1178_ara_altyn.pptx
- Количество слайдов: 10
ҚАРА “Қара алтын” АЛТЫН Орындаған: Тлеуов А. Т Тексерген : Абдисулейменовна Р. Ш.
Мұнай өнімдері Асфальт Бензин Бензол Битумдар Вазелин Газойль Газолин Гудрон Дизель отыны Керосин Лигроин Мазут Мұнай Парафин Уайт-спирит Этилен
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Мұнайдың шығу тарихы Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр , кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0, 65 -0, 95 г/см 3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрідәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1, 3 тонна антрациттың, 3, 3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Алғашқы тасымалы Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.
Пайдасы Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар майэнергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.
Қашаған кеніші Қазақстанның ең ірі кенорны
Қашаған кен орны Қашаған — осыдан 40 жыл бұрын Аляскада табылған Прудхо-бей кен орнынан кейінгі ең ауқымды кеніш. Барланған геологиялық мұнай қоры – 65 млрд баррель. Келешекте Еуропаның бір тәулікке шаққандағы энергия қуатына деген қажеттілігінің 10 пайызын өтейді деген дәме бар. Тереңдігі теңіз деңгейінен 4200 м төменде, ұзындығы – 75 шақырым, ені – 45 шақырым. Әйтсе де, Қашағандағы қор ақырына дейін зерттеліп бітпеген. Әрі кенішті игерудің дәстүрлі жолдарын бұл жерде қолдану мүмкін емес. Осы арада жобаны жүзеге асырушылардың жол тауып кеткенін айтқан жөн. Қондырғыларды көшпелі мұз сеңдерінен қорғау үшін жасанды аралдар орнатылады. Жасанды аралдың екі түрі – бұрғылау жұмыстарына арналған автоматты түрде басқарылатын шағын аралдар және құрамына бұрғылау, өндіріс нысандары кіретін, адам күшімен басқарылатын алып «хаб» (өндірістік технологиялық кешендер) қолданылады.
Назарларыңызға рахмет!!! Назарларыңызға рахмет!
1178_ara_altyn.pptx