзінің дайын екендігін растайды. Коммерциялық ұйымның әлеуметтік міндеттемелерді біржақты қабылдауы мүмкін емес екендігін ескере отырып, компания нарықтың басқа қатысушыларының салиқалы ұстанымдарына және мемлекет тарапынан мүдделі ынтымақтастыққа сенеді.
Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік – бұл компания өз бизнесін жүргізгенде, ең алдымен, қоғамның мүддесімен санасу керектігі және қызмет көрсетіп отырған тұтынушылары мен компания қызметкерлер, мердігерлері мен акционерлері, сонымен қатар өзге де стейкхолдерлер алдындaғы жауапкершілікті сезіне білуі тиіс екендігі бекітілген тұжырымдама.
Бизнестегі әлеуметтік жауапкершіліктің төрт моделі бар. Манипулятивті модель – қоғамдық пікірді манипуляциялау, фирманың коммерциялық мақстаттарына жету үшін оның бірбағыттылы өңделуі. Ақпараттандыру моделі - бұл модельге жарнамалық-насихат әсерінен фирманың әлеуметтік ортасы оның әрекеттерін дұрыс түсініп, адекватты үн қатуына, оған қалыпты қарап, қолдау танытуы үшін фирманың мүмкіндіктері мен тілегін түсіндіру мақсатында қоғамды ақпараттындыру. Өзара түсіністік моделі - бұл жағдайда мәселе тек өз мүддеңді дұрыс ұғындыру ғана емес, сонымен қатар өзгенің де мүдделеріне түсіністікпен қарау. Әлеуметтік серіктестік моделі - анағұрлым кемелденген модель, қоғамдық пікір және әлеуметтік ортаны түгел түсіну, талдау және зерттеуге бағытталған, нарықпен ғана емес, сондай-ақ фирманың әлеуметтік ортасы: билік органдары, БАҚ, қоғамдық ұйымдар, ұйымдаспаған көпшілікпен, өз қызметкерлерімен өзара жауапты қарымқатынастар орнату
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің американдық моделі дәстүрі жағынан ең бай болып саналады. Британдық және контитентальды жүйелер сыртқы демеушілердің арқасында соңғы 20 -25 жылда өз дамуында біраз импульс алды. Американдық доктрина, британдық және континентальды жүйелерге қарағанда соңғы 100 жыл ішінде америка қоғамының даму ағымымен ақырындап қана унисонға жылжи отырып, айтарлықтай трансформацияға ұшырамады. Британдық іскерлік қауымдастық әлеуметтік жауапкершілік идеясына, континентальды бизнеске қарағанда әлдеқайда сезімтал. Американың бай мұрасына қарамастан, соңғы 20 -25 жыл көлеміндегі британдық және континенталдық модельдер еліміз үшін бүгінгі тенденцияларды ескере отырып айтатын болсақ, өте пайдалы.
Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің ашық формасы корпорацияның қоғам қызығушылық танытатын мәселелерін шешуді ғана өзіне алуындағы корпорация қызметін білдіреді. Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің ашық формасы әдетте ерікті және өздігінен анықталатын тәртіп сызығын, корпорация өзі қабылдайтын корпорацияның стратегиялары мен бағдарламалары жөніндегі сұрақтарды қарастырады. Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің жасырын формасы қоғам мүддесі үшін корпорация жауапкершілігі корпорациялармен алдын ала келісілген немесе оларға ұйғарылған еліміздің ресми және ресми емес институттарын білдіреді. Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің жасырын формасы әдетте, қоғамдық, саяси және экономикалық мүдделерді заңды тұлғаның тиісті және негізделген корпорацияға қатысты міндетті талап ретінде қарастыруға алып келетін құндылықтар, нормалар мен ережелерді қамтиды.
Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік аумағындағы бастамалардың бәрі корпорациялар үшін табиғаты жағынан ерікті болып табылады. Америка бизнестің қоғамды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша көптеген механизмдерін жасап шығарды, мысалы: бизнестің есебінен алуан түрлі әлеуметтік бағдарламаларды шешуге бағытталған шексіз корпоративті қорлар саны. Американың кәсіби мектебі, бәріне белгілі жеке сектормен қаржыландырылады, ал бұндай жүйе әлемнің еш бір елінде жоқ (дегенмен, білім беру, денсаулық сақтау, және өзгеде әлеуметтік маңызды аумақтардың мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жүйе қалыптасқан елдермен салыстырмағанда). Соңғы жақсылықтар, бизнестің білім беруге өз еркімен құю, қызметкерлер үшін зейнетақы және сақтандыру жүйелеріне және өзгеде әлеуметтік маңызды бағдарламаларға ерікті мүдде танытып отырғандығымен түсіндіріледі. Корпорацияның қоғам алдындағы әлеуметтік жауапты ісі тиісті салықтық жеңілдіктермен және заңды деңгейде бекітілген шегерімдермен ынталандырылады.
Экономикалық жауапкершілік негізінен бизнестің табысы аспектісінде және компанияның акционерлер алдындағы жауапкершілігіне негізделеді (америкалық тәсіл). Еуропалықтар қарым-қатынастың аталмыш тобына ұйымның жұмысшылары және жергілікті қауымдастықтар алдындағы жауапкершілігін жатқызады; Құқықтық жауапкершілік Еуропадағы әлеуметтік жауапкершіліктің кез-келген формасының негізі болып табылады. Еуропалық бизнес мемлекетті қабылданған ережелерді орындауды іске асырушы институт ретінде қарастырады, салыстырмалы түрде АҚШ-та осы сынды мемлекеттік реттеу жеке еркіндік мәселесіне араласу болып саналады; Әлеуметтік мәселелердің көп бөлігін европалық комиссия этикалық жауапкершілік саласына жатқызады. Еуропада қоғамның бизнеске жоғары назар аударуы осынысымен түсіндіріледі. Мысалға, атомды энергетика, медициналық дәрідәрмектерді жануарларға сыннан өткізу, гендік инженерия европалықтардың назарынан түспейді; Еуропада қайрымдылық АҚШ-пен салыстырғанда аса әйгілі емес. Бұл Еуропада Америкамен салыстырғандағы салық ауырпалығымен түсіндіріледі. Нәтижесінде, европалық компаниялар филантропиялық акцияларға заңды бекітілген механизмдер арқылы ғана қатысады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
Презентация Microsoft PowerPoint.pptx