Syrye_lab-2.pptx
- Количество слайдов: 18
Қатты отын № 15, 16, 17 зертханалық жұмыстар БЗХТ-301 Ибраимов. А Қонарбай. А Спан. А
Отын – бұл жанғыш зат, жанған кезде белгілі бір мөлшерде жылу бөледі. Ол жылу технологиялық процестерде және жылытуда қолданылады немесе басқа энергия көздеріне айналып кетеді.
Отынның түрлері Қатты отын: -Ағаш -Торф -Көмір -жанғыш тақтатас Сұйық отын: -май -спирт -эфир -мұнай отындары -синтетикалық отындар Газ тәрізді: -пропан -бутан -метан -биогаз -сутек Басқа отындар: -ядролық отындар -термоядролық отындар
Қатты отын: Қатты отынға: көмірдің түрлері: тас, қоңыр, антрацит; торф; тақтатас және қалдық түрлері жатады. Жану процестеріне байланысты биоотын, ағаш, орманшаруашылығы қалдықтары, т. б жатады.
Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзелген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әртүрлі мөлшерде минералдық қоспалар ( 50% дан аспайды ) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, таскөмір, антрацит.
Көмірдің тығыздығы -0, 92 -1, 7 гр/см 3 аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; Қаттылығы- Моос шкаласы бойынша 1 -3 аралығында. Органикалық массаның элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен ( қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98% ), оттек ( тейісінше 30 -дан 1%-ға дейін ) және сутек ( 6 -дан 1%-ға дейін ) мөлшерімен сипатталады.
Көмір – бағалы металлургиялық және химиялық өнеркәсіп шикізаты, отын ретінде кеңінен пайдаланылады; бітімі қабатты, түйіршікті, құрылымы біртекті және жолақты; түсі қоңырдан сұр қараға дейін, күңгірттен металл түске дейін жылтырлайды
Тас көмір – көмірлену дәрежесі орташа болатын қазба көмір. Түсі қара, қара сұр, құрамдас бөліктеріндегі тығыздығы ең жоғарғысы инертинит 1, 48 -1, 5 г/см 3 , ал ең тиімді липтинид 1, 12 -1, 18 г/см 3. . Тас көмірдің органикалық бөлігіне кіретін элементтер: көміртек 75 -97 С, сутек 1, 5 -5, 5 С, оттек 2 -18 С, азот 0, 3 -3 С аралығында, Тас көмірді техникалық талдау нәтижесінде оның пайдалану үшін қажетті физика-механикалық қасиеттері: күлділігі, ылғалдылығы, күкірт пен фосфор мөлшері ұшқыш заттар шығымы, қызу бөлгіштігі, тағы басқа анықталады. Тас көмірдің Қазақстандағы қоры 71, 6 млрд. Тоннаға тең, оның ішінде кокстелетіні 17%-ды құрайды.
Қоңыр көмір – геологиялық жасы, құрамы, жанғыштығы жөнінен шымтезек пен тас көмір аралығынан орын алады. Шымтезектен тығыздығының жоғарылығымен, ал тас көмірден түрлі реңді қоңыр, қоңырқай түстерімен ажыратылады. Ауада ұсақ бөлшектерге үгілетін қоңыр көмір гумин қышқылды, су тартқыш және ылғалды мол келеді. Жанатын массасының көміртек 55 -78 %, сутек 4 -6, 5%, оттек 15 -30%, т. б. шайыр 5 -20%, ұшпа заттары болады, 5400 -7400 ккал/кг жылу бөле жанады. Қазақстан аумағында негізінен юра кезеңінің қоңыр көмір алаптары мен орындары ( Майкөбен, Торғай, Қарағанды, Ленгер, Боралбай, т. б) көп.
Антрацит – көмірленудің ең жоғары дәрежесіне жеткен көмір. Сыртқы белгілері: түсі қара сұр немесе сұр қара, металдай жылтыр, құрылымы әртүрлі, қолға жұқпайды. Эндогенді жіктер мен сызаттарының арасы 2 -20 мм, кейде 88 мм болып келеді. Меншікті салмағы 1, 37 – 1, 68 г/см 3, органикалық массасының меншікті салмағы 1, 5 – 1, 8 г/см 3, ылғалдылығы 1 – 3%, газ бөлінуі 2 - 4%. Химиялық құрамында 94 – 97 % көміртек; 1 -3% - дай сутек пен оттек; 1 – 2 %-дай күкірт пен азот бар. Жылу қуаты 8, 1 – 8, 2 мың ккал/кг, кокстенгенде түйіршіктер бірікпейді. Антрацит жақсы электр өткізгіш, өздігінен тұтанбайды, қасиетін өзгерпейді, ұзақ уақыт сақталады. Каротаж диаграммаларында антрацит қабаттары элекрт өткізгіштігімен ерекшеленеді. Антрацит домна пештерінде пайдаланылады, жіксіз таза кесектерінен ток өткізгіш электрод жасайды.
Шымтезек – батпақ жерлерде толық ыдырамаған өсімдік қалдықтарынан түзілетін жанғыш, пайдалы қазбалар. Құрамының 50 -60 -ы көміртек. Меншікті жану жылуы 24 МДж/кг. Щымтезектің әлемдік қоры шамамен 500 млрд. т Шымтезектің ыдырау дәрежесі – гумин қышқылдарынан және қарашірікке айналмаған өсімдік қалдықтарының ұсақ бөлшектерінен тұратын шымтезектің құрылымы ( толық ыдыраған ) бөлігінің оның жалпы массасына қатынасын көрсететін сипаттама.
Қарағанды көмір алабы-Орталықта орналасуымен және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір ретінде қолайлы және тиімді. Негізінен технологиялық отын-кокс ретінде өнеркәсіпте қолданылады. Біраз бөлігі электр қуатын алу үшін электр стансаларында энергетикалық отын ретінде пайдаланылады. Кемір тереңде орналасқан, қазып алынатын орташа тереңдігі 300 метр. Сондықтан да жер астында шахталық әдіспен өндіріледі. Бұндай жағдайда өндірілген көмірдің өзіндік құны жоғары болады. Қарағанды көмірін негізгі тұтынушылар — Қазақстан мен Ресейдін, металлургиялық зауыттары мен электр стансалары
Қарағанды алаптарынан шыққан көмір қалдығын өңдеу: Ғалымдар көмір қалдығынан өсімдіктер мен егін шаруашылығына қажетті минералды тыңайтқыштар ойлап тапты. Бұл тыңайтқыш өнім көлемін 20%-ке ұлғайтады. Ол-гуминді тыңайтқыш. Топырақтың қасиеттерін өзгертеді: ылғалдылығы 20 -30%-ке дейін көтеріледі, тығыздығы азайады. Яғни, топырақтың гумустық-қарашіріктік қасиеттері өзгереді. Гуминді тыңайтқыштар осылайша топырақтағы өсімдіктің өсуіне қажет қоректік заттард көбейтеді. Одан басқа көмір қалдығынан: -топырақты эрозиядан қорғайтын зат; -шахталық суларды тазалайтын полиамфолиттер өндіріледі.
Екібастұз көмір алабы-Тас көмір болғанымен, күлі көп (орташа күлділігі 43%), сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді. Алаптың ерекшелігі — көмір қабатының қалыңдығы 150 метр және жер бетіне жақын орналасқандықтан ашық әдіспен өндіріледі. Соған сай өндіру құны арзан болып келеді. «Богатырь» , «Восточный» жәнө «Северный» кесінділерінде ашық әдіспен өте мықты роторлы экскаватормен қазып алады. «Богатырь» кесіндісінің қуаттылығы өте жоғары. Жылына 50 млн тонна өндіріліп, дүние жүзіндегі жетекші кесінділердің біріне жатады. Екібастұз көмірі республикамыздағы өзіндік құны ең төмен көмір. Соның нөтижесінде жан-жақты игерілуде. Оны пайдалану үшін Қазақстанның Солтүстігінде және Ресейде ірі электр стансалары (Орал және Омск) салынған.
Екібастұз кеніштері арасындағы қоршаған ортаны ластамай, қалдықсыз өнім шығаруға бағытталған жоба бар: Күлділігі жоғары, құрамы сазбен, кен жыныстарымен аралас көмірді өңдеп, көмірді тазартудан қалған шаңның өзінен қатты отын – брикеттелген көмір шығарып жатыр. Брикеттелген көмірдің артықшылығы: жаққанда көп күл-қоқыс қалдырмайды, жағымсыз иіс шығармайды және түтін-демейді. Сондай-ақ, тым жылдам жанып кетпейді. Брикеттердің қапталуы оларды сақтау орнын үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал брикеттен қалған қалдық кірпіш зауытына жөнелтіліп кірпіш жасауға қолданылады. Осылайша, біз ешбір қалдықты сыртқа шығармайды, ауаны ластамайды. Яғни, қалдықсыз өндіріске қол жеткізіліп отыр.
Дүниежүзі бойынша көмір өндірісінің қарқыны бәсеңдегенімен, бұл байырғы шикізат түрі әлі де болса көптеген елдердің отын-энергетика құрылымында елеулі орын алады. XX ғасырдың 50— 60 -жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты көмір өнеркәсібі күйзеліске ұшырап, көптеген шахталар жабылып қалған болатын. XX ғасырдың 70 жылдарынан бастап мұнай бағасының өсуі көмірді ашық әдіспен өндіруге болатын ірі кен орындарының қайтадан өркендеуіне себепші болды. Сонымен қатар көмір өндіру географиясында өзгерістер болды. Батыс Еуропа шахталары жабылып, Азия басты өндіру аймағына (барлық көмірдің 45%-ын береді) айналды. Қазақстан көмір өндіретін жетекші 10 елдің қатарыыа енеді, мұнда 2007 жылы 103 млн т көмір өндірілді. Дүниежүзі бойынша өндірілетін көмірдің 12%-ы ғана экспортқа шығарылады. Көмір экспортында Аустралия мен ОАР, АҚШ жетекші орын алса, импортында Батыс Еуропа елдері мен Жапония басымдылық танытады.
Қоршаған ортаға әсері: Қазақстан Республикасы көмір шығарудан 10 орын аламыз. Көмір қоры 170 млдр. т , қазіргі кезде белгілі болған 60 млдр. т. Жылына Қазақстанда 115 млн/т жуык көмір шығарылады. Соның ішінде 12 млдр. т. көмір қазып алынады, оны 40% жарамсыз қалдық болып қалады. Көмір калдықтарын сол жерге жаяды немесе басқа жақын мемлекеттерге сатылады. Шет мемлекеттерде көмір калдықтары өңделіп өзмізге қайта сатылымға туседі, бірақ жоғары бағамен. Көмір қалдықтары экологияға өте жаман әсер тигізеді. Экологиялық проблема ретінде саналады. Соның ішінде атмосфераға, жанындағы елді мекендерге зиян тигізеді.
Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттігінің мәліметтеріне сәйкес 2000 ж. барлық көлік түрінің жүк айналымында теміржол көлігінің үлесі 63% құрады. Тасымалдауға берілетін негізгі тауарлы өнім, бұл автомобиль көлігімен тасымалдау тиімді емес болатын көмір, бидай, мұнай, руда, минералды тыңайтқыштар және т. б. сияқты массалы құйылмалы және төгілетін (насыпные) жүктер болып табылады.
Syrye_lab-2.pptx