
казакша гип.бер.3к.стом.ppt
- Количество слайдов: 40
ҚазҰМУ, № 1 акушерия және гинекологии кафедрасы Жүктілікпен шақырылатын ерте токсикоздар мен жүктілік гипертензиялары 3 курс стоматология факультеті Лектор: доцент Б. К. Аманжолова
Дәріс жоспары: n § Жүктілікпен шақырылатын ерте токсикоздар (ЖШЕТ) мен жүктілік гипертензияларының этиопатогенезінің қазіргі теориялары Ерте токсикоздар, классификациясы, диагностикасы, емдеу принциптері. Жүктілікті үзуге көрсеткіштер Жүктілікпен шақырылатын гипертензиялар (ЖШГ), классификациясы, диагностикасы. Емдеу принциптері ЖШЕТ мен гипертензиялары бар жүкті әйелдердегі тіс жегі мен пародонтопатия. Профилактика мен стоматологиялық көмек.
n Жүкті әйелдердің ерте токсикоздары мен гипертензияларына тек жүктілік кезінде пайда болатын және оның аяқталуы кезінде жоғалатын патологиялық жағдайлар.
Ерте токсикоздар: Ерте токсикоздар жүктіліктің ерте кезеңінде пайда болады, жиі алғашқы 3 айда. n Ерте токсикоздарға жүктілік кезіндегі құсу (жеңіл, орташа, шамадан тыс) және сілекей бөліну (птиализм) жатады. n
Ерте токсикоздардың этиопатогенезінің қазіргі теориялары: n n Неғұрлым белгілі жүйкелік-рефлекторлық теория: ОЖЖ мен ішкі ағазалар қызметінің өзара байланысуының бұзылуы ОЖЖ-ң қыртысасты құрылымдарында ( ретикулярлы формация, сопақша ми реттеу орталығы) қозудың басым болуы
Бейімдейтін факторлар: n n n АІЖ-ң, бауырдың созылмалы аурулары, астеникалық синдром Жатырдың рецепторлық аппаратын бұзатын жыныс ағзаларындағы патологиялық процесстер (қабыну аурулары, интоксикациялар) Хрионды гонадотропин деңгейінің жоғарылауымен көрінетін гормондық бұзылыстар (көп ұрықты жүктілік, көпіршілік)
Жүкті әйелдер құсуының патогенезі: Жартылай (немес толық) ашығу және сусыздану нәтижесінде зат алмасудың барлық түрлерінің нейроэндокринді реттелуінің бұзылуы ¨ Осы аталған процесстердің өршуімен жоғарылап келе жатқан сузсыздану, әлсіреу және дене массасының төмендеуі фонында біртіндеп су-тұз (гипокалиемия), көмірсу, май, белок алмасу бұзылады. ¨ Жүкті әйелдердің ағзаларындағы өзгерістер бастапқыда функционалды сипатта болады, содан кейін организмде тотықсыздану өнімдерінің көп болуына байланысты интоксикация жоғарылап, бауыр, бүйрек, т. б. ағзаларда дистрофиялық процесстер дамиды. ¨
Ерте токсикоздардың классификациясы: n Жеңіл түрдегі құсу (жеңіл формасы) n Орташа құсу (орташа дәрежелі формасы) n Шамадан тыс құсу (ауыр дәрежелі құсу) n Сілекей ағу ( птиализм)
Жүктілік кезінде құсу n тағам қабылдауымен байланыссыз күніне бірнеше рет болатын, тәбеттің төмендеуімен, дәм сезу, иіс сезу сезімдерінің өзгерістерімен, әлсіздік сезімімен, дене массасының төмендеуімен сипатталатын құсу
Жеңіл түрде құсу n n n Күнініе 4 -5 рет құсу, жүрек айну Тағамның бір бөлігі асқазанда ұсталынып қалады Дене массасының төмендеуі (бастапқы массаға қарағанда 5%-ға дейін) Жалпы жағдайы қанағаттанарлық Гемодинамикалық көрсеткіштер қалыпты, орташа тахикардия болуы мүмкін Диурез өзгермеген, ацетонурия жоқ
Орташа дәрежелі құсу n n n n Күніне 10 ретке дейін, кейде сілекей ағу байқалады Сусыздану симптомдары Дене массасының 3 – 5 кг-ға дейін төмендеуі (бастапқы массаға қарағанда 6%-ға дейін) Жалпы жағдайы орташа, субфебрильді температура Гипотензия, тахикардия Орташа анемия, меьаболикалық ацидоз Диурездің төмендеуі, ацетонурия
Шамадан тыс құсу n n n n n Құсу күніне 20 рет, көп мөлшерде сілекей бөлінеді Ас пен сұйықтық ұсталынбайды, сусыздану симптомдары байқалады Жалпы жағдайы ауыр, адинамия Дене массасының төмендеуі (бастапқы массаға қарағанда 10%-дан артық) Аузынан ацетон иісі шығып тұрады Дене температурасы субфебрильді, кейде 38°С болуы мүмкін Гипотония, тахикардия Диурездің кенеттен төмендеуі Қанда қалдық азот, мочевина, билирубин мөлшері доғарылайды. Зәрде протеинурия, цилиндрурия, ацетонурия байқалады.
Сілекей бөліну (птиализм) ¨ Саливацияның күніне 1 литрге дейін және одан жоғары көтерілуі, сусыздану симптомдары ¨ Ерте токсикоздың өзіндік көрінісі ретінде немесе жүктілік кезіндегі құсумен бірге өтуі мүмкін
Ерте токсикоздардың емі: n n n Диета (жеңіл қорытылатын тағам қабылдау), күніне 5 – 6 рет тамақтану Емдеу-сақтандыру режимі ОЖЖ қызметін реттейтін және құсу рефлекстерін басатын препараттар Инфузионды терапия (сусызданумен, дезинтоксикациямен күресу, парентеральді тамақ беру) Сілекей ағу кезінде – атропин, түймедақ, шалфей тұнбасы Медикаментозды емес әдістер (психотерапия, инемен емдеу, электроанальгезия)
Ерте токсикоз кезінде жүктілікті үзу көрсеткіштері: n Ауыр дәрежелі құсуда комплексті терапияның 3 күн ішінде әсер бермеуі
Жүктілікпен шақырылатын гипертензиялар (ЖШГ) ЖШГ жүктіліктің ауыр және жиі кездесетін асқынулары n ДДСҰ-ң мәліметтері бойынша кездесу жиілігі – 0, 51% – дан 38, 4%-ға дейін ТМД бойынша – 0, 9% – 14% , Қазақстан Республикасында – 15% – 27% n Перинатальді өлім – 30% n
Жүктілік гипертензиясы n n Жүктілік кезінде пайда болатын полиорганды және полижүйелі функционалдық жетіспеушілік синдромы. Бұның негізінде жүкті әйел организмінің бейімдеушілік жүйелерінің мүмкіншіліктерінің дамып жатқан нәресте қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі жатыр. Бұл сәйкессіздік плацентаның перфузиондыдиффузионды жетіспеушілігі арқылы жүзеге асырылады.
Этиологиясы қазіргі кезге дейін белгісіз n n Кортиковисцеральді теория. Осы теорияға сәйкес ЖШГ негізінде бас миының қыртыс және қыртыс асты аймақтарының арасындағы өзара байланыс бұзылыстары жатыр. Нәтижесінде әйел организмі тарапынан дамып жатқан ұрық жұмыртқасына адекватты емес реакциялар пайда болады. Иммуноаллергиялық теория. Анасының антигендік құрылымы мен ұрықтың антигендік құрылымы әр түрлі. Анасының организмі мен ұрықтың организмі арасында күрделі иммунобиологиялық байланыс пайда болады. Ұрық АГ анасының қан айналымына түсіп антиденелердің пайда болуына және антиген-антидене комплекстерінің қалыптасуына алып келеді. Осы иммунокомплекстердің жойылуы мен шығарылуының баяулауы анасының қанында ЦИК-ң жиналуына алып келеді. Бұл өз кезегінде қан тамырлардың эндотелийі мен субэндотелийі қабаттарының құрылымдарының бұзылуына әкеп соқтырады.
ЖШГ патогенезі: ¨ Қан тамырларының генерализацияланған спазмы ¨ Гиповолемия ¨ Қанның реологиялық қасиеттерінің бұзылыстары ¨ Бауыр, бүйрек, бас миы қан тамырларының эндотелийлерінің зақымдалуы ¨ ТШҚҰ синдромының дамуы ¨ Полиорганды жетіспеушілік
Қауіп қатер факторлары Экстрагениталды аурулар n Көп нәрестелі жүктілік n Аутоиммунды аурулар (АФС, СКВ) n Жасөспірім (18 жасқа дейін) және 35 жастан жоғары әйелдердегі жүктілік. n Созылмалы инфекциялар n Әлеуметтік жеткіліксіздік n
Классификациясы: 1. 2. 3. 4. 5. 6. Созылмалы гипертензия Ісіну Жеңіл дәрежелі преэклампсия Орташа дәрежелі преэклампсия Ауыр дәрежелі преэклампсия Эклампсия.
Клиникалық көріністері: n Симтомдардың 1913 жылы неміс акушері Вангемейстер ұсынған классикалық триадасы (ісіну, протеинурия, гипертензия). Қазіргі кезде аурулардың тек 15% -нда осы триада кездеседі, жиі бір немесе екі симптом кездеседі.
Жүктіліктік ісіну І дәреже – аяқтағы локализация n ІІ дәреже – алдыңғы іш қабатына таралуы n ІІІ дәреже – генерализацияланған ісінулер n
Жеңіл дәрежелі преэклампсия АҚ жоғары немесе 140/90 мм с. б. -ға тең, бірақ 160/110 мм с. б-нан төмен емес, 2 рет өлшегеннен кейін (2 -рет 6 сағат дем алғаннан кейін). Немесе систолалық қысымның бастапқы қысымға (гестацияға дейін 16 апта бұрын өлшенген қысым) қарағанда 30 мм с. б. -на немесе одан жоғары көтерілуі, ал диастолалық қысым 15 мм с. б. -на көтерілуі. Бет пен қолдарда ісіну жоқ. Протеинурия күніне 0, 3 г-нан төмен.
Орташа дәрежелі преэклампсия ¨ АҚ жоғары немесе 140/90 мм с. б. -ға тең, бірақ 160/110 мм с. б-нан төмен емес, 2 рет өлшегеннен кейін (2 -рет 6 сағат дем алғаннан кейін). Немесе систолалық қысымның бастапқы қысымға (гестацияға дейін 16 апта бұрын өлшенген қысым) қарағанда 30 мм с. б. -на немесе одан жоғары көтерілуі, ал диастолалық қысым 15 мм с. б. -нан жоғары көтерілуі. Бет пен қолдарда ісіну жоқ. Протеинурия күніне 0, 3 г-нан жоғары, бірақ 5 г-нан төмен. Бет және қолдар ісінуі мүмкін.
Ауыр дәрежелі преэклампсия ¨ АҚ n жоғары немесе 160/100 мм с. б. -ға тең, 2 рет өлшегеннен кейін (2 -рет 6 сағат дем алғаннан кейін). Немесе систолалық қысымның бастапқы қысымға (гестацияға дейін 16 апта бұрын өлшенген қысым) қарағанда 30 мм с. б. -на немесе одан жоғары көтерілуі, ал диастолалық қысым 15 мм с. б. -на көтерілуі. Генерализацияланған ісінулер. Протеинурия күніне 5 г. Кез келген гипертензия түрі бір симптоммен қосарланғанда: бас ауру, көрудің бұзылысы, эпигастрии аймағындағы ауру сезімі, құсу, лоұсу, олигоурия болады.
Ауыр дәрежелі преэклампсия (сирек кездесетін түрі) HELLP синдромы – Н (heamolysis) – гемолиз EL (elevated liver enzymes) – АСТ, АЛТ белсенділігінің жоғарылауы LP (low platelets) – тромбоцитопения 2. Бауырдың жедел майлы дистрофиясы 1.
ЭКЛАМПСИЯ n тырысулық естен танулар, тонико-клоникалық тырысулар. Сирек тырысусыз формасы болады. Тырысулардың типтік ұстамасы 1 -2 мин созылып, 4 стадиядан тұрады (тырысу алдылық, тоникалық тырысулар стадиясы, клоникалық тырысулар стадиясы, шешілу стадиясы).
Эклампсия кезінде әйелдердің өлім себебі: n n n n n миға қан құйылу - 70% ауыр тыныс жетіспеушілігі жүрек жетіспеушілігі босанудан кейін қан кету ТШҚҰ синдромы жедел бүйрек жетіспеушілігі қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы бауыр жарылуы септикалық шок
Диагностикасы ¨ Шағымдары мен анамнез ¨ Жалпы зерттеу (ісінулерді, гипертензияны анықтау) ¨ Лабораторлы зерттеулер: ҚЖА, ЗЖА, тәуліктік зәрде белокты анықтау, коагулограмма, қанның биохимиялық анализі ¨ Окулист, терапевт, неврапатолог кеңесі ¨ Зерттеудің қосымша әдістері (УДЗ, КТ, допплерометрия)
Артериялық гипертензия – гипертензивті жағдайлардың басты симптомы, себебі артериололардың ұзаққа созылған спазмы оның ауырлық дәрежесін және ағымын болжайды. АҚ-ң 140 мм с. б. немесе одан да тұрақты жоғары көтерілуі n Орташа артериялық қысымның (ОАҚ) 100 мм с. б. -нан жоғары тұрақты көтерілуі n Систолалық немесе диастолалық қысымның бастапқығы қарағанда 30%-ға тұрақты көтерілуі n ОАҚ-ң бастапқыға қарағанда 20%-ға тұрақты көтерілуі n
Протеинурия – гипертензияның екінші басты белгісі, көбінесе гипертензиямен ауыратын адамдарда көрініс береді. n Протеинурияның критерийлері: n Кездейсоқ зәр анализінде зәрдің р. Н 8 -ден төмен емес және тығыздығы 1030 -дан жо. Кездейсоқ зәр анализінде зәрдің р. Н 8 ден төмен емес және тығыздығы 1030 -дан жоғары емес болған кезде концентрациясы 0, 33 г/л-н жоғары белок табылуы Катетермен алынған зәрдің екі порциясында белок концентрациясы 1 г/л және одан да жоғары болуы 24 сағаттық сынамада зәрде белок концентрациясы 0, 3 г/л-н жоғары немесе жалпы зәр анализінде белок концентрациясының 0, 033 г/л болуы n n
Жүктілік гипертензиясы терапиясындағы негізгі бағыттар n n n Емдеу-сақтау режимін ұйымдастыру Гиповолемия мен метаболикалық бұзылыстарды аластау Қанның реологиялық және коагуляциялық қасиеттерін қалыпқа келтіру Симпатоадреналді жүйелер медиаторларының шектен тыс бөлінуін алдын алу және перифириялық вазоконстрикцияны болдырмау Әйел немесе ұрық өміріне қауіп төнгенде босандыру
Преэклампсияның ауыр дәрежесінде магнезиальді терапия n n n Бастапқы доза (қанығу дозасы) 34 мл 5 % R-L 16 мл 25% Mg. SO 4 (құрғақ заттың 4 г) 50 мл – 1 мин – 20 мин ішінде 44 – 50 тамшы n n n Демеуші доза 1 сағатта құрғақ заттың 1 -3 г 220 мл 5 % R-L 30 мл 25% Mg. SO 4 (құрғақ заттың 7, 5 г)
Эклампсия кезінде күттірмейтін көмек ¨ Сол жағына жатқызып, зақымданудан сақтау ¨ Тілдің түсіп кетуін алдын-алу (ауыз кеңейткішті, тіл ұстағышты енгізу) ¨ Оттегілік беруді қамтамасыз ету ¨ Тырысулардан кейін бірден магний сульфатын 25 % 20 мл 6 диазепам 10 мг к-ктамыр5 а енг 3 зу ¨ Анасының жағдайының қалпына келгеннен соң босандыруды жүргізу
Ерте токсикоз бен ЖШГ-сы бар әйелдерде тіс жегі мен пародонтопатия ағымының ерекшеліктері Ауыз қуысының зақымдануы ауыр өтеді ¨ ЖШГ кезінде тіс жегінің таралуы 94, 0+1, 2%-ға дейін ¨ Жедел ағымы, тек перифирия бойынша ғана емес, сонымен қатар тіс пульпасына дейін тез таралуы. Бұл қысқы мерзімде асқынған тіс жегінің дамуына алып келеді. ¨
ЖШГ кезінде пародонт тіндерінің зақымдануы 100% жағдайда кездеседі, жиі гингивиттің ауыр түрлері анықталады. ¨ Химиялық, термиялық, механикалық зақымдануларға интактты тістердің сезімталдығының жоғарылауы байқалады ¨ Ауыз қуысының шырышты қабатын жарақаттау жеңіл және кішкене жанасудан кейін қанталайды ¨
Ерте токсикоз бен ЖШГ бар жүкті әйелдерге профилактика және стоматологиялық көмек жүргізу n n n Ауыз қуысына профилактикалық зерттеу, санация жүргізу Емдеуді бастамай тұрып, жүкті әйелдің шағымдарын, жағдайын дұрыс бағалау, АҚ, пульсін өлшеу. Ерте токсикоз бен ЖШГ белгілері пайда болғанда стоматологиялық көмекті акушер-гинекологтың консультациясынан кейін жүргізу керек. Стоматологиялық көмекті жүргізген кезде психоэмоционалды стресс ерте токсикоз бен ЖШГ бар жүкті әйелдердің жағдайын нашарлататынын ескеру қажет.
n n n Болжамалы емнің нәтижесін тек қана анықтап қоймай оның ананың және болашақ балаға әсерін анықтау маңызды болып табылады. Стоматологиялық креслода жүкті әйелдің тек жартылай отырған қалпын қамтамасыз ету керек (горизонтальді қалып төменгі қуыс венасының басылып қалу синдромының даму қаупін жоғарылатады). Стоматологиялық емдеу процессінде қолданылатын медикаментозды заттардың (жергілікті анестетиктер, транквилизаторлар, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, антибиотиктер және т. б. ) жүкті әйелге және нәрестеге әсер ететінін ескеру қажет.
Назарларыңызға рахмет!
казакша гип.бер.3к.стом.ppt