шолпан конференция.pptx
- Количество слайдов: 25
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ БІЛІМ КОНТЕНТТЕРІН ЖАСАҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қашықтан оқыту техналогиясы Дүние жүзі бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын өркендетудің басты мақсаттарының бірі - оқушылардың кез-келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу.
Қашықтықтан оқытуды тағайындау бағдарын Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандықтың инженерлерін дайындау бойынша оқу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етеді. Сайланатын жүйесі
Қашықтықтан оқыту жүйесінің құрылымы оқытудың мақсаты мазмұны объектісі әдістері субъектісі ғылыми-білім материалдық базасы құралдары идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі
Оқыту мақсаты. Маманның үлгісімен және мемлекеттік тапсырыспен сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін оқып үйренушілердің меңгеруі.
Оқыту мазмұны. Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. Оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оның мазмұнымен анықталады.
Оқыту объектісі. Қашықтықтан оқытудың білім беру қызметін пайдаланушылар білім алатын берілген түрінің объектісі, яғни студенттер, оқушылар және т. б. болып табылады. Қашықтықтан оқыту тыңдаушылары өз бетімен және компьютермен жұмыс істей білу, телекоммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану дағдысы болу керек.
Оқыту субъектісі. Қашықтықтан оқыту субъектісі оқытушылар болып табылады. Оқытушы - қашықтықтан оқытуда білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін басты буын. Ол - кеңес беруші оқытушы, информатика және телекоммуникация іргетасы негізін білетін болу керек, оның білімділігі алдыңғы озық сипатта болу керек.
Оқыту әдістері. Қашықтықтан оқыту түрі: ақпараттық-ереже жиынтығы, репродуктивті, мәселені мазмұндау, теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жиынтығы және зерттейтін 5 жалпы дидактикалық оқыту әдістерінен тұрады. Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті педагогикалық актілерінің барлық жиынтығын қамтиды.
Оқыту құралдары. Қашықтықтан оқыту білім беру үрдісінде оқытудың дәстүрлісі қалай қолданылса, компьютерлік техниканы және телекоммуникацияны, сонымен бірге білім беру технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық оқыту құралдары да солай қолданылады.
Ғылыми-білім материалдық базасы. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар жиынтығы. Олар оқу және оқу-көмекші бөлмелері; зертханалық қондырғылар, техникалық оқыту құралдары, оқулықтар, оқу құралдары және басқа да оқуәдістемелік материалдардан тұрады.
Идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі. Қашықтықтан оқытуға кіретін бақылаудың ерекшелігі абитуриенттің кәсіптік сапалары мен қабілеттерінің даму деңгейін бағалау, тиімді құралдар мен оқыту әдістерін таңдайтындай, онымен сәйкес әлеуметтік психологиялық бейнесін құру болып табылады.
Қашықтықтан оқыту семинарлары - оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. Қашықтықтан оқыту семинарлары бейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар пікірталасқа оның дамуының кез келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады. Студенттердің арасында өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы әріптес ретінде көрінеді.
Қашықтықтан оқытудағы зертханалық жұмыстар материалды тәжірибелік меңгерілуі үшін беріледі. Дәстүрлі білім беру жүйесінде зертханалық жұмыстар мынаны талап етеді: арнаулы жабдықтарды, макеттер, тренажерлар, химиялық реактивтер және т. б. Қашықтықтан оқыту жүйесінің келешекте мультимедиялық технологиялар, имитациялық үлгілеулер және т. б. қолдану есебінен зертханалық практикумдарды жүргізу міндеттерін қысқартуға маңызды мүмкіндігі болады
Қашықтықтан оқытудағы бақылау – бұл білім алушының оқу материалын теориялық және практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру. Тест ережесі, пән бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтиды, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылады. Студент осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек, тиісті балмен бағаланады.
Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі білім контенттері Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі білім контенттерінің оқу белгілерінің электрондық басылымы қағаз басылымының барлық ерекшеліктеріне ие бола отырып, елеулі айырмашылықтары мен артықшылықтары да бар. Дербес жағдайда: компьютер жадында немесе дискілерде сақтау ықшамдылығы, гипермәтіндік мүмкіндіктер, бейімділігі, таралымы, өзгертулер мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі, электронды пошта бойынша жіберудің ыңғайлылығы. Бұл - пән бойынша дидактикалық, әдістемелік және ақпараттық-анықтама материалдарын өзіне енгізген, сонымен бірге, білімді өз бетімен алу және бақылау үшін оны кешенді қолдануға әсері болатын бағдарламамен қамтамасыз етілген автоматтандырылған оқыту жүйесі
«Қашықтықтан білім алу» әр адамның өзіндік жеке қажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуіне мүмкүндік береді. Оның тағы бір ерекшелігі жас ерекшелігіне қарамастан жұмыстан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру мүмкіндігін береді.
Кейс – технологияға арналған контент Кейс – технологияға арналған контенттерді жасақтауда әдістемелік нұсқаулар, жұмыс дәптерлері, анықтама, оқу, аудио, бейне, бақылау және емтихан материалдары, қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері секілді элементтер қолданылуы қажет.
Әдістемелік нұсқаулар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша электрондық тасмалдауышта оқу әдістемелік материалдардың кешені беріледі. Кешенді даярлауды ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер арқылы оқушылардың белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін арттыруға болады.
Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері Курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипермәтіндік құрылымы; пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алуы, сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар; кейстің құрамына белгілі нормативті талаптар жоқ. Кең таралған құжаттар мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады; оқушы оқулықтың кез келген бетін баспаға шығара алады; оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады; оқулықа енгізілген білімді тексеру жүйесі бар.
Желілік технологияға арналған контент Желілік технологияға арналған контенттерді жасақтауды нақты мысалмен көрсету мақсатында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында ұйымдастырылған қашықтықтан оқыту жүйесін қарастырайық. Мұнда қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, институтта қашықтықтан білім беру техологиясы бойынша оқытудың негізгі құралы ретінде «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйе және «Moodle» қашықтықтан білім беру жүйесі қолданылады
Қашықтықтан оқытудың контенттері: Білім алаушыларды қашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдарымен, яғни контентпен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша электрондақ оқу-әдістемелік кешен болуы керек; Электрондақ оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады; Әрбір пәннің электрондық оқуәдістемелік кешені міндетті және қосымша бөліктерден тұруы керек. Оқу-әдістемелік қаматамасыз ету жеке және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың кезеңдері виртуальдық синхрондық асинхрондық
Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін.
Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.
шолпан конференция.pptx