1941-45 65 год.ppt
- Количество слайдов: 18
Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында
• Соғыс басталысымен мыңдаған қарағандылықтар әскери комиссариаттарға келіп, өздерін Қызыл Армия қатарына алуға өтініш білдірді. 1941 жылдың соңына қарай облыстың әскери комиссариаттарына 25 мыңнан астам өтініш түсті, оның 10 мыңын қарағандылық қыздар жазған еді. • Соғыс жылдары майданға барлығы 59935 адам жіберілді.
Қарағандылықтар Отан үшін өшпес ерлік көрсетіп, жан қиярлықпен айқасты, Олар Ленинградты, Сталинградты қорғады, Курск шайқасына қатысты. Украинаны, Молдавияны, Румынияны, Венгрияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етті. Орталық Қазақстанда Қызыл Тулы 72 -гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы, 387 - Перекоп атқыштар дивизиясы және Ленин орденді 310 -Новгород Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы жасақталды.
Қарағандылықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында ерлікпен шайқасты. • 72 -атқыштар дивизиясы Сталинград бағытында шайқасып, Қырым мойнағына дейін ұрыспен жүріп өтті, Перекоп бекінісін алуға қатысып, Севастопольді, Бухаресті азат етті. • Қарағандылықтардың 33 -і Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, бұлардың ішінде Н. Әбдіров, М. Мамыраев, Қ. Нұржанов А. Дәулетбеков және тағы басқалары. 7 адам Даңқ орденінің толық иегері болды. Олардың ішінде М. Сүлейменов, И. Карабанов, Н. Покатиловтар 1945 ж. 24 маусымда Мәскеудегі Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына қатысты. • Фашизмге қарсы күресте көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін 6600 қарағандылық Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталды.
Қатары күн санап сиреп келе жатқан жеңімпаздар бүгінде санаулы. Қазір Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының 1345 ардагері және 21830 тыл еңбеккерлері тұрып жатыр.
Тылда да тынымсыз еңбек етті. Соғыстың қиын қыстау кезеңінде елдің тылында аса маңызды өнеркәсіптік база болған Қазақстанның индустриалды жүрегі- Қарағанды облысына үлкен маңыз берілді. • Ортақ Отанды қорғаушылар қатарына алынған кеншілердің лавадағы орнын әкелері, ұлдары мен қыздары басты. Зейнеткерлер забойға қайтып оралды, шахтада жұмыс істеуді жастар мен әйелдер жедел үйрене бастады. • 10 мыңнан аса білікті жұмысшылар мен мамандар Донбастан Қарағандыға көшті, стахановшылар қозғалысының бастаушысы А. Г. Стаханов № 31 шахтаның бастығы болды. • Соғыс жылдары астық және басқа негізгі ауылшаруашылық өнімдерін тапсыру жоспары толық орындалды. Егіс алқаптары 28 процент артты.
• • Соғыстың алғашқы 5 айында Қарағанды қаласы бойынша 1904955 сом қаржы жиналды және майдан үшін жылы киім жинауға зор ынтамен қатынасты. 37 мың шолақ тон, күрте, бөкебайлар 24 мың пима 10543 дана іш киім 100 мыңға жуық құлақшын, биялай, шұлық даярланды. Ленинград майданы мен Нева бойындағы қаланың жауынгерлері үшін азық -түлік жинау айлығы кезінде (1942 жылғы мамыр-маусым) 20 вагон азық-түлік жөнелтілді. 1942 -1943 жылдары аралығында майданға сыйлық тиелген 94 вагон жөнелтілді. 1944 жылы 10 вагон азық-түлік пен сыйлық жіберілді.
Облыстың әр кәсіпорында, барлық ұйымдарында майдан сұраныстарын мүлтіксіз орындау жолындағы ерлік күрес өріс алды • Ұлы Отан соғысы қарсаңында Балқаш мыс қорту зауыты салынып болды. Соғыс кезінде өндірістік алаңдарынан Кольчугин түсті металдар прокаты зауытының жабдықтары осында орналыстырылды. Молибден рудасын өндіру басталды. • Жезқазған өнеркәсібі қағаз, жарылғыш заттар, сұйық шыны, карбид өндірісін, күрделі қосалқы бөлшектер мен жабдық шығаруды игерді, руда шығару үш есе өсті. • 1944 жылы желтоқсанда Самарқан поселкесінде (қазіргі Теміртау) Қазақ металлургия зауыты іске қосылып, Қазақстанда тұңғыш болат балқытылды.
• Азат етілген Донбасқа 1943 -44 жылдары шахта жабдықтары, техника және 17 вагон азық-түлік, 3 млн. 307 мың сом ақша жинап, жөнелтілді. • Госпитальдарда, әскерге шақыру пункттерінде, дала қостары мен шахталарда өнер көрсететін концерттік бригадалар құрылды. • Жау басып алған аймақтан көшіп келгендерді қамқорлыққа алды. Жалпы эвакуациямен 22600 адам келді. • Жаралы жауынгерлерді емдеу үшін қалада 6 әскери госпиталь ашылды. № 3970 эвакогоспиталь медбикелері. 1942
• 1943 жылғы 13 -шілде мен 14 -тамызда Қарағандыда ақындар айтысы болып өтті, онда Доскей Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Қайып Айнабеков сынды бүкіл республикаға аттары мәшһүр халық ақындары мен композиторлары өнер көрсетті. Еңбекшілерді тылдағы ерлік еңбекке жігерлендіруде айтыстың үлкен маңызы болды.
• Көшіп келген халықты орналастыру үшін Қарағандыда 272 мың м баспана (барактар) және 7300 жеке үй салынды. • Қарағандылықтардың соғыс кезіндегі ерен еңбегі лайықты бағаланды: 31 адам Ленин орденімен 17 адам Еңбек Қызыл Ту орденімен 116 адам “Құрмет Белгісі” орденімен ондаған мың адам – “ 1941 -1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін” медалімен марапатталды. • Қарағанды көмір бассейннің трестері Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туын 6 рет жеңіп алды.
• Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде облыс шаруашылықтары үлкен үлес қосты. Мал шаруашылығын дамытқаны, сондай-ақ жоспардан тыс астық өнімдерін қамтамасыз еткені үшін Қарағанды облысы және оның Осакаров ауданы Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды.
Қалмұқан Исабаев 1925 жылдың 25 тамызында Павлодар облысының Баянауыл селосында қызметкер отбасында туған. 1943 жылдың қаңтарында 10 сынып партасынан Кеңес Армиясы қатарына шақырылады да, одан 1954 жылдың күзінде запасқа шығады. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1954– 1955 оқу жылында Алматы қаласының № 24 кешкі жастар мектебінде 10 сыныпты бітірісімен С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиет бөліміне (сырттай) түсіп, оны 1961 жылы бітіріп шығады және осы уақытта ол республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып істеген.
• Оның баспа бетін тұңғыш көрген «Баян» атты әңгімесі «Әдебиет және искусство» ( «Жұлдыз» ) журналына 1954 жылдың ақпан айындағы санында жарияланған. Ертіс – Қарағанды каналының жобасымен танысып, 1961 жылы болашақ су жолы жүретін жерлермен 500 километр жаяу сапар шегіп, «Арман арнасымен» атты күнделік кітабын жазады. Жазушы құрылыс басынан он екі жыл бойы шықпай «По руслу мечты» , «Подвиг в степи» , «На стыке времени» , «Сұңқар самғауы» атты кітаптар, жүзден астам проблемалық очерктер мен мақалалар жазады. • Қ. Исабаев қазақтан шыққан алғашқы революционер әйел Айқыз, чекист Серікқали Жақыпов, Екібастұз көмірін ашушы, халық геологы Қосым Пішенбаев жөнінде жеке-жеке кітап жазды. • Драматургия саласында «Десант» атты комедиясы Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің 1984 жылғы конкурсында жүлдеге ие болған.
• 1979– 1980 жылдары Қ. Исабаев Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін мәрмәр тасқа қашатып, Гетенің ГДР-дегі Габелбах музейіне қойған және осы сөзге жазылған Абай әнінің магнитофон таспасын тапсырған. ГДР газеттері Тюрингияда шырқалған Абай әнін жыл сайын 60 мыңдай адамның тыңдайтынын жазды. • Қ. Исабаев 1956 жылдан КПСС мүшесі. Қазір шығармашылық жұмыста. • Қ. Исабаев 1945 жылы «Қызыл Жұлдыз» , 1975 жылы «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, 1983 жылы ГДР-дің Герман – Совет достығы қоғамының алтын белгісі және көптеген медальдарымен марапатталған.
Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында
1941-45 65 год.ppt