Қасымбек Н. Кенжебек Е. Мустафин М. Ешниязов Е. Кәсіпорынның энергетика шаруашылығы
Кәсіпорынның энергетика шаруашылығы Қазіргі заманда энергияның өндірістегі рөлі ұлғая түсуде. Технологиялық үдерісінде энергияның әр алуан түрін қолдану өндірісте жоғары өнімді әдістері мен еңбек жағдайын жақсартуға себебін тигізеді. Әр кәсіпорында өндіріс үдерісі барысын бірқалыпты сақтау үшін оны тұрақты энергиямен қамтамасыз ету керек. Осы мақсатпен энергетикалық шаруашылығы ұйымдастырылады. Энергия түрі сан алуан болады; электр энергиясы, ыстық пен суық су, бу, оттегі, ацетилен, қысылған ауа және т. б.
Кәсіпорынның энергия шаруашылығының алдына қойылатын міндеттер • Кәсіпорынның энергоресурстарға деген қажеттілігін және оларды табу көздерін анықтау; • Кәсіпорын мен оның бөлімшелерін энергиямен қажетіне қарай қамтамасыз ету; • Энергетикалық жабдықтар мен желістерін пайдалануын, оларға техникалық қызмет көрсетуін, жөндеуін ұтымды ұйымдастыру; • Өндірісте пайдаланатын энергияны үнемдейтін шаралар жүргізу және т. б.
Энергоресурстарды үш топқа бөлуге болады: сырттан сатып алынатыны, өзінде өндіретін және екінші қайтара қолданылатыны. Соңғысында негізгі өндірістің қалдығы не жанама өнімдері жатады. Энергия шаруашылыгының құрылымына көп факторлар, оның ішінде кәсіпорынның орналасқан мекен -жайы да ықпал жасайды
Энергия шаруашылығы 1. Электро-күш беретін цех, мұның құрамында келесі учаскелер болуы мүмкін: -электроподстанция; -электрожабдықты құрастыру учаскесі, мұнда электрожелістерді негізгі жабдықтарға қосумен шұғылданады; электроқондырғыларды, электродвигательді жөндеуге арналған электржөндеу учаскесі; -байланыс және сигнал беру учаскесі.
Энергия шаруашылығы 2. Жылу күш-беретін цех, мұның құрамындағы келесі учаскелерді атауға болады: -бу шығаратын учаске; -компрессорлық, негізгі және көмекші цехтарын қысылған ауамен қамтамасыз етеді; -кәсіпорынды техникалық және ауыз сумен қамтамасыз ететін су станциясы мен канализация 3. Газ шаруашылығы, мұның құрамына газ желістері, оттек және ацетилен станциялары, мұздатқыш қондырғылары және т. б. кіреді.
Энергоөнімнің ерекшеліктері • Энергоөнімнің бірінші ерекшелігі - оның қорын жасауға мүмкіндік жоқтығы не қор жасау үшін күрделі жэне қымбат қондырғылар керек. Сондықтан энергияны өндіру оны пайдалану тәртібіне толық тәуелді болады. Осы екеуінің сәйкестігі энергоучаске жүмысының сапасын белгілейді. Энергияны өндірілген жерінен түтынушыларға жеткізу барысында энергия жоғала бастап, өз сипаттарын өзгертеді. • Энергоөнімнің екінші ерекшелігі - сандық көрсеткішінен басқа сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді қажет етеді. Мысалы, тұтынушыларға энергия орнатылған сипаттамаға сәйкес жеткізілу керек, егер де бұл шарт орындалмаса өндіріс үдерісі бұзылады, бұл энергошаруашылығы жұмысындағы ақау болып табылады.
Энергоөнімнің ерекшеліктері • Энергоөнімнің үшінші ерекшелігі - оны эдеттегі жолмен есептемей, арнайы аспаптарды қолданады: манометр, термометр, паромер және т. б. • Энергошаруашылығының тағы бір ерекшелігі - қуат резервтерінің міндетті түрде болуы: резервтік трансформаторлар, компрессорлар, бу қазандары сияқты. Мұндай резервтерді жасау өндірістің үзбей жүруін көздейді. Егер де бір жағдаймен энергожабдықтар кездейсоқ себеппен істен шығып қалса, резервтегі жабдықтары іске қосылады.
Энергошаруашылығын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары • Маманданған кәсіпорындарынан сатып алынған энергоресурстар үлесін арттыру; • Орталықтанған жүйеден қамтамасыз ету тәжірибесін дамыту; • Энергоцех өлшемін ірілету; • Энергоресурстар шығынын мөлшерлеуді жетілдіру; • Өндірістік энергияны үнемдейтін озық технология мен жабдықтарды енгізу; • Қазіргі ақпараттық технологияны қолданып энергошаруашылығын басқаруды жетілдіру.
Назарларыңызға рахмет!