Копия 125-летие.pptx
- Количество слайдов: 16
ҚазҰМУ алғашқы ректорының: Санжар Жафарұлы Асфендияровтың 125 -жылдығы Өмір сүрген жылдары: 20. 1889, Ташкент — 25. 02. 1938, Алма-Ата
Алғашқы Қазақ Медицина Университеті Наркомздрава Каз. ССР-дың жарлығы бойынша № 260, 1930 жылы 30 қарашада Медицина Институтының директоры болып: Санкт-Петербург әскери академиясының түлегі Санжар Жафарұлы Асфендияров Тағайындалды.
С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың музейндегі: Алғашғы ректордың кабинеті
Санжар Жафарұлы Асфендияров Мемлекет және қоғам қайраткері 1915 ж. Орыс армиясында дәрігер қызметін атқарған 1917 ж. Бұхара, Ташкент Кеңесінің құрамында болған. 1919 -1920 жж. Түркістан КСР Халықтық ДС комиссары 1920 ж. Түркістан жер-су шаруашылығының комиссары 1921 -1924 жж. Түркістан Орталық Комитетінің мүшесі 1923 -1924 жж. Түркістан Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарған 1927 -1928 жж. Н. Нариманов атындағы Шығыстану институтының басшысы 1928 -1931 жж. Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры 1930 ж. Қазақ АКСР Өлкетану бюро орталығының төрағасы 1931 -1933 жж. Қазақ медициналық университетінің ректоры 1933 -1937 жж. Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Тарих секторының меңгерушісі болған
Санжар Жафарұлы Асфендияров Медик, ғалым, ұлағатты ұстаз
Тарихы С. Д. Асфендияров 1889 жылы 20 қарашада Ташкент қаласында дүниеге келді Әкесі Сейітжапар (Жағыпар, Сейітжағыпар) сұлтан, Әбілқайыр ханның үлкен ұлы Айшуақ ханның ұрпағынан тараған патша әскерінің полковнигі шенінде отставкаға шыққан, жарты ғасырдан астам уақыт Түркістан өлкесінде қызмет еткен қазақ қайраткері, анасының есімі – Гүландам Қасымова (кейбір гипотезалар бойынша Кенесары Қасымовтың ұрпақтарынан тараған). Ташкенттегі реалдық училищені(1907), Петербургтағы, әскеридәрігерлік академияны 1912 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери министрліктін теңіз ведомствосының стипендиясына оқып, 4 жыл қатардағы әскерде қызмет етуге міндеттелінді. [1]
Әскери дәрігерлік жолы Санжар өз әскери-медициналық қызметін Түркістан генералгубернаторлығы мен Бұқара әмірлігінің шекарасындағы Термез мекенінде жергілікті лазаретте кіші дәрігер ретінде бастап, 10 -шы Түркістан атқыштар полкына бекітілді Артынан 9 -шы атқыштар полкының аға дәрігер қызметкерінің міндеттерін уақытша атқарушы қызметіне ауысып, Самарқандта және Асхабадта шоғырланған атқыштар поктарында дәрігерлік қызметпен айналысады. 1914 жылы тамызда Санжар 5 -ші Түркістан атқыштар полкының аға дәрігері қызметінде І дүние жүзілік соғыстың Шығыс майданына аттандырылады.
Әскери дәрігерлік жолы 1914 жылы желтоқсанда жоғары әскери басшылықтың өрескел қателіктерді жіберу салдарынан 5 -ші Түркістан атқыштар полкы Лодзь (қазіргі Польшаның ірі қалаларының бірі, ол уақытта Шығыс Пруссия территориясында орналасқан) неміс қоршауына түсіп, басына ауыр жарақат алған Санжар жау тұтқынына түседі. Неміс тұтқынында Санжар патша үкіметі тағдырдың тәлкегіне тастаған мыңдаған жауынгерлердің қатаң тағдырына ортақтасып, күрделі санитарлық жағдайларда иммитацияланған лазареттерде медициналық қызметпен шұғылданып, Торн, Кутно, Александровка концентрационды лагерьлерінде бір жылға жуық уақыт өткізеді 1919 жылы Асфендияров — денсаулық сақтау халық комиссары, 1920 жылы Түркістан АКСР көгеріс су шаруашылығының халық комиссары болып тағайындалады. 1918 -19 жылы Аспандияров аштықпен күрес жөніндегі төтенше комиссиясының Сырдария облысы бөлімшесін басқарды.
Қазақстандағы жолы Қазақ АКСР-і Денсаулық сақтау халкомы, Алматы медецина институтының ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры (1931 – 33) қызметтерін атқарды. Председатель Центрального бюро краеведения Казахстана (1930), Қазақ АКСР-і Денсаулық сақтау халкомы (1931— 1933), КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы, кейін оның бөлімшесі орынбасары (1933 – 37) қызметтерін атқарды. Начальник управления университетов, науки и библиотек Казахстана (1933— 1934).
Уакыт қасіреті Санжар Асфендияров 22 -тамыз 1937 жылы тұтқындалды. Алматыдағы КСРО Жоғарғы сотының 1938 жылы 25 ақпандағы шығарған шешім бойынша сотталып, ату жазасына кесілді. Асфендияров 1958 жылы 26 мамырда ақталды.
Санжар Жафарұлы Асфендияров Орыс, ағылшын, француз, араб тілдерін еркін меңгергендігінің арқасында шетелдік және орыс әдеббиеттеріне тарихи жалпы анализ жасап, тарих саласында бірқатар ғылыми жұмыстар жазды. Ол сонымен қатар білім берумен бірге тарих саласында ғылыми зертеу жұмыстарымен айналысты. Өмірінің соңғы жылдарында жазылған жұмыстардың қорытындысы бойынша С. Асфендияровтың білімі терең және тарихи зерттеу әдістерін жақсы игергендігі жөнінде хабар аламыз.
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11. Профессор С. Д. Асфендияровтың ғылыми еңбектері Материалы к изучению истории Востока. Ч. 1: Причины возникновения ислама. Самарканд; Ташкент, 1928 Проблема нации и новое учение о языке // НВ. 1928. № 22. С. 169 -183 Ислам и кочевое хозяйство // Атеист. 1930. № 58. С. 3 -18 История национально-революционного движения на Востоке. Алма-Ата, 1932 О некоторых основных вопросах истории казахов // Большевик Казахстана. 1933. № 10. С. 29 -38 О казахском эпосе // Труды Казахского НИИ нац. культуры. Вып. 1. Алма-Ата, 1935. С. 132 -151 История Казахстана (с древнейших времен). Т. 1. Алма-Ата; М. , 1935 Очерки истории казахов. Кзыл-Орда, 1935 (на казах. яз. ) Прошлое Казахстана в источниках и материалах Алма-Ата, 1935. Сб. 1; 1936. Сб. 2 (совм. с П. А. Кунте; сост. , ред. ); Историческое прошлое Казахстана // Казахстан. М. , 1936. С. 61 -84 Национально-освободительное восстание 1916 г. в Казахстане. Алма-Ата; М. , 1936
Ұрпаққа естелік 1989 жылы 11 қаңтарда Қазақстандағы ғылымның, педогогиканың, білімағарту және денсаулық сақтау ісінің дамуына сіңірген еңбегі үшін Алматы медицина институтының С. Ж. Асфендияровтың атын беру туралы үкіметтің шешімі қабылданды Қазіргі кезде Төле би 29, С. Ж. Асфендияровқа арналған мемориялды тақта орнатылған.
Біз мәңгі емеспіз, университет – мәңгі. Біздің университетіміздің дәстүрлері мәңгі. Әрбір Alma Mater оқу орнының орындайтын ісі мәңгі
Осы жылы ҚазҰМУ С. Ж. Асфендияровтың 125 жылдығын атап өтеді. ҚазҰМУ қабырғасында өткізілетін барлық іс-шаралар осы маңызды күнге арналады. Елеулі күн – 20 қазан 2014 жылдың 2, 5 желтоқсан аралығында Университет күндері С. Ж. Асфендияровты еске алуға арналады.
Назарларыңызға рахмет!!!
Копия 125-летие.pptx