7_ta_1179_yryp_Membyudzhetti_1187_kiristeri.pptx
- Количество слайдов: 30
Қаржы № 1 тақырып Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны 1
Лекция сұрақтары: 1. Бюджет кірістері және олардың қалыптасу көздері және сыныпталуы. 2. Салықтық және салықтық емес түсімдерге сипаттама. Республикалық және жергілікті бюджеттер құрамындағы олардың ролі мен маңызы. 3. ҚР салық жүйесі. ҚР салықтарға, алымдар мен төлем-ақыларға сипаттама. 4. Ресми трансферттер, бұрын берілген несиелерді жабу – бюджетке қаражат түсірудің бір көзі ретінде. 2
Бюджет кірістері Бұл мемлекеттік қызметтердің жүзеге асуына қажетті мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорларының бір бөлігі, олар ҚР заңдарына сәйкес түрлі деңгейдегі билік органдарының иеленуіне өтеусіз және қайтарымсыз тәртіпте берілетін ақша қаражаттары болып табылады. Олар ақша қаражаттары қорларының қалыптастырылуы үдерісінде пайда болатын экономикалық қатынастарды айқындайды. Бюджет табыстарының басты материалдық қайнар көзі – ұлттық табыс болып саналады. Ұлттық табыстың өсуі мемлекеттің табыс көлемі мен мемлекеттік бюджет табыстарының үнемі көбеюін 3
Мемлекеттік табыстар Мемлекеттік табыстың басым бөлігі өндіріс пен айналым салаларында, жеке меншіктің түрлі формаларындағы кәсіпорындарда пайда болатын қоғамның таза табысын білдіреді. Снымен бірге, мемлекет өз табысына жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өндірістік және өндірістік емес салаларында жұмыс істейтін, сондай-ақ кез келген кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар табыстарының бір бөлігін шоғырландырады.
Бюджет кірістері жүйесі Бюджетке енгізілген табыстар жиынтығы, оларды жұмылдыру әдістері мен формалары мемлекеттік бюджетке алынатын түсімдер жүйесін құрайды. Мұндай түсімдер Бюджет кодексімен бекітілген белгілі бір мөлшерде және белгіленген мерзімде бюджетке алынатын міндетті төлемдерді айқындайды. Бюджет табыстарының басты материалдық қайнар көзі – ұлттық табыс болып саналады. Ұлттық табыстың өсуі мемлекеттің табыс көлемі мен мемлекеттік бюджет табыстарының үнемі көбеюін қамтамасыз етеді. 5
Кірістер бюджет кредиттерін өтеу сомалары мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер қарыздар бюджеттің түсімдері
Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер. 7
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар ды қатысу үлестерін, ң бағалы қағаздарын, сондай ақ мемлекеттік кәсіпорын дарды жедел басқаруындағы немесе ң шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемле кеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер. 8
Қарыздар мемлекеттік эмисссиялық бағалы қағаздар шығаруға және (не месе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер. 9
КІРІСТЕР салықтық емес негізгі капиталды сатудан ресми трансферттер
Салықтық түсімдер Бұл қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, белгілі бір көлемдерде жүзеге асырылатын, бюджетке алынатын міндетті ақшалай төлемдер болып табылатын салықтардың барлық түрі. Салықтық түсімдерге, сонымен бірге бюджетке алынатын басқа да міндетті төлемдер жатқызылады: ҚР Салық кодексі бекітілген төлемдер, алымдар, баждар. Салықтық түсімдер табыстың негізгі бөлігін құрайды.
Салықтық емес түсімдер Қазақстан Республикасының салық кодексінде белгіленген негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсімдерге жатпайтындардан басқа бюджет кодексінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті қайтарылатын төлемдер, сондай-ақ ресми трасферттерден басқа бюджетке өтеусіз берілетін ақша қаражаттары.
Салықтық емес түсімдерге мыналар жатады: • мемлекет меншігінен түсетін түсімдер; • мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер; • мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік • мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды • өткізуден түсетін ақша түсімдері; • мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын, сондай ақ ҚР ҰБ бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар.
САЛЫҚТАР ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМ ТҮРЛЕР 2. Жеке табыс салығы 4. Акциздер 3. Қосылған құн салығы (ҚҚС) 5. Жер қойнауын пайдаланушылар-дың арнайы салығы мен төлемдері 6. Әлеуметтік салық 7. Жер салығы 9. Мүлік салығы 1. Корпорациялық табыс салығы 7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем 8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы 9. Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлем 6. Ерекше қоғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем 2. Жеке кәсіпкерлерді мем/к тіркегені үшін алым САЛЫҚ 1. Заңды тұлғаларды мем/к тіркегені үшін алым САЛЫҚТАР, 5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ТӨЛЕМ 4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем 3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем 8. Көлік құралдарына салынатын салық 2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем 1. Кедендік баж ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР КЕДЕН ТӨЛЕМДЕРІ 2. Кедендік алымдар 3. Алдын ала шешім шығарғанға төлем 1. Жер учаскелерін пайдаланған ы үшін төлем БЮДЖЕТКЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАЖ 4. Алымдар АЛЫМ 12. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйым-дарына 10. Аукцирадио-жиілік ондардан спектрін алынатын пайдалануға алым 11. Жекелеген рұқсат алынатын қызмет бергені үшін алым түрлерімен алым айналысу құқығы үшін 3. Жылжымайтын мүлікке құқықты және олармен жасалған мәмілелерді мем/к тіркегені үшін алым 4. Радиоэлектронды қ құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мем/к тіркегені үшін көлік 5. Механикалықалым құралдары мен тіркемелерді мем/к тіркегені үшін алым 6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мем/к тіркегені үшін алым 7. Азаматтық әуе кемелерін мем/к тіркегені үшін алым 8. Дәрі-дәрмек құралдарын мем/к тіркегені үшін алым 9. Автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру
Мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша Мемлекеттік материалдық резервтер мен тауарларды сатудан түсетін ақша Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер Мемлекеттік меншігіндегі жер учаскілерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты және уақытша жер пайдалануға беруден түсетін ақша Мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша
Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер: Корпорациялық табыс салығы Қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ҚР аумағына импортталатын тауарларға акциздер Газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайға акциздер Үстеме пайдаға салынатын салық, бонустар, роялти Жергілікті маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдары арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алынатын алымнан басқа Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радио жиілік спекторын пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым. Теңіз, өзен кемелері мен шағын кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым
Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер: Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым Радио жиілік спекторын пайдаланғаны үшін төленетін төлем Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем Әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары Консулдық алым Қазақстан Республикасының азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж Жүргізуші куәліктерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж Мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариалдық іс әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж
Республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер: Республикалық меншіктен алынатын түсімдер Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемелекеттік мекемелердің тауарларын өткізуден түсетін түсімдер Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемелекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар Басқа да түсімдер.
Жергілікті бюджеттер арасында салықтық түсімдердің бөлінуі Облыстық бюджетке түсетін түсімдер Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан бюджеттеріне түсетін түсімдер Салықтар 1. Жеке табыс салығы 2. Әлеуметтік салық 3. Жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 4. Жер салығы 5. Бірыңғай жер салығы 6. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 7. Акциздер (республикалық бюджетке түсетін газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциздерден басқасы). Төлемдер, алымдар 1. Облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары арқылы жүріп өткені үшін алым және бұл жолдардың белдеуіне сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлем 1. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем 2. Жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем 3. Орманды пайдаланғаны үшін төлем 4. жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем 1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем 2. Жеке кәспкерлерді және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін төлем 3. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым 4. Аукциондардан алынатын алым және басқа төлемдер мен алымдар
Ресми трансферттер бұл қайтарусыз және өтеусіз негізде нақтылы мақсаты көрсетілмей бюджеттік реттеу ретінде бір деңгейдің бюджеттерінен (жоғарғы) басқа деңгейдің бюджеттеріне (төменгі) бөлінетін қаражаттар. Бюджеттер деңгейлері арасындағы трансферттер келесідей бөлінеді: жалпы сипаттағы трансферттер; ағымдағы нысаналы трансферттер; нысаналы даму трансферттері.
Ресми трансферттер Жалпы сипаттағы Бюджеттік субсидия Бюджеттік алып қоюлар Нысаналы ағымдағы трансферттер Дамуға арналған нысаналы трансферттер 1 -сурет –Бюджет кодексіне сәйкес ресми трансферттер сатысы
Жалпы сипаттағы ресми трансферттер бұл бюджеттік субвенциялар мен бюджеттік алынымдар. Бюджеттік субвенциялар – жоғарғы бюджеттерден төменгі бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін трансферттер. Бюджеттік алынымдар республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджеттерге берілетін трансферттері болып табылады.
Нысаналымақсаттағы трансферттер Белгілі бір мақсаттарға беріледі және мақсаттан тыс қолданылуы мүмкін емес. Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттерге және нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді.
Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезең інде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде: жоғарғы бюджеттер төменгі бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін қабылдаудан туындайтын төменгі бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған; 2) төменгі бюджеттер жоғарғы бюджеттерге беретін, мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінен жоғарғы деңгейіне берілуіне байланысты жоғарғы бюджет шығыстарының ұлғаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын жоғарғы бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады. 1)
Нысаналы даму трансферттері Жоғарғы бюджеттер төменгі бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетке бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.
Атауы I. КІРІСТЕР Бюджеттік несиелерді өтеуден түскен түсімдер Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер Қарыздар 01. 14 01. 15 Өзгері 01. 16 Өзгері стер 2013 2014 2015 жж. , % 3 284 401 3 752 971 3 667 359 3 038 3 264 3 996 608 1 723 6 842 44 717 64 677 138 126
Атауы I. КІРІСТЕР Бюджеттік несиелерді өтеуден түскен түсімдер Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер Қарыздар 01. 14 01. 15 Өзгері 01. 16 Өзгері стер 2013 2014 2015 жж. , % 97, 7 3 284 401 3 752 971 3 667 359 14, 7 7, 4 3 038 3 264 22, 4 3 996 183, 4 608 1 723 297, 1 6 842 44, 6 44 717 64 677 138 126 113, 6
Атауы I. Кірістер 01. 14 01. 15 Өзгеріст 01. 16 ер 20132014 жж. , % 6, 382, 353 7, 321, 277 7, 634, 805 Салықтық түсімдер, о, і. 4, 779, 004 5, 115, 743 КТС ЖТС 1 032 737 1 169 667 ҚҚС Акциздер Әлеуметтік салық Салықтан тыс түсiмдер Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер Трансферттердің түсімдері 492 991 4, 883, 913 1 224 645 552 280 598 807 1 327 650 1 198 170 103 651 147 057 380 477 427 985 944 438 161 068 464 674 141 717 179 488 224 767 56 132 71 045 69 709 1 405 500 1 955 000 2 456 417 Өзгеріст ер 20142015 жж. , %
Атауы I. Кірістер 01. 14 01. 15 Өзгеріст 01. 16 ер 20132014 жж. , % 6, 382, 353 7, 321, 277 +14, 7% 7, 634, 805 Салықтық түсімдер, о, і. 4, 779, 004 КТС 1 032 737 ЖТС 492 991 ҚҚС 1 327 650 Акциздер 103 651 Әлеуметтік салық 380 477 Салықтан тыс түсiмдер 141 717 Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер Трансферттердің түсімдері 56 132 Өзгеріст ер 20142015 жж. , % +4, 2% 5, 115, 743 +7, 0% 4, 883, 913 4, 5% 1 169 667 13, 3% 1 224 645 4, 7% 552 280 12, 0% 598 807 8, 4% 1 198 170 9, 8% 944 438 21, 2% 147 057 41, 9% 161 068 9, 5% 427 985 12, 5% 464 674 8, 6% 179 488 +26, 7% 224 767 50, 3% 71 045 +26, 6% 69 709 +25, 2% 1 405 500 1 955 000 +39, 1% 2 456 417 +25, 6%
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің жалпы кірісіндегі салықтар мен басқа да түсімдер құрылымы Көрсеткіштер 2011 ж 2012 ж 2013 ж 2014 ж 2015 ж Кірістер – барлығы, о. і. , пайыз (%) 100 100 100 Салықтық түсімдер, о. і: 64, 6 Корпорациялық табыс салығы 26, 3 Жеке табыс салығы 7, 7 Қосылған құн салығы 21, 8 Акциздер 2, 0 Әлеуметтік салық 10, 2 Жер салығы 0, 3 Мүлік салығы 2, 1 Өзге де табыстар 11, 2 Салықтық емес түсімдер 6, 2 Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 3, 3 Ресми алынған трансферттер 8, 9 Ескерту – кесте ҚР статистика агенттігінің 2015 жылғы анықтамалық жинағы негізінде жасалған
7_ta_1179_yryp_Membyudzhetti_1187_kiristeri.pptx