1178_auymdasty_1179_ekologiasy-_sinekologia.pptx
- Количество слайдов: 16
Қауымдастық экологиясы- синэкология
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды. Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге» , яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі бір ортаны мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы.
• Биоценоза- бұл өсімдіктердің (фитоценоз), жануарлардың (зооценоз) микроағзалардың (микробоценоз) ұйымдасқан популяциялар тобы, олар өзара байланыса отырып, бірдей жағдайдағы отрада тіршілік етеді. • Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К. Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. • Биотоп- бұл биогеценоздың өмір сүру ортасы. • Биоценоз биотоппен бірігіп, биологиялық макрожүйені құрайды- ол биогеоценоз. • Бұл терминді 1942 ж. академик В. Н. Сукачев енгізген.
• Экожүйе- бұл бір- бірімен белгілі бір заңдылықтармен тығыз байланыста тіршілік етуші әртүрлі ағзалардың жиынтығы мен тіршілік ортасының жағдайы. Экожүйе = биоценоз + биотоп • Терминді 1935 жылы ағылшын экологі Тексли енгізген. Ең үлкен экожүйе- Жер биосферасы, ары қарай кішірейе береді: құрлық, мұхит, тундра, тайга т. б. • Экожүйенің құрылымы: • Экожүйенің негізгі қасиеттері: • 1) зат айналымына қатысу қабілеттілігі; • 2) сыртқы әсерлерге қарсы тұруы; • 3) биологиялық көбеюі. • Экожүйенің деңгейлері: • 1) микроэкожүйе- кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі олардың тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге, аквариум, жайылым , су тамшысы • 2) мезоэкожүйе- орман, өзен, тоған, т. б. • 3) макроэкожүйе- мұхит, континент, табиғи зона, т. б. • 4) глобальдық экожүйе- биосфера
Экожүйелерде түраралық байланыстың негізгі формалары: Бейтараптық Бәсекелестік Мутуализм (симбиоз) Комменсализм Аменсализм Паразитизм Жыртқыштық
Егер екі популяция өзара әрекеттеспейтін болса және олардың ешқайсысы екіншілеріне ықпал етпесе, онда айтарлықтай экологиялық мәні жоқ жағдай – бейтараптылық немесе нейтрализм орын алады. Нағыз нейтрализм табиғатта өте сирек кездеседі, себебі, кез келген экожүйеде барлық популяциялардың арасында жанама әрекеттер болуы мүмкін.
Егер екі популяция әрқайсысы екеуіне жағымсыз әсер ететін болса, онда олардың қарым-қатынасы бәсекелестік сипатта орын алады Бәсекелестік- азық, территория және орта үшін күрес. Бірдей түрлер осы факторлар үшін күресте бірге тіршілік ете алмайды, бір уақыт аралығында бір конкурент екіншісін ығыстырып шығады
Екі жаққа бірдей пайда әкелетін қарым-қатынастар мутуализмге жатады. Екі түрдің әрқайсысының қатысуы міндетті болуы қажет селбестік қатынастың типін мутуализм деп атайды. Арнаулы маманданған тозаңданатын өсімдіктің осы түрлерді тозаңдандыратын бунақденелілермен қарым қатынасы осы мутуализмге мысал бола алады. Тағы бір мысал, балқарағайлы қарағайдың тұқымымен ғана қоректенетін балқарағай торғайы бұл ағаштың тұқымдарын таратушы жалғыз түр, яғни бұл өсімдіктің таралуы осы торғайға ғана байланысты.
Табиғатта көбіне түрлердің біріне пайдалы байланыстары жиі кездеседі. Симбиотикалық қатынастың міндетті шарты - организмдердің белгілі дәрежеде бірге тіршілік ету. Шаян мен актинияның симбиозы
Комменсализм жағдайында қауымдастық құраушы түрдің бірінің популяциясы бірлесіп тіршілік етуден пайда табады, ал екінші түрдің популяциясы ешқандай пайда көрмейді. Комменсализм қатынасы табиғатта кең таралған. Мысалы, ірі сүт қоректілер (иттер, бұғылар) тікенекті тұқымдар мен жемістерді тасымалдаушылар болып табылады, ал өздері бұл қатынастан пайда да, зиян да көрмейді. Комменсализм -басқа түрге шығын келтірмей, бір түрді бір жақты пайдалану. Мысалы, бұқпа шаянның бақалшағында тіршілік ететін шығыршық құрт иеленушісінің азығының қалдықтарын тікелей оның аузынан жырып алып қоректенеді.
Комменсализм -басқа түрге шығын келтірмей, бір түрді бір жақты пайдалану. Ірі балық пен жабысқақ балық - комменсализм мысалы
Бірге тіршілік ететін түрлердің біріне басқа түрдің әсері теріс (ол қысым көреді), ал тап осы уақытта қысым көрсетуші зиян да шекпейді, пайда да көрмейтін қарым қатынас түрі аменсализм деп аталады, яғни аменсализм деп бір популяцияның өсуі мен көбеюі тежеліп, ал ингибитор аталатын екінші популяция бұндай қысым көрмейтін жағдайды атайды. Аменсализм тек өсімдіктер, саңырауқүлақтар мен бактериялар әлемінде кездеседі. Мысалы, көптеген саңырауқұлақтар мен бактериялар басқа бактериялардың өсуін тежейтін антибиотиктер синтездейді; шырша көлеңкесінде өсетін жарық сүйгіш шөптердің қатты көлеңкеленуден зардап шегуі, ал шырша ағашына бәрі бір.
Паразиттілік- бір түрдің (паразиттің) организмдерінің басқа түрдің (қожайынның) организмінің ұлпалары немесе қоректік заттардың есебінен тіршілік етеді Паразитизм немесе тоғышарлық - бұл жыртқыштық болып табылады, бірақ иеленушісі бірден опат болмай, паразит оны белгілі бір уақытқа дейін пайдаланылады. Демек паразитизмді жыртқыштық жұмсарған формасы ретінде қарастыруға болады.
Жыртқыштық деп бір популяция екіншісіне жағымсыз ықпал ете отырып, сол әрекетінен пайда болатын популяция аралық қатынастарды атайды. Жыртқыштық жануарлар арасында ғана емес, өсімдіктер мен жануарлар арасында да кеңінен таралған байланыс. Мысалы, жануарлардың өсімдіктермен қоректенуі, сол сияқты насекомқоректі өсімдіктерді де (непентес, шық өсімдігі) жыртқыштарға жатқызуға болады.
Түр ішіндегі бәсекелестік түр аралық бәсекелестікке қарағанда қатаңдау; мұнда екі түрдің мұқтаждары неғұрлым жақын болса, олардың арасындағы бәсекелестік соғұрлым күшті болады. Осындай мұқтаждықтары бүтіндей ұқсас екі түр бірдей жағдайда тіршілік ете алмайды, олардың біреуі белгілі бір уақыттан соң міндетті түрде ығыстырылып шығарылады. Осы қағида бәсекелестік құбылыстарын алғаш рет инфузориялармен жүргізген эксперименттері арқылы айқын көрсеткен Г. Ф. Гаузенің құрметіне "Бәсекелестік арқылы жою немесе Гаузе принципі" деп аталып, заң дәрежесіне ие болады.
• Бәсекелестіктің негізгі екі түрі - тікелей және жанама бәсекелестік болады. • Тікелей бәсекелестік — особьтардың бір-біріне тікелей ықпал етуі арқылы жүзеге асады. Мысалы, жануарлар арасындағы күшті қақтығыстар кезі немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің токсиндер бөліп шығаруы. • Жанама бәсекелестік - особьтардың тікелей әрекеттесуін қажет етпейді. Ол аралық буындар арқылы әртүрлі жануарлардың бірдей және міндетті түрде шектеулі болатын ресурстарды пайдалануынан туады. Сондықтан ондай бәсекелестікті, кейде пайдаланушылық бәсекелестік деп атайды. • Түр ішіндегі бәсекелестіктің негізгі объектісі энергия болғандықтан, өсімдіктер арасында күрес жарық үшін болады. Тым жиі өскен өсімдіктер бірін-бірі көлеңкелейді. • Түраралық бәсекелестік – Гетеротиптік реакциялар • Гетеротиптік реакциялар- әртүрлі түрлерге жататын жеке организмдер арасындағы өзара әрекеттесулер. Екі популяцияның біріне –бірі ықпал етеді немесе ықпал етпейді. Егер ықпал ету орын алса, онда ол жағымды әлде жағымсыз болуы мүмкін.
1178_auymdasty_1179_ekologiasy-_sinekologia.pptx