баян апай.pptx
- Количество слайдов: 15
Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлы (1844, Қазалы уезі Көкаша мекені 1916)-ақын. Орындаған: Айтқалиева Ә.
Арғы ата-тегіне орай елге Қ. Е. болып танылған. Хиуадағы “Шеккі Хазірет”медресесінде оқып, білім алған.
Қарасақал Ерімбеттің ақындық өнер жолының қалыптасуына: Шернияз Жарылғасұлы(1807 -1867), o Қашқынбай Қожамбетұлы, т. б ақындар ықпал етеді. o
Жыраулық, Жыршылық, Әншілік, Ақындық, Сал-серілік өнері тоғысқан Қ. Е. пен оның өнерпаздық айналасы:
Базар Ондасұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Әзілкеш Шымырұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жарылқасын Сырманұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы , т. б шайырлар Сыр бойының жыраулықжыршылық мектебін қалыптастырды.
Қ. Е шығыстық дидактик. философиялық мазмұндағы әдеби дәстүрді одан әрі дамытып, ислам дінінің гуманистік-ағартушылық идеяларын қазақ поэзиясының поэтик. өзегімен тұтастыра жырлады.
Қарасақал Ерімбеттің насихаттық өлеңдерінде: 1. “Жақсылар бұл қиссадан ғибрат ал”, 2. ”Әй, балам саған насихат”, 3. “Жалғанның түбін ойлап, күтініңдер!”, 4. “Сыйлап кал бір-біріңді соқпай саның”, 5. “Жадыңа, ислам халқым, неге алмайсын? ”, 6. “ Халықтың қалсын сөзі құлағыңда”.
Алланың құдіреті, Құранның шындығы, пайғамбардың өсиеті, білім-ғылымға ұмытылу жырланса, дастандарына: “Атымтай Жомарт”, “Хазіреті Ғали мен Дариға қыз”, “Бап Раушан”.
Айтыстар:
Қарасақал Ерімбеттің негізгі жазба айтыстары: “Қарасақал Ерімбет пен Шораяқтың Омары”, “Ерімбет пен Аппақ”, “Ерімбет пен Қаңлы Жүсіп”, “Ерімбет пен Ыбырайым”жұмбақ айтыс тұрғысындағы идеялық, композиц. құрылымымен ерекшеленеді.
Қыз бен жігіттің сөз айтысы: “Қарасақал Ерімбет пен Жекей қыз”, түріндегі айтыстары да ақынның әдеби шығармашылығының дәстүрлі табиғатын танытады.
Қарасақал Ерімбеттің жазба айтыстарында дидакт. бағдардағы сюжеттер, накылдар, мақалмәтелдер, бейнелеу өрнектері мол қолданылады.
Ақын шығармалары: “Айтыс”(1965, 2 т. ), “Қазақ поэзиясының антологиясы”(1992)жинақтарында жарияланды. “Ұлағат сөзім ұрпаққа”(1995) атты жеке жыр кітабы жарық көрді.
Пайдаланылған әдебиет: (Қазақстан ұлттық энциклопедиясы ”Бүркітбай Аяған” 5 том, 604 бет)
баян апай.pptx