Буклет Каржы (1).ppt
- Количество слайдов: 2
«Қаржы» кафедрасы 1996 жылы Тараз мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын, «Есеп - экономикалық» факультетінің құрамында болды. «Қаржы» кафедрасы – Жамбыл облысындағы оқытудың заманауи инновациялық технологияларын оқу-әдістемелік және ғылыми зерттеу жұмыстарына қолдана отырып, «Қаржы» мамандығы бойынша «Банк ісі» , «Салық және салық салу» , «Мемлекеттік бюджет» , «Қаржы менеджменті» , «Сақтандыру» бағыттарында білікті мамандар дайындайтын білім орталығы. Қазіргі кезде «Қаржы» кафедрасында 18 оқытушы қызмет етеді, оның ішінде 1 экономика ғылымдарының докторы, 6 экономика ғылымдарының кандидаттары, 11 қаржы және экономика магистрі академиялық дәрежесі бар аға оқытушылар. Кафедрада MEVLANA, DAAD халықаралық бағдарламалар бойынша грант жеңімпаздары, шет мемлекеттердің (Ұлыбритания, Германия, Түркия) жоғары оқу орында тәжірибе алмасып қана қоймай, сонымен қатар Түркияның Балыкесир университетінде дәріс оқып қайтқан тәжірибесі мол ғалымдар жұмыс жасайды. Кафедра 5 В 0050900 «Қаржы» бакалавры және 6 М 050900 «Қаржы» магистрі мамандықтарын «ғылыми педагогикалық» және «бейіндік» бағыттарда даярлайды. 1. Акынбекова Д. Н. - Премьер Министрдің Бірінші орынбасарының Кеңесшісі. 2. Шыныбеков Д. А. – Халықаралық ақпараттық технологиялық университетінің Ректоры. 3. Доланбеков Г. А. - «Цесна банк» АҚ ЖФ директоры. 4. Айбасова Б. А. «Евразия» сактандыру компаниясының директоры. 5. Медетбеков Д. Т. - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры. 6. Тасболатов Б. К. «DELTA банк» АҚ ЖФ директоры. Қаржы кафедрасы студенттерге тек мамандық бойынша білім берумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, оларды ғылыммен айналысуға баулиды. Біздің студенттер халықаралық, республикалық және университеттік ғылыми конференцияларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Студенттер арасында университет деңгейінде «Студент-зерттеуші» , «Үздік декан» және т. б. номинациялардың лауреаттары бар. Сондай-ақ студенттер жыл сайын басқа да жоғары оқу орындағы мамандық бойынша пәндік олимпиадаларға белсенді қатысып, жүлдемен оралады. Біздің студенттер ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша отандық және шет мемлекеттердің жоғары оқу орында білім алып қайтады. Атап айтсақ, соңғы үш жылда студенттер Польшаның Котовице экономикалық университетінде, Лодзь университетінде Т. Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университетінде келісім-шарт негізінде оқып білім алды. .
«Қаржы» кафедрасы дуалды оқыту бағытында жұмыс жасайды. Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Осыған байланысты «Қаржы» кафедрасының қойған басты міндеті - жұмыс берушілер мен оқу орнының күшін біріктіре отыра, кәсіпорынды білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне жұмылдыру. Кафедра Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер басқармасымен, «Цесна банк» АҚ ЖФ-мен, «Нұр банк» АҚ ТФ-мен серіктес ретінде өзара қызметтестік келісім шартына отырған. Жұмыс берушілермен келісім-шартқа отыру “Қаржы” мамандығын бітіруші түлектерді кәсіби бағытта дайындап, жұмыспен қамту мақсатын көздейді. Кафедрада студенттерді кәсіби бағытта дайындау мақсатында арнайы оқуөндірістік зертханалары мен орталықтары қамтамасыздандырылған: 1. Бюджет-салық оқу зертханасы; 2. «Минибанк» оқу- өндірістік орталығы. Бюджет-салық оқу зертханасы Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер басқармасының қолдауымен оқу үрдісінде ИСАЖ бағдарламасын қолданады. ИСАЖҚазақстан Республикасының салық төлеушілер бойынша негізгі деректөр базасы болып табылады. Ол барлық мемлекет ішіндегі кең көлемді бағдарлама. Кафедра жанындағы «Минибанк» оқу-өндірістік орталығы оқу бағдарламаларымен, интерактивті мультимедиялық проекторлармен жабдықталған. «Цесна банк» АҚ ЖФ-ның мен “Нұрбанк” АҚ ТФның қызметкерлері, менеджерлері және де бөлім басшылары кәсіби білімдерін тәжірибеде қолдану мен жетілдіру мәселелері аясында студенттерге, магистранттарға дәріс сабақтарын оқиды, тренингтер жүргізеді.
Буклет Каржы (1).ppt